Мектеп өмірі тақырыбында эссе жазу

Скачать

5 сынып
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп – өмірі. Әдепті бала – арлы бала
Сабақтың тақырыбы: Мектеп өмірі тақырыбында эссе жазу
Оқу бағдарламасына сілтеме Ж2. Эссе жазу
Сабақтың мақсаттары: Эссе құрылымын сақтай отырып, адамды, табиғатты, белгілі бір оқиғаны сипаттап жазу.
Ойлау дағдыларының деңгейі Жоғары деңгей дағдылары
Бағалау критерийлері • Мектеп үйірмелерін сипаттап жазады.
• Мәтін құрылымын сақтайды.
Дескриптор - мәтінде үйірмелерді сипаттауда сын есімдерді дұрыс қолданады;
- берілген тірек сөздерді қолданады;
- мәтін құрылымын (кіріспе, негізгі, қорытынды) сақтайды.
Тілдік мақсаттар Жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:
Менің ойымша... , Себебі, мен оны былай түсіндіремін... ,
Оны мен мына фактілермен дәлелдей аламын... ,

Сабақта жүзеге асырылатын құндылықтар: Ынтымақтастық, өзіне және өзгелерге құрмет құндылықтарын дамыту сабақ барысында іс - жүзінде асырылады.
Пәнаралық байланыстар: Жазылым барысында әдебиет теориясымен байланыстырылады.
АКТ қолдану дағдылары: Оқушыларға берілетін тапсырмалар үшін презентация қолданылады.
Осыған дейін меңгерілген білім: Алдыңғы сабақта мектеп өмірі туралы жалпы түсінік алған, бұл сабақта жазылым дағдысы арқылы білімдерін жетілдіре алады.

Сабақтың басы 6 минут
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Жаңа сабақтың мақсаты мен бағалау критерийін таныстырамын, үй тапсырмасын пысықтаймын.
Қызығушылықты ояту.
Мақал – мәтелдерді жалғастыр.
1. Мектеп – кеме,... (білім - теңіз)
2. Оқусыз білім жоқ,... (білімсіз күнің жоқ)
3. Оқу – инемен... (құдық қазғандай)

Сабақтың ортасы 10 минут
II. Эссенің жазылу талаптарын түсіндіру
Эссе жазуда абзац құрылымын ескеру.
Абзац жазудың негізгі шарттары.
Мәтіндер негізінен бірнеше абзацтан тұрады.
Бір абзацта бір ой толықтай ашып жазылады.
Әр абзац тақырыптық сөйлемнен, қолдаушы сөйлемнен және қорытынды сөйлемнен тұрады.
Тақырыптық сөйлем – абзацтың негізгі идеясын көрсетеді.
Қолдаушы сөйлемдер – тақырыптық сөйлемдегі ойды ашатын сөйлемдер.
Қорытынды сөйлем – абзацтағы ойды қорытындылайтын сөйлем.
Сонымен қатар, ойды толықтыру үшін деректер мен мысалдарды да қосуға болады.
Ең бастысы абзац жаңа азат жолдан басталып жазылады.
Эссенің жазылу жоспары:
- Кіріспе (эссенің 30 % көлемі)
- Негізгі бөлім (эссенің 60 % көлемі);
- Қорытынды (эссенің 10 % көлемі);

Мектеп өмірі тақырыбында эссе жазу. жүктеу


Скачать


zharar.kz