Үй туралы мақал - мәтелдер
Туған үйдің түтіні жылы,
Туған ананың күтімі жылы.
Түздегі май ішеді,
Үйдегі зәр ішеді.
Түтін шыққан үй жылы,
Төскейлей шыққан күн жылы.
Үй баласымен базарлы,
қонағымен ажарлы.
Үй болған соң: белбау да керек, желбау да керек.
Үй болған соң шыны - аяқ сылдырламай тұрмайды.
Үйге келгенде үйдей өкпеңді айтпа.
Үйге кірген жыланды да басына ақ құйып шығарады.
Үйге ұт кірді — егіншінің көкейіне құт кірді.
"Үйде — атан, түзде — бурамын".