Сабақтың тақырыбы:
Жүсіпбек Аймауытов Құштарлық
Сабақтың мақсаты:
Мәтінді дұрыс түсініп, мәнерлеп оқуға дағдыландыру. Табиғаттың адам өміріне, жан - жануарларға қажеттілігі туралы ғылыми түсінік беру;
Білімділігі:
Мәнерлеп қатесіз оқуға, тез жүгіртіп оқуларын жетілдіру, оқу дағдысын жаттықтыру, тіл байлықтарын, сөздік қорларын молайту;
Тәрбиелілігі:
Білім алуға құштарлықтарын ояту, ынталарын арттыра отырып ізденушілікке, ізгілікке тәрбиелеу, қоршаған ортаны сақтауға, оқулықты күтіп ұстауға, білімпаз болуға баулу;
Дамытушылығы:
Оқиғаны елестетіп, жүрекпен жете сезіну қабілетін және өзіндік ойын айтып, жеткізу мүнкіндігін дамыту;
Көрнекілігі:
Ж. Аймауытов суреті, әңгіме желісіне салынған сурет, Ж. Аймауытовтың еңбектері Қартқожа , Ақбілек романдары. Мультимедиялық проектор;
әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, көрнекілік, әңгімелеу, сын тұрғыдан ойлау стратегиялары, топтастыру;
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
а) сабаққа даярлау, күннің жадын жазу.
ә) Жақсы тілек тілейік! ойыны. Бүгінгі, осы айдағы туылған оқушыларды құттықтаймыз.
II. Жаңа сабақ.
а) Ой қозғау стратегиясы
- біздің еңбегіміз не?
- оқуды қайдан аламыз?
ә) Ой толғау стратегиясы
- балалар мына тірек сөздер арқылы Кітап - біздің досымыз тақырыбында мәтін құрастыра қойыңдар.
Кітап - біздің досымыз.
Кітап, қазына, ақыл, жетелейді, серігіміз, көзі, жыртпау, таза, ескірген, өңдейді, көп оқу керек.
б) Қызығушылығын ояту стратегиясы.
- осындай оқу – білімге, кітапқа құмар, оқуға құштар болған Қартқожа деген бала туралы білгілерің келе ме? (сюжетті суретті ілу)
Ең алдымен осы әңгімені жазған авторы Ж. Аймауытовпен танысайық.
в) Мағынаны ажырату, тани білу, стратегиясы.
әдісі: мультимедиялық проекторда көрсету, түсіндірмелі, оқушылардың оқуы, әңгімелеу.
г) Түртіп алу стратегиясы
- Қазір мен мәтінді оқып беремін, сендер мұқият қарап отырып, өздеріңе түсініксіз сөздерді түртіп алып отырыңдар
Сөздік жұмысы:
Қаңтарып тұсау - аттың басын көтере байлау: көзін қадау – қадала қарау.
III. Жаңа тақырыпты бекіту
а) Мәтіндегі азат жолдар арқылы бөліктерге бөліп, оқушылардың топпен оқып, талдауы, сұрақ – жауап, тізбектей оқу, тұтастай оқу.
ә) Қартқожа туралы не білдік?
сызба құрастырайық
Ізденімпаз
Ынталы
Қартқожа------------Оқуды аңсайды
Сыпайы
Еңбекқор
Еңбексүйгіш
Өз ісіне тиянақты
- Қартқожаны не нәрсе қуантты?
- Қартқожа өзіне қандай серт берді?
- Ал сендер ше? Қалай оқуларың керек?
IV. Жалғасын айт ойын.
Мақал мәтіндердің жалғасын табу (оқу – білім, кітап туралы)
V. Өткенге шолу
- Үйге Сөз сиқырын ұғайық деген өлеңді жаттауға берілген, мәнерлеп жатқа айтқызу.
Өлең бойынша сұрақтар:
- Өлеңде не туралы айтылған?
- Біздің мемлекеттік тіліміз?
- Біздің елімізде тек қазақтар тұра ма?
- Қандай мереке жақындап келеді?
- Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына әр топтан көркем сөз оқиық
VI. Ой қорыту. Қорытындылау.
әдісі: сұрақ – жауап
VII. Үйге тапсырма беру.
VIII. Бағалау