Сабақтың өтетін орны

Скачать

Сабақтың тақырыбы:
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.
Мақсаты:
1. Қазақ халқының бай мұраларын, соның ішінде ғажайып әндері мен күйлерін бүгінгі күнге жеткізген халық аспаптары туралы бала бойына сіңдіру.
2. Оқушылардың өнерге қызығушылығын арттыра отырып ән айту шеберліктерін жетілдіру және танымдық ой - өрісін дамыту.
3. Ұлттық тәрбие көзі ретінде халық музыкалық аспаптарының үнділігі, саздылығы, көркем эстетикалық тұстарын тереңірек талдау арқылы балаларды өз Отанының нағыз азаматы болуға баулып, оның ұлттық көзқарасы мен санасын ояту.

Сабақтың өтетін мерзімі:___________________________
Сабақтың өтетін орны: _____________________________
Құрал - жабдықтар, көрнекті құралдар: бор, тақта, карточкалар, видеопроектор, үнтаспа, бейнетаспа, музыкалық аспаптар (шаңқобыз, домбыра, шертер, сыбызғы, сазсырнай, қобыз, жетіген, тұяқтас, мүйіз, сылдырмақ, даңғыра т. б.), қосымша суреттер, сөзжұмбақ, рефераттар.
Әдіс - тәсілдер: Байқау әдісі, эвристикалық, түсіндіру, тест, көрсету, тыңдату, сұрақ - жауап.
Дәріс түрлері: көзбен шолып байқау, дәріс - диалог.
Білім беру технологиясы: білімді проблемалықпен баяндау.
Сабақтың типологиясы: жаңа білімді меңгерту

Сабақ барысы:
1. Дайындық кезеңі.
А) Кезекші мәліметімен танысу
Ә) Сәлемдесу рәсімі.
Б) Оқушыларды түгендеу.
В) Оқушылардың оқу - құралдарын (кітап, нота дәптері,
қаламдарын) тексеру.
Г) Оқушылардың назарын пәнге аудару үшін сергіту ойынын ойнату (Тамаша тілек).
Мұғалім: Екі ішектің бірін қатты,
Бірін сәл - сәл кем бұра.
Нағыз қазақ, қазақ емес,
Нағыз қазақ домбыра – демекші ұлттық аспабымыз домбырамен бірге жасасып келе жатқан музыкалық аспаптар әлеміне саяхат жасау үшін бүгінгі сабағымызды бастайық.
2. Сабақтың тақырыбын, мақсатын айқын айтып түсіндіру
кезеңі:
Балалар бүгінгі сабағымызда қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарымен танысып, олардың шығу тарихын және сазды әуендерін жадымызда сақтап, елімізді, ұлтымызды сүйе отырып, өзге ұлт өкілдеріне мақтанышпен дәріптейміз. Мұнда сабақ үрдісі арқылы ұлттық - патриоттық тәрбие аламыз.
3. Материалды түсіндіру кезеңі:
Әр халықтың өзіндік тұрмыс тіршілігіне, табиғи орналасқан жеріне, мінезіне, тұрмыс - салтына байланысты музыкалық аспаптары да түрліше болады. Сол аспаптар арқылы музыка мәдениеті қалыптасады.
Өлең оқылады:

4. Жаңа сабақты түсінгенін тексеру кезеңі:
Сұрақ - жауап:
а) Қандай музыкалық аспаптармен таныстық?
ә) Алғашқы көне аспапты кім арқылы таныдық?
б) Әр аспаптардың үнін естідік, үрлемелі аспаптардан қандай әсер алдыңдар?
в) Көне аспаптарды қазіргі заман талабына сай өңдеген композиторларды ата?
г) Әлемдік эстрадалық музыкада осы аталған аспаптардың алатын орны қандай?
д) Алғашқы көне аспаптар қай жерде табылды?


Скачать


zharar.kz