Дуалды оқыту жүйесі қазіргі дүние жүзілік тәжірибеде бар дүние

Скачать

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы.
Ағылшын тілі пәні мұғалімі Саматова Гүлзада

Оқытуға дуалдық жүйені енгізу тәжірибесінің қазіргі таңдағы нәтижесі.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Халқы Ассамблеясында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқу үрдісіне дуальдық оқыту жүйесін ендіруді қолға алуды тапсырған болатын. 2014 жыл 17 қаңтардағы Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ атты Жолдауында таяудағы 2 - 3 жылда дуалдьдык, техникалық және кәсіптік білім берудің ұлттық жүйесінің негізін қалыптастыруа керектігін басып айтты.

Дуалды оқыту жүйесі дегеніміз - теорияны өндіріспен ұштастыра оқыту технологиясы. Ол алғаш Германияда пайда болып, негізі қаланды. Дуалды оқыту жүйесінің кәсіби мамандар даярлауда тиімділігі мен нәтижелілігі зор екендігі тәжірибеде дәлелденген. Дуалды оқыту жүйесі қазіргі дүние жүзілік тәжірибеде бар дүние. Оның жарқын мысалдарының бірі - Германиядағы кәсіптік - техникалық білім берудегі даярлаудың дуалдық жүйесі. Мұнда оқушылар уақытының үштен екі бөлігінде еңбек ете жүріп өндірістен қол үзбей оқиды, тек уақытының үшінші бөлігін теориялық оқуға, білімді ұйымдастыруға арнайды. Дуалды оқыту жүйесінің негізгі мақсаты – техникалық – кәсіптік оқу орындарының жұмыс беруші жеке сектордағы өндіріс, шаруашылық мекемелерімен серіктестік ретінде бірлесе отырып, нарық заманында бәсекелестікке төтеп бере алатын, жаңа инновациялық - технологиялық бағдарламаларды меңгеруге дайын жұмысшы мамандар даярлау. Қазіргі кезде әлемде оқытудың дуалды жүйесі - техникалық және кәсіптік мамандар даярлаудың ең тиімді жолдарының бірі болып табылады. Нақты өндіріс жағдайларына бейімделген, жұмыс орнында дағды мен білімді тікелей игеруге бағытталған, практикалық сағаттардың оқыту бағдарламасына барынша үйлесіммен біріктірілетін білікті мамандарды дайындау қазіргі кезде білім берудің дуалды жүйесі деген атпен белгілі. Бүгінгі таңда еңбек нарығында жоғары білікті мамандар тапшылығы ерекше орын алуда. Қалыптасқан жағдайдың негізгі себепшісі білім беру үрдісін ұйымдастыру және жүйедегі мәселелер, яғни жас маманның бойынан табылуға тиісті тәжірибелік дағды, білім мен тәжірибені талап ететін нақты өндірістік жағдайлардан теориялық білім берудің алшақтап кетуі болып табылады. Қалыптасқан жағдайда теория мен практиканың арасындағы алшақтықты жою мәселесімен жұмыс берушіге күресуге тура келеді, себебі білікті мамандармен қамтамасыз ету – бұл жетістікке қол жеткізудің кепілі. Мұндай жағдайда жас мамандардың оқу үрдісінде алған білімдерін жүзеге асыру жоспарланатын кәсіпорын қызметінің ерекшелігін ескере отырып, қосымша оқу, тәжірибеден өту, қайта даярлау қажеттілігі туындайды.
2012 - 2013 оқу жылынан бастап облыстық білім басқармасының бұйрығымен Маңғыстау туризм колледжінің қонақ үй шаруашылығын ұйымдастыру мамандығы бойынша дуалдық білім беру жүйесі тәжірибе ретінде енгізілді. Осы мамандықтар бойынша студенттер тәжірибе өтетін негізгі өндірістік орындар – Caspian Riviera және Renaissance қонақ үйлері. Дуалдық білім беру жүйесі бойынша Өндіріс - колледж - білім алушы арасында үш жақты келісім шарт жасалынды. Студенттердің сапалы білім алып, сол білімдерін тәжірибе барысында тиімді пайдаланып, нәтижелі жұмыс атқарулары үшін колледждің материалдық базасы жан - жақты қамтылған болуы шарт. Маңғыстау туризм колледжінде оқу тәжірибесі барысында студенттердің білім алуы үшін қонақ үй бөлмелері, мейрамхана және ас үйі бар. Осы материалдық базалардың барлығы қажетті құрал - жабдықтармен қамтамасыз етілген. Осы арқылы студенттер колледж қабырғасынын теориялық білім алып, тәжірибе барысында сол білімдерін шыңдай түседі. Дуалдық білім беру жүйесі енгізілген топтардың білім және үлгерім сапаларын қарар болсақ, жылдан - жылға сапа артуда. Оны келесі кестеден көре аламыз:

Өндірістік тәжірибе аяқталған соң студенттер квалификациялық емтиханнан өтеді. Емтихан қабылдауға колледж оқытушыларымен қатар қонақ үй қызметкерлері де шақырылады. Атап өтетін тағы бір жәйт, дипломалды тәжірибе аяқталған соң, студенттер тәжірибе өткен өндіріс орнында жұмыс жасауға мүмкіндік алады. Мысалға айта кетсек, Caspian Riviera қонақ үйінің директорымен алдағы уақытта колледж түлектерін жұмысқа қабылдау туралы келіссөздер жүргізілді.
Дуальдық оқыту жүйесінің түпкі мақсаты - жас ұрпақты болашақ өмірге толық дайындау. Жақсы дайындықтан өткен студент өзін шығармашылық немесе тағы да басқа жақтарынан көрсете отырып, интеллектуалды немесе жұмысшы мамандығына жататын еңбекпен айналысып, өз таңдауымен өмір сүретін қоғамның белгілі бір бөлігін құрайтын болады.

Толық нұсқасын жүктеу


Скачать


zharar.kz