Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Қазалы ауылы
№100 мектептің химия пәні мұғалімі
Нұрмашева Жазық Әлімбетқызы
Тақырыбы: Адамгершілік-асыл қасиет
Мақсаты: Оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды т.б. адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету.
Адамның асыл қасиеттерінің бірі-әділдік, турашылдық, шыншылдық.
Әділдік шын мәнінде адамның іс-әрекетінің нормасы болу керек. Бұл - өмірдің қажеттілігі. Бұл қасиеттер-әрбір адамға тән, Жақсы өмір сүрудің шарты.
Арғымаққа міндім деп,
Артқы топтан адаспа,
Күнінде өзім болдым деп,
Кең пейілге таласпа.
Артық үшін айтысып,
Достарыңмен сынаспа.
Ғылым жұрттан асты деп,
Кеңессіз сөз бастама.
Жеңемін деп біреуді
Өтірік сөзбен қостама.
Адамның асыл қасиеттерінің бірі - әділдік, турашылдық, шыншылдық.
Әділдік шын мәнінде адамның іс - әрекетінің нормасы болу керек.
Бұл - өмірдің қажеттілігі.
Бұл қасиеттер - әрбір адамға тән, жақсы өмір сүрудің шарты.
Адамда асыл қасиеттермен қатар жағымсыз қасиеттер де болады. Олар – жалқаулық,
өзімшілдік, күншілдік, сараңдық, пайдакүнемдік, қорқақтық, менмендік, мақтаншақтық,
қулық, екіжүзділік, жарамсақтық, қатыгездік, ашу, ызақорлық т. б.
Өзіңе көмектескен, керек затыңды берген,
сыйлық тапсырған адамға және жолдасыңа “рахмет”айт.
- тамақ ішіп болған соң “рахмет” айт.
- біреу өзіңе “рахмет” айтса, “жақсы” деп жауап бер.
- телефонға біреуді шақырғанда “рұқсат болса” дегенді ұмытпа.
- байқаусызда біреуді қағып кетсең “кешіріңіз” деу керек.
- сыныпқа кешігіп келсең, мұғалімнен рұқсат сұра т. б.
Абайдың “Он төртінші қара сөзін айту” немесе “Ғылым таппай мақтанба” өлеңін оқу.
Адамгершілікке байланысты Мұхаммед пайғамбар хадистері, нақыл сөздер
“Адамның ішінде болмайды аласы,
Оларды бұзатын нәпсінің таласы”.
(Шәкәрім)
”Үш - ақ нәрсе – адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек”
(Абай)
Абай “Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар, сонан қашпақ керек” деп үйретеді. “Әуелі – надандық, екіншісі - еріншектік, үшіншісі – залымдық. Надандық – білім, ғылымының жоқтығы, дүниеден ешнәрсені оларсыз біліп болмайды. Білімсіздік – хайуандық болады. Еріншектік - күллі дүниедегі өнердің дұшпаны, талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық - бәрі осындан келіп шығады.
Залымдық – адам баласының дұшпаны. Адам баласына дұшпанболса, адамнан бөлінеді”деп ғалымға, білімге шақырып, оған жат нәрселерден бойын аулақ ұстау керектігін айтады.
“Өтіріктің балын жалап тірі жүргенше, шындықтың уын ішіп өлген артық”. (Б. Момышұлы)
Ана айтты бір өсиет баласына,
Бір жолдың шығарып сап саласына:
- Ей, балам, шамаң келсе жақсылық ек,
Ақ пейіл адамзаттың арасына.
Егер де жол үстінде тікен жатса,
Кірер деп аяғына біреу басса,
Ерінбай - ақ иіліп қолыңменен
Сол тікенді көтеріп алып таста.
Бұл еңбегің қалмас - ты босқа, бекер,
Соны көрген соңғы жас солай етер.
Жақсы үлгіні жалпы жұрт дәстүр жасап,
Жол тазартып, жолаушы жолдан өтер.
1 - түсі. Әр күнді жақсы ойлар ойлаумен бастаңдар.
2 - түсі. Күні бойы өзіңді қоршаған адамдардың бәрі туралы тек сүйіспеншілікке және ізгілікпен ойлап жүр.
3 - түсі. Ұйықтар алдында бүгін қанша адамды қуантқаныңды, жұбатқаныңды, күлдіргеніңді еске түсіру үшін бірнеше минут арнап көр.
4 - түсі. Әнді жиірек тыңдағаның дұрыс, бәрінен жақсысы жаныңды жадыратып, рахатқа бөленесің.
5 - түсі. Басқалардың қажетіне жарай білуге талпын.
6 - түсі. Тыныштық сақтай білуге үйрен. Нәзік үнмен биязы сөйлеуге дағдылан.
7 - түсі. “Жақсылыққа жақсылық - әр кісінің ісі, ал жамандыққа жақсылық - ер кісінің ісі” деген сөз жаныңда жүрсін.
Слайдты жүктеу