Б. Әбдіразақов атындағы №88 орта мектептің жанынан ұйымдастырылған
Сырлы саз өнер үйірмесінің ұйымдастыруымен өтетін Туған жерім - думанды елім атты Айгөлек ән - би байқауының сценарийі
Н. Тілендиев Ата толғауы күйімен би орындалады. Шашу шашылады.
(Артында видео көрсетіледі. Туған жер, Қазақстан, дәстүр мен салт туралы)
Бастаушылар ортаға Айгөлек байқауының әнұраны музыкасының фонында шығады.
1 - ж: Нәр алған ғұрып, өнерден
Жаралған тұнық өнерден
Армысыз ағай, апайлар
Армысыз барша көрермен!! (Хормен)
2 - ж: Құралған ән мен жырлардан
Арманы асқақ нұрлы арман
Өнерді көкке көтерген
Сәлем! Сізге тыңдарман! (Хормен)
1 - ж: Сұлулық, сымбат сыры бар
Өнердің өлмес нұры бар
Бабамнан қалған бақ - мұра
Қазақтың ән мен жыры бар
2 - ж: Өнердің қымбат сыйы бар
Керегін таңдап қиып ал
Бабамнан қалған тақ мұра
Қазақтың күй мен биі бар
1 - ж: Халқымда саңлақ сана бар
Солардан шыққан даналар
Ән салып, би билейтін
Өнерлі біздің балалар!
2 - ж: Бақытты біздің бүлдіршін
Өнерін бүгін білдірсін
Қиялға қанат бітіріп
Көңілге ән мен жыр кірсін!
1 - ж: Десеңіз өссін бой - зерек
Көңілге көркем ой керек
Өнерлі бала өсетін
Осындай байқау Айгөлек (хормен)
2 - ж: Шаттанар думан дөңгелеп
Болады бүгін той бөлек
Өнерлі бала өсетін
Керемет байқау - АЙГӨЛЕК (хормен)
1 - ж: Армысыздар қадірлі қонақтар, ардақты ағайлар мен апайлар!
2 - ж: Саламатсыздар ма, құрметті оқушылар, көрермен қауым!
1 - ж: Ия, бүгін біздің бәрімізде тағы да үлкен мерекелік көңіл күй бар. Өткен аптадағы Қазақстан халықтары ассамблеясының 20 жылдығына арналған әр ұлттың билерінен өткен топтық сайыс оқушылардың өнерге деген, музыкаға деген үлкен сүйіспеншілігін білдіріп қана қоймай, олардың ұжымдық достығы мен бірі - біріне деген сенімдерін паш еткендей...
2 - ж: Ия, Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек деп Шәкәрім атамыз жырлағандай бүгінгі думанды дода мың бұралған би өнерінен өзгеше әсем әнге арналмақ. Шынында да Құлақтан кіріп, бойды алар.. Әсем әнмен тәтті күй. Көңілге түрлі ой салар.. Әнді сүйсең менше сүй.. деп ұлы Абай атамыз айтқандай балалардың бәрі де құлақ құрышын қандырар әсем әнді жақсы көреді емес пе? Айдәулет!
1 - ж: Я. Дұрыс айтасың Меруерт! Шөп өспейтін дала болмас,.. ән салмайтын бала болмас!! дегендей біздің мектебімізде жақсы өнерді жанына серік еткен, музыканың мәнін берік еткен әнші де, биші де оқушылар көп қой..
2 - ж: Әрине, көп Айдәулет! Бұлақ көрсең көзін аш деген халық даналығы. Тек осындай талантты балалардың үлкен өнерге баспалдағы осындай кіші сайыстарда шыңдалатынын біз бәріміз білеміз. Сондықтан олардың бұл қадамдарына ұстаздары мен ата - аналары және жанкүйер сыныптас достары да ақ жол тілеп, қызыға да, қошеметпен қарап отыр деп ойлаймын.
1 - ж: Ендеше бүгінгі Сырлы саз ән үйірмесінің ұйымдастырумен өтіп отырған Туған жерім - думанды елім атты Айгөлек Ән байқауына Хош келдіңіздер!! (хормен)
2 - ж: Айдәулет! Сен білесің бе? Биылғы жыл Біздің еліміз үшін үлкен мерекелер жылы болайын деп тұрғанын?..... Қара, Қазақстан халықтары ассамблеясының 20 жылдығы, Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл, Ата заңымыздың қабылданғанына 20 жыл, Ал ең бастысы талай тағдырларды тәлкек еткен зұлмат Ұлы Отан соғысының жеңіске жеткеніне 70 жыл.. Міне... көрдің бе?
1 - ж: Ия, білем, білем! Біздің бабаларымыз Екі тойың қабат болсын, екі дүниең абат болсын деп бекер айтпаса керекті. Сондықтан той жасау – біздің Қазақстанымыздың бүгінгі жеткен жетістіктерінің, жеңістерінің жемісі болар. Ылайым елімізде шаттыққа бөлеп, жанымызды жігерлендірер мерекелер көп бола берсін дейік...
2 - ж: Таң қалдырып алты алашын
Биіктерге буған белін
1 - ж: Құт - берекең тарқамасын
( Хормен ) Туған жерім - думанды елім!!
(Видео - слайд көрсетіледі..................................)
** Айгөлек әні орындалады. Қатысушы оқушылар сол әуенмен ортаға шығып тұрады. Би биленеді.*
1 - ж: Сонымен, құрметті көрермен қауым! Сіздердің алдарыңызда бүгінгі Айгөлек ән сайысына қатысушы талапкерлер!
2 - ж: Қошеметтеріңіз, жанкүйерлер
музыка
1 - ж: Енді бүгінгі балалардың Айгөлек ән байқауына сәттілік пен ақ жол тілеу үшін ортаға мектебіміздің басшысы Қуандық ағайды және............................
2 - ж: Балалардың көптен күткен әнді де сәнді қуанышын бірге бөлісейік.. Төрлеңіздер!!
\Тілек айтушылар кетеді\
1 - ж: Жүректі тербер сазы бар
Тыңдасаң жаның жазылар
2 - ж: Ән менен биді сынайтын
Бүгінгі әділ қазылар
1 - ж: Құрметті көрермен қауым. Енді бүгінгі әннің мәнін білер, ырғақтың сәнін білер, байқаудың нағыз әділ бағасын төрге ілер құрметті қазыларды таныстырсақ.
2 - ж: Әділ қазылармен таныстыру