Ұлы жеңіс

Скачать

Қаһарлы күндердегі қаһарман елдің ұлдары
(Жеңістің 70 жылдық мерекесі)
1 жүргізуші: Қырандай қайсар қанатымен көк кескен
Өзіңді қорғап от жүректерін оқ тескен
Әлия, Мәншүк, Бауыржан болып бұл дала
Өліспей жауға беріспеу үшін беттескен

2 жүргізуші: Төлеген, Мәлік, Ақәділ
Дұшпанға оқ боп атылып
Жасады ерлік және бір
Сүйікті Сәду Шәкіров

1 жүргізуші: Батырлар тізе бүкпеді
Қасқая қарсы тұрды олар
Дубосекова жанында
Мәңгілік тұрып қалды олар.

Музыкалық сәлемдеме ___________

Көрініс: Бір топ жауынгер сахнаның бір жағынан екінші жағына жермен жылжып келеді. (қолдарында автомат, бастарында каска, үстерінде накидка плащ) Қараңғылық... прожектор жарқылдап тұрады.

1 жүргізуші: Ұлы жеңіс! Бұл күн 1941 жылдың қараша айында Москва үшін шайқасқан ерлер үшін әлі де 1400 күнде созылды.
Олар 28 еді. Бір қадам да артқа шегінбей жаудың бетін қайтарған 28 дің 4 - еуі қазақ еді. Оның ішінде аса бір мақтанышпен айтатын жерлестеріміз генерал Панфилов пен Бауыржан атамыздың ерлігі алтын әріппен жазылып қалды емес пе?

2 жүргізуші: Жеңіс күні. Ленинград қаласын қорғаған ерлер үшін бұл күн блокадалық 900 күн еді.

1 жүргізуші: Иә, жеңіс күні! Осы бір қасиетті сөзді жақындатуда Қазақстаннан 11 мәдени бригада өз үлестерін қосқан еді. Олар Манарбек Ержанов, Күләш Байсейтова, Үрия Тұрдықұлова, Жамал Омарова, Роза Бағланова.

Көрініс: Торғай шығылы естіліп тұрады, тілсім тыныштық сахна төрінде солдаттар демалысы бейнеленеді. Бірі жараларын таңып жатыр, бірі хат жазып отыр, сахна шетіне үгіт бригадасы шығады. Әндер айтылады: 1 шумақтан попури мысалы: Дороги смугляночка , Катюша , Темная ночь , Жас қазақ т. б. бір шумақтан бәрі қол соғып, ысқырым айтады. Соғыс үні, солдаттар тұрып аттанады, ән үзіледі.


Скачать


zharar.kz