Байқоңыр қаласы К. Э. Циолковский атындағы 2 жалпы білім беретін орта мектебінің 8 А сынып оқушысы Абсалықова ГүлнұрҰстазы Жакупова Алмагуль Байдуллаевна Өмір туралы пікірӘр адам өз өмірінің бақытты болуын арман етеді

Скачать

Байқоңыр қаласы
К.Э.Циолковский атындағы
№2 жалпы білім беретін орта мектебінің
8 А сынып оқушысы
Абсалықова Гүлнұр
Ұстазы Жакупова Алмагуль Байдуллаевна

Өмір туралы пікір
Әр адам өз өмірінің бақытты болуын арман етеді. Ол үшін алдына мақсат қойып, көптеген игілікті істерді жүзеге асыруға ұмтылады. Ондай адамның жүрегін ризашылық сезімі билеп, жаны рахатқа бөленеді. Сол себепті де арман-тілегі орындалған адамның бойында өмірге деген құштарлық пен сүйіспеншілік мол болады. Әр ісінің нәтижесіне қуана білген адамның бағы арта түседі. Бағы жанған адам таусылмас дәулетке, зор байлыққа кеңеліп, сәнді де мәнді ғұмыр кешеді. Бақытты болу әркімнің өзіне байланысты. Өз өмірін аялап, барды қанағат тұтқан адамның құшағы бақытқа толады.


Скачать


zharar.kz