Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, Шабар ауылы,
Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектептің мұғалімі
Тиштенова Мадина Танатовна
Сабақ тақырыбы: VB ортасында дыбыс пен графиканы программалау.
Мақсаты:
1. Оқушыларға VB ортасында дыбыс пен графиканы программалауды, мультимедиялық программаларды дайындау технологиясын үйрету.
2. Осы технологиялармен жоба құру дағдыларын дамыту;
3. Эстетикалық талғампаздыққа және қоғам мүлкін ұқыпты пайдалануға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас
Әдіс - тәсілдері: иллюстративті баяндау, практикум
Көрнекілігі: презентация PowerPoint, карточка, VB программа ортасы
Сабақ технологиясы: деңгейдік оқыту
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі (3 мин) - Оқушылармен амандасу, түгендеу. Назарларын жаңа сабаққа аудару.
ІІ. Өткен тақырыпты еске түсіруде техникалық диктант алу (5 мин)
1. Visual Basic - тің негізгі объектісінің бір – ____________. Ол әр түрлі басқару элементтері орналасқан қолданбалардың болашақ терезесі деп айтуға болады.
Жауабы: пішін.
2. ___________ дегеніміз объектінің сипаттамаларын (өлшемі, түсі, экрандағы жағдайын, белгілейтін объект атрибуты.
Жауап: Қасиет
3. _____________ дегеніміз объектімен жасалатын әрекеттерді айтады. Мысалы тышқанды шерту, пернені басу.
Жауабы: Оқиға
4. Графикалық әдістер
____________________________________________
_____________________________
_____________________________
_____________________________
Жауап:
Cls – пішінді фон түсімен, яғни BackColor қасиетімен берілген түспен бояп, тазалайды
Circle – берілген түспен шеңбер, эллипс немесе доғаның суретін салады.
Line – сызықтар салу
Print – мәтінді шығарады
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңі (5 - 7 мин).
1. Ой қозғау:
Мультимедия
2. Презентация көрсету.
IV. Қорытындылау: Практикалық жұмыстарды орындау.
1 - Практикалық жұмыс (5 мин): MM Control басқару элементтерін пайдалану.
А) Дыбыстық файлдарды ойнататын бағдарлама құрамыз. Пішінге мына элементтерді орналастырамыз.