Мұқағали Мақатаев
Жапырақтар түсіп жатыр,
Түсіп жатыр...
Неліктен?!
Айрылып бара жатыр ағаш біткен көріктен.
Көргенсіз де,
Жүгенсіз де,
Күздің бұзық бораны,
Бала - бақтың, дала - қарттың,
Шашын түтіп желіккен.
Жапырақтар ұшып жатыр,
Түсіп жатыр,
Аяулы - ақ...
Емін - еркін тапап келем,
Кешіп келем жаяулап.
Сыйдым - сыйдым бұтақтары.
Жебесіндей садақтың,
Мені көздеп тұр ма деймін,
Тұнжыраған ояу - бақ...
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2