Оғыз қаған дастаныҚазақ әдебиеті 8 сыныпМақсаты:Білімділік

Скачать

Оғыз қаған дастаны
Қазақ әдебиеті 8 сынып
Мақсаты:
Білімділік: “Оғыз қаған ”дастаны туралы мағлұмат беру, дастанның тақырыбы мен идеясын ашу, шығарманы талдай отырып, кейіпкерлер іс - әрекетіне баға беру.
Дамытушылық: өз бетінше және топтық ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: оқушыларды туған жерін, елін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, шығармашылық тапсырмалар, проблема тудыру, пікірталас.
Көрнекілігі: слайд, кеспе қағаздар
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
(сәлемдесу, түгелдеу, топқа бөлу)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
а) Қорқыт ата туралы аңыздар
ә) Қорқыттың нақыл сөздері
б) Қорқыт күйлерінің шығу

ІІІ. Ой ашар
ІҮ. Жаңа сабақ “Оғыз қаған” дастаны
“Оғыз” сөзінің мағынасы көне түркі тілінде - уыз, уыздас, сүттес, емшектес, яғни, бір анадан сүт емген деген мағынаны береді. Ежелгі ғұндардың ұрпақтары “Оғыз” сөзін тайпалардың бірлестігі, одағы деген мағынада қолданған.
“Оғыз қаған” дастаны - 9 ғасырда қағаз бетіне түскен, Жетісу, Сыр бойында кеңінен таралған түркі халықтарына ортақ туынды. Каир, Ыстамбұл, Лондон кітап қоймаларында оның араб, ұйғыр тіліндегі нұсқалары сақтаулы тұр. Дастанда қырықтан астам хикаят бар. Әрбір хикаятта Оғыз қаған туралы оқиға баяндалады. Оғыздар “көк” түсті қасиетті санағандықтан, жырда оғыздардың Көк тәңірге табынып, өздерін Көк бөріден тарататынын аңғаруға болады. Ұлық Түрік - Оғыздың ақылшы - кеңесшісі.

“Шығарманың идеясына келсек, ол ерлікті, бірлікті көксейді. Қазақ халқы жасаған белгілі эпостық жырларға әуендес келеді. Стилі жағынан қазақ ауыз әдебиетімен бүтіндей ұштасып жатады.
“Оғыз қаған” дастанын зерттеуде Түркия елінің Н. Атсыз, Н. Банарлы, Б. Аталай сияқты ғалымдары көп еңбек сіңірді.”Оғыз қаған” дастаны мен қазақтың батырлар жырындағы әртүрлі байланыс белгілерін зерттеуге қазақтың Ә. Дербісәлі, Ө. Күмісбаев сынды ғалымдарды да өзіндік үлес қосқан. Сонымен бірге бұл салада ағылшын, француз, орыс ғалымдары да еңбек еткен.

Мағынаны тану
Кейіпкерлер әлемі
Оғыз
Айқаған
Оғыздың ұлдары
Ұлық Түрік

Білгенге маржан (топтық жұмыс)
І топ
Ұлық Түрік бейнесін Тоныкөк, Қорқыт бейнесімен салыстыру
ІІ топ
“Күлтегін” жыры мен “Оғыз қаған ”жырын салыстыру

Зымыран сұрақтар
1. Үзіндіден қандай діни – мифологиялық көріністер байқадыңдар?
2. Тарих пәнінен осы тақырыпқа байланысты қандай дерек білесіңдер?
3. Жырда суреттелген географиялық атаулар бізге таныс па?
4. Қазақ халқы қандай аң - құстарды кие тұтқан?

Мақалдың жалғасын тап
Би басына дау келсе, Билігі кетер басынан
Құс жаңылып торға түсер...
Ер жарамсыз болмас...
Шешен тар жерде сөз бастайды...

Сабақты қорытындылап, бағалау
Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы,
Кеңес ауылы, Кеңес орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Жошыбай Құралай Жұмаханқызы


Скачать


zharar.kz