Халықаралық табиғатты қорғау және табиғат ресурстары ұйымы

Скачать

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы.
Х. Досмұхамедұлы атындағы орта мектебінің
география пәні мұғалімі Нұрмұханова Қарылғаш Бақтиярқызы

Сабақтың тақырыбы: Табиғат кешендерін қорғау

Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Табиғат кешендерін қорғау қажеттілігін негізге ала отырып экологиялық білімін бекіту, тереңдету;
Тәрбиелік: Оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге, өзара тексеруге, ұйымшылдыққа, белсенділікке, жауапкершілікке тәрбиелеу. Эстетикалық тәрбие беру, экологиялық сауаттылыққа баулу;
Дамытушылық: Жаңа технологияны меңгерту және қосымша тапсырмалар беру негізінде, логикалық ой-өрісті дамыту, білім деңгейін тереңдету, техникалық құралдар арқылы қызығушылығын арттыру;

Сабақтың типі: Қайталау сабақ
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес. Сайыс сабағы
Сабақ әдісі: Сұрақ-жауап, топтастыру әдісі, терминдер
Экологиялық есептер шығару, картамен жұмыс, географиялық диктант, сөзжұмбақ.
Көрнекілігі: Оқулық, жарты шарлар картасы, марапаттаулар, интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс: география, экология, математика, жаратылыстану

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Сабақ мақсатын жүзеге асыру үшін сыныпты үш топқа бөлеміз.
1топ - Жасыл желек
2топ - Самал жел
3топ - Мөлдір бұлақ

Әр топтың топ басшылары болады. Олар оқушылардың білімін бағалайды.
1-тапсырма Кім көп біледі?
2- тапсырма Экологиялық есеп сайысы
3- тапсырма Тез жауап
4- тапсырма Картамен саяхат
5- тапсырма Бұл не?
6- тапсырма Білгір географ

ІІІ. Қорытындылау
ІV. Бағалау. Марапаттау
V. Үйге тапсырма

І. Ұйымдастыру.
Оқушылармен сәлемдесу. Оқу-құрал жабдықтарын қадағалай отырып, түгендеу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

1-тапсырма. Оқушылардың назарын үй тапсырмасына аударамын да, төменгі сұрақтарды қоямын:
1. Табиғат кешені дегеніміз не?
2. Жер шарындағы ең үлкен табиғат кешені?
3. Адам жер беті табиғат кешендерінің жалпы көлемінің қанша пайызын игерген?
4. Адамдардың шаруашылық әрекетінен табиғаттың өзгеруін неден байқауға болады?
5. Үлкен қалалардың шоғырлануы табиғи ортаға қандай әсерін тигізді?
6. Жер шарындағы адам санының күрт көбею неге әкеп соқты?
7. Табиғи жүйенің түпкілікті өзгеруінен қандай проблемалар туындауы мүмкін?
8. Өз жеріңде табиғат кешендерінің өзгеруі байқала ма?

2- тапсырма. Экологиялық есеп сайысы
1. Шошқа өсіретін кешендерден тәулігіне 350метр куб лас заттар өзенге құйылады. Жылына қанша мөлшерде өзендерге лас зат құйылады?
Шешуі: 365*350=127 750м(куб)
2. Бір автомобиль тәулігіне 20кг газ бөліп шығарса, 6 автомобиль 1айда қанша газ бөліп шығарады?
Шешуі: 6*20=120; 120*30=3 600(кг)
3. Әр адам 1жылда 3 ағаштан жасалған қағазды пайдаланады. 1жылда 5 адамнан тұратын отбасына қанша қағаз керек?
Шешуі:3*5=15(ағаш)

3- тапсырма. Тез жауап Оқушылар иә немесе жоқ арқылы жауап береді.
1. Табиғат кешендерін мүлде тиіспей, алғашқы қалпында сақтауға бола ма? (жоқ)
2. Планета халқының 1 3 бөлігіне су жетіспейді ме? (иә)
3. Табиғат кешендерінің өзгерісі адам әрекетінен болды ма?(иә)
4. Табиғатты қорғау – күнделікті жай проблемаға жатады ма? (жоқ)
5. Қоршаған ортаны қорғау біздің заңымызда қаралған ба?(иә)
6. Атмосфераның жылынуы біздің Қазақстанға тән құбылыс па? (жоқ)

4- тапсырма. Картамен саяхат
1. Теңіздің су айдыны 2 3-ге қысқарды. Судың тұздылығы 2, 5 еседей артуы салдарынан балық түрлері жойылуда. Табиғи ортаның жағымсыз өзгерісі халық шаруашылығына зиянын мықтап тигізуде. Кеме қатынасы, балық аулау мүлде тоқтатылды. Бұл қай жер туралы айтылып отыр, картадан көрсет.
2. Адам қоныстанбаған уақытта қалың ну орман болатын. Кейін португал теңізшілер ешкі әкеліп, тастап кеткен. Кейін 200жыл өткен соң олжер құр шөлге айналған. Бұл әңгіме қай жер туралы, картадан тап.
3. Осы өңірде жарылған 500-ге жуық...сойқаны, адамдарды ақырзаман індетіне шалдықтырып, Жер-Ананы осьінен тайдырып жібере жаздады. Улы тозаң мен аждаһа ошағы жарты әлемді ойрандап, Орта Азияны тозаңға тұншықтырды. Өйткені, осы жердің маңындағы қазақтардың көбі, дәрігерлердің өзі анықтай алмайтын аурулардан қырылғаны белгілі. Осы аймақта тұратын 1,5 миллионға жуық адам жазылмайтын дертке шалдығып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын кеселге душар болғаны жасырын емес. Бұл қай жер? Картадан тап.

5- тапсырма. Бұл не?
ХТҚО- Халықаралық табиғатты және табиғи қорларды қорғау одағы. (125елден 800адам мүше)
ХЭЭҚ- Халықаралық экологиялық экономика қоғамы. (49 елден 500 мүше)
ВВФ - Ғаламшар тоғайларын қорғаудың халықаралық интернационалды жастар қоры; Даниядағы жастардың жасылдар қозғалысы
Гринпис ( Жасыл әлем ) - Бүкіл дүниежүзілік табиғат қорғау ұйымы. 1970 жылы құрылған. 17 мемлекетте топтары бар, 2,5 млн адам мүше
МСОП - Халықаралық табиғатты қорғау және табиғат ресурстары ұйымы.
ВФОП - Бүкіл дүниежүзілік табиғатты қорғау қоры. (ДЖ фауна мен экожүйені сақтау проблемасымен айналысады; халықаралық жастар курсын, лагерлер мен табиғат қорғау клубтарын және т. б. шараларды ұйымдастырады)

6- тапсырма. Білгір географ

Экология - адамның табиғатқа әсерін зерттейтін ғылым.
Эколог - табиғаттың ластануын зерттейтін адам.
Экология түрлері - адам экологиясы, ауа экологиясы, су экологиясы, топырақ экологиясы.

ІІІ. Қорытындылау. Топтастыру әдісі бойынша
Оқушылармен бірігіп мынадай қорытынды жасаймын.
1. Өндіріс орындарында біртіндеп тазалаушы қондырғыларды орнату.
2. Зияны аз деген отын түрлерін пайдалану.
3. Қалдықсыз технологияға көшу.
4. Табиғи байлықты тиімді пайдалану.
5. Флора мен фаунаның жойылып кетуінен сақтайтын іс-шараларды жедел түрде ұйымдастыру.
6. Ағаштар егу.
7. Табиғат тазалығын сақтау.

СӨЗЖҰМБАҚ СҰРАҚТАРЫ:
1. Қоршаған орта туралы ғылым
2. Жердің су қабаты
3. Атмосфераны негізгі ластаушы көздер
4. Семей полигонын да қандай сынақтар жүргізілді
5. Жердің ауа қабаты
6. Зауыттардан, автокөліктерден шығатын зиянды зат
1) Экология, 2) Гидросфера, 3)Автомобил, 4)Ядролық, 5)Атмосфера, 6) Түтін

ІV. Бағалау. Марапаттау. Әр топтың ұпай санын шығарып, бағалау. Топтағы белсенділік көрсеткен топты атап, марапаттау.
V. Үйге тапсырма. Елім бай болсын десең, жеріңнің бабын тап немесе Табиғат кешендерін қорғау тақырыбына мәнжазба жазу.


Скачать


zharar.kz