Балалар кім келді бізге

Скачать

Балалардың денсаулықтарын нығайту, қан айналымдарының дұрыс жұмыс жасауына ықпал ету. Ертегі кейіпкерлерімен тілдесе білуге, сене білуге тәрбиелеу. Таза ауаның қасиетін ұғындыру.
Қолданылған әдіс тәсілдер: Сұрақ жауап, қимылдар жасату, көрсету, ойнату, әңгімелеп үйрету.
Бәйтерек топ балалар жеңіл киініп, далаға шыға бере көк бағытты көреді.

Жүргізуші: Балалар! Сендер ертеңгісін осыны көрдіңдер ме?
Мен көрген жоқпын. Жүріңдер бәріміз осы ізбенен барып көрейік.
Қандай үлкен төмпешік.
- Мұның ішінде не бар екен? Көрейік, ішінен шана тауып алады. Бұл шанамен балалар біз жарысып ойнаймыз.

ШАНАМЕН ЖАРЫС
(2 бала 2 баланы шанамен сүйреп көшелердің арасымен айналып тез сүйреп келу керек)
Жүргізуші: Әрі қарай жүрейік, үйшік көрінеді. Мұнда кім тұрады екен?
(түлкі шығады)
Түлкі: Сәлеметсіздер ме, Сендер неғып жүрсіңдер, балалар?
Балалар: Ойнап жүрміз, түлкішек.
Түлкі: Мен сендерді ойынға шақырамын. Мен сендерге әдемі қимылмен ойын ойнатамын, соны қане бәріміз бірге жасайықшы!
Ойын түлкішек
Түлкі: Ойын ұнады ма? Рахмет сендерге. Маған жолығып, көңілімді көтеріп кеттіңдер. Сау болыңдар!
Балалар: Сау болыңыз, түлкішек.
Жүргізуші: Ал, балалар тағы да жүрейік. Біздер орман ішіне кіріп кеттік. Алдымызда тағы бір үйшік, мұнда кім тұрады? Ау - у кім бар?
Балалар: Ау - у, Кім бар үйде?
Мыстан кемпір: (Тығылып қалып, әуенмен айқайлап шығады)
- А - а қорқып кеттіңдер ме? Неғып жүрген балаларсыңдар, өздерің қорықпайсыңдар ма?
Жүргізуші: Жоқ, балалар сенен қорықпайды. Біздер таза ауада ойнап жүрміз. Денемізді шынықтырып жүрміз.
Мыстан кемпір: Не керек жаттығу жасап, мен пештің үстінде жатқанды жақсы көремін, бірақ ойнағанды да ұнатамын. Мен сендерге бір тапсырма беремін, орындайсыңдар ма?
Балалар: Орындаймыз.
Мыстан кемпір: Ал, ендеше мына тақтайдағы суреттегі белгіге қарды дәл тигізу керек. Көрейін сендердің шапшаң, мергендіктеріңді.
(2 бала шығару)

ОЙЫН: БАҒАНАҒА ДӘЛ ТИГІЗУ (Қарды)
Мыстан кемпір: Өздерің күшті екенсіңдер, ал енді жарысып көрейік.
ОЙЫН; ДОППЕН ЖАРЫС
2 колоннаға бөліну керек
(3 құрсаудан секіру, кеглиді айналамыз, 2 доғаның астымен өтіп тез жүгіріп келу)
Жүргізуші: Қалай мыстан кемпір балалар ойыны ұнады ма, жақсы ойнайды екенсіңдер.
Мыстан кемпір: Шаршап қалдым, барып жатып демалайын, рахмет сендерге, енді денемді күнде шынықтыратын боламын. Сау болыңдар.
(үйіне кіріп кетеді)
Жүргізуші: Жарысымызды әрі қарай жалғастырамыз. Қане барлығымыз билеп, қимылдар жасап жылынайық.
Би: ӨЗ ЕРІКТЕРІМЕН

- Төмпешік қар сатында қар адам тығылып қалады, басында шелек көрінеді.
Жүргізуші: Қараңдаршы балалар шелек тұр, кім дәл тигізеді екен.
(Дәл тигізген кезде артынан қар адамы, билеп шығады)

- Балалар кім келді бізге?
Қар адам: Амансыңдар ма, балалар!
Мені оятып жібердіңдер
Өздерің не істеп жүрсіңдер?
Балалар: Дем алып, таза ауада ойнап жүрміз.
Қар адам: Мен де сендермен ойын ойнаймын, кім тез домалақ үлкен қарды жасайды екен.

ОЙЫН; ҚАРДЫ ДОМАЛАТУ
Қар адам: Өздерің шапшаң екенсіңдер, ал енді осы қарды 2 - ге бөліп қояйық. Ойын мына 2 құрсауды жүгіріп әркім өз колоннасын жинап алу керек, жүгіріп мына қарды айналып.
ОЙЫН: ӨЗ КОМАНДАҢДЫ ҚҰРСАУ ІШІНЕ ЖИНАП АЛ
Жүргізуші: Біз ортаға қар адамын алып би билейміз.
БИ: ҮЙРЕКТЕР

Қар адам: Рахмет қандай көңілді балалар, денелерің шынығып, мықты шымыр болып өсіңдер, ауырмаңдар.
Мынау сендерге менен сыйлық, дәмді құймақ.
Жүргізуші:
- Осымен дене шынықтыру мерекесіне арналған сағатымыз аяқталды.
- Сендерге мереке ұнады ма, балалар?
- Қандай ертегі кейіпкерлерін көрдіңдер?


Скачать


zharar.kz