Оқушылардың сабаққа дайындығын, қатысуын тексеру

Скачать

Тақырыбы: Координаталары бойынша нүктелерді салу тақырыбына есептер шығару.

Сабақтың білімдік мақсаты:оқушыларға координаталық жазықтықта нүктелерді сала білуге, есеп шығара білуге үйрету.
Дамытушылық мақсаты:оқушылардың топпен жұмыс істеуін, логикалық ойлау қабілетін дамыту, іскерлік дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсаты:алған білімдеріне жауапкершілікпен қарау, өз және басқа оқушыларды бағалай білуге үйрету.
Сабақтың көрнекілігі:карточкалар, сызбалар, қызықты есептеп жазылған плакаттар, бағалау парағы, жауап парағы.
Сабақтың түрі:сайыс сабақ.

Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың сабаққа дайындығын, қатысуын тексеру. Сынып оқушыларын 3 топқа бөліп отырғызу.Әр топ жетекшілерін сайлау. Топ жетекшілері бағалау парағына өз тобындағы оқушыларды бағалап отырады.
Үй тапсырмасын тексеру.
Әр топ жетекшісі жауап парағының көмегімен үй тапсырмасын тексереді. Білімді жан-жақты тексеру кезеңі.

а)өткен тақырыптар бойынша оқушыларға төмендегі сұрақтар қойылады.
Координаталық жазықтық дегеніміз не?
Координаталық жазықтықтағы нүктелердің координаталары қалай аталады?
Ширек дегеніміз не?
Нүктенің жазықтықтағы орны қалай аталады?

ә)Карточкамен жұмыс
Кім жылдам ойыны
Мына нүктелер қай ширекте орналасқан?
(5;-2)
(-7; 3)
(3; 4)
(5; 1)
(-1; 2)
(-9;-1)

Есептер шығару(оқулықмен жұмыс)
4.Сергіту сәті.
Мынандай тұжырымдамалар айтамын дұрыс болса оқушылар горизонталь бағытта, қате болса қолдарын вертикаль бағытта көтереді.
1.Координаталық жазықтықта 4 ширек бар (дұрыс)
2.Қиылысатын түзулер параллель түзулер (дұрыс)
3.Тік бұрыш жасап қиылысатын түзулер перпендикуляр түзулер (дұрыс)
4.Шаршының бес қабырғасы бар. (дұрыс емес)
5. 1 ширектің таңбасы (+ +). (дұрыс)

Кім көп біледі? ойыны
Әр топ он математикалық термин айту керек.
5.Шығармашылық жұмыс.
1 -топ
Координаталық жазықтықта үшбұрышты кескіндеп және оның төбелерінің координаталарын анықтау.
2 - топ
Координаталық жазықтықта шаршыны кескіндеп және оның төбелерін координаталарын анықтау.
3 - топ
Координаталық жазықтықта тік төрт бұрышты кескіндеп және оның төбелерінің координаталарын анықтау.
Сандар әлеміне саяхат
(тапқырлыққа берілетін есептер)
1-топ
9 цифрын 4 рет және амал таңбаларын пайдаланып 100 санын жаз. (99+99=100)
2-топ
5 цифрын 5 рет және амал таңбаларын пайдаланып 100 санын жаз. (5+5+5+5)*5=100
3-топ
1 цифрын 6 рет және амал таңбаларын пайдаланып 100 санын жаз. (11-1)*(11-1)=100

6.Үйге тапсырма.
7.Бағалау.Сабақты қорытындылап, әр топтың нәтижесін шығарып баға қою.
Әр топтың бағалау парағы


Скачать


zharar.kz