Тақырыбы: Кіші ағаш аттан секіру. Аяқты ашып, бүгіп секірулерді дамыту.
Сабақтың мақсаты:
Сауықтыру: денсаулықты жан - жақты нығайтуға және үйлесімді дене дамуына көмектесу, дене мүсінін дұрыс қалыптастыру;
Білімдік: қуат - күшін, икемділігін, төзімділігі мен табандылығын арттыруға көңіл бөлу;
Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілік, ақыл-ой, эстетикалық және еңбек тәрбиесіне баулу.
Керекті құрал: маттар.
Көрнекілік: акробатикалық суреттер.
Сабақтың барысы:
I Кіріспе бөлім 5 – 8 мин.
1) Сапқа тұрғызу, оқушылардың қатысы жөнінде баяндау.
2) Өтетін сабақтың міндеттерін түсіндіру.
3) Дене қыздыруға арналған бірнеше саптық және реттік жаттығуларды жасау. Дайындық жаттығулары:
а) аяқты түзу ұстап, алға серпілу, әр аяқпен кезек - кезек 15 - 20 серпіліс жасау (25 - 40 сек., 2 - рет қайталау)
ә) орындықта, еденде отырып:
- аяққа күш түсірмей 12 - 15 рет серпілу, 2 рет қайталанады,
- тізені бүгу арқылы кезек - кезек кеудеге тигізу (12 - рет қайталанады),
- аяқты түзу ұстап, биік көтеру (8 - 10 реттен 2 - рет қайталанады);
- аяқты 3 - 5 сек. көтеріп ұстап тұру (2 рет). Тағы басқа жаттығуларды пайдалану.
ІІ Негізгі бөлім 32 - 35 мин.
Секіру жаттығулары бұлшық еттерді өсіріп, нығайтуға, тыныс алу мен қан айналу жүйесінің қызметін жақсартуға, әр түрлі биіктіктегі кедергілерден тез және оңай секіріп өту дағдысын меңгеруге жағдай жасайды. Сонымен қатар ептілікті, батылдықты, шапшаңдылықты дамытады, кеңістікті тез бағдарлай білуге тәрбиелейді.
Әрбір секіру кезінде мына төмендегі секіру элементтері орындалады:
1) аяқты жерге тіреп серпілуге дайындалу;
2) серпілу;
3) ұшу;
4) жерге түсу.
5) Секіруге дайындық жаттығуларды орындату.
6) Кіші аттан (биіктігі 100 - 115 см.) аяқты жазып, қолды тіреп секіру үшін екпін алу, көпіршеге секіріп түсу, аяқпен серпілу жерге түсу қозғалыстарының реті дұрыс сақталуы керек. Осыны қайталап орындағаннан кейін ғана мына негізгі жаттығуларды орындауға кірісу қажет: кіші ағаш атқа аяқты алшақ ұстап секіріп шығу; отыру және шалқайыңқырап, жоғары әрі алға қарай секіріп түсу.
3) Секіруге көмек беру мен қауіпсіздік шараларын қатты сақтау керек.
ІІІ Қорытынды бөлімі 3 - 5 мин.
1) Бағалау, мадақтау.