Керқұла атты Кендебай ертегісін оқыту

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Керқұла атты Кендебай ертегісін оқыту
Жалпы мақсаты: Ертегінің мазмұнын меңгерте отырып, оның негізіндегі идеяны түсіндіру. Оқушылардың ой қорыту. пікір айту, өз беттерімен ертегіні талдау, сын тұрғысынан ойлау дағдыларын жетілдіру.
Табыс критерийлері: 1. Ертегінің мазмұнын білу, баяндау
• мазмұнын толық біледі, кез келген эпизодты жүйелі мазмұндайды. Сөз қоры жеткілікті, тілі шұрайлы(3 ұпай)
• мазмұнын біледі, бірақ эпизодтар толық емес, мұғалімнің, сыныптастарының көмегі қажет.(2 ұпай) Баяндауында сөз жұтаңдығы байқалады.
• мазмұнын үстірт қана біледі. Оқиғалардың басын білгенімен соңын ұмытқан. Баяндауы түсініксіз.(1 ұпай)
2. Ертегіге жоспар құру
• эпизодтарды нақты әрі жүйелі тізбектеген(3 ұпай)
• жоспар бар, бірақ шұбалыңқы, артық жазбалары бар (2 ұпай)
• жоспар бар, бірақ эпизодтар ретсіз, аяқталмаған (1 ұпай)
3. Ертегінің идеясын түсіну
• негізгі ойды бірден айқын, жылдам түсініп, еркін жеткізе алды.(3 ұпай)
• ойына сенімсіздеу, мұғалімнің, сыныптастарының қолдауы қажет (2 ұпай)
• ертегінің идеясын мүлде түсінбеген.
• (0 ұпай)
8 - 9 ұпай - "5"
6 - 7 ұпай - "4"
4 - 5 ұпай - "3"
0 - 3 ұпай - "2"

Күтілетін нәтиже: Ертегіні оқи отырып көркем шығармаларды оқуға ынтасы артады. Ертегінің идеясы арқылы ізгі қасиеттерді үйренеді. Топтық жұмысқа дағдыланады.
Керекті жабдықтар
Оқулық, ватман, желім, маркерлер.

Кіріспе

1. Ұйымдастыру
2. Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Жоғары, төмен қарайық,
Оңды, солды бақылап,
Бір отырып, бір тұрып,
Орнымызды табайық.

3. Ертегі кейіпкерлерінің суреттерімен топқа бөледі, топ басшыларын тағайындайды.

4. Топтарға бағалау парағын таратады.
5. Үй тапсырмасын тексереді

Негізгі бөлім
30 мин.

- Сонымен, балалар, біз ертегінің мазмұнын білеміз. Ал, енді қазір әр топ Кендебай мен Керқұла атқа қатысты ойларыңды "3 сөйлем" әдісімен жазып шығыңдар
1. пікір 2. дәлел 3. қорытынды Сонда, алты сөйлем ғана жазу керек.

2 - тапсырма:"Микрофон"
бұл ертегі ертегілердің қай түріне жатады? Неге?
- ертегі арқылы халық нені айтқысы келді?
- саған Кендебайдың мінездері, іс - әрекеттері ұнайды?
- қалай ойлайсың Керқұла ат болмаса Кендебай Мерген батырды құтқара алар ма еді?
- Халық неге Керқұла атқа тіл бітіріп қойған?
- ертегідегі хандардың қайсысы әділетсіз деп ойлайсың?
- жетім баланың ертегідегі орны қандай? Ол Кендебайдың қай қырын ашуға қажет болды деп ойлайсың?

3 - тапсырма"Бірге ойлаймыз"
- Қазір сендерге Керқұла атына мініп Кендебай батыр келеді. Олар жеткенше сендер өзара ақылдасып, батырды қалай қарсы алу керектігін ойластырыңдар. Сондай - ақ, Керқұла мен Кендебайдан үш тілек тілеулеріңе болады. Сол арман - тілектеріңді жазып қойыңдар.

Керқұла атты Кендебай ертегісін оқыту. жүктеу


Скачать


zharar.kz