Бүгінгі Отбасы - тәрбиенің басты ұясы атты жиналысымызды ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер

Скачать

Тақырыбы: Отбасы – тәрбиенің басты ұясы
Мақсаты Отбасы тәлім - тәрбиенің негізі екенін ұғындыру, ата - аналар ынтымақтастығын күшейту
Мектеп пен ата - ананың байланысын арттырып, балаға тәрбие беріп, өз ойларын айтуға үйрету, жауап беру қабілеттерін дамыту.
Көрнекіліктер: нақыл сөздер мен мақалдар жазылған плакаттар, алма ағашы

Кіріспе:
Сәлеметсіздер ме!
Бүгінгі жиналысқа қатысып отырған ата-аналар және құрметті қонақтар. Бүгінгі Отбасы – тәрбиенің басты ұясы атты жиналысымызды ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер. Алдарыңызға ұсынылып отырған алма ағашына назар аударайық.
Ия, осы алма ағашымыз мектеп болса, ондағы жас жеткіншек жемісі деп қарап, жемісі шырынды болу үшін, білімді, тәрбиелі, адамгершілігі мол азамат қалыптасуы керек. Ырыс алды ынтымақ демекші , ынтымақ – істі бітірер, ата-анамен ұстаз арасындағы байланыс жалғасын тауып жатса, нұр үстіне нұр. Сондықтан, бүгінгі ата - аналар жиналысының тақырыбы: Отбасы – тәрбиенің басты ұясы деп аталды.

Қандайда азамат, қоғам мүшесі? Сол болашақ қоғамның қандай болуы, бүгінгі мектептегі тәрбиеден басталады. Осы бағытта мектебімізде жүйелі жүргізіліп келе жатқан өзін-өзі, бірін-бірі бағалау диагностикасы әр жыл аяғында жүргізіліп, сол бойынша жаңа оқу жылына жоспар құрамыз. Ол - әр түрлі критерийлерден тұрады. Солардың ішінен бүгінгі пікіралыс: тәрбие, денсаулық, оқу, ұқыптылық бағыттары талқыланады.

Осы зерттеулерге сәйкес адам бойындағы адамгершілік асыл қасиеттеріне арнағым келеді.
Адамгершілік тәрбиесі – адамның моральдық қасиеттерін, мінез-құлқы мен тәртібін, адамгершілік сезімі мен санасы белгілі бір мақсатқа бағыттап қарастыру.

Адамгершілік тәрбиесінің мазмұнына, ең алдымен, Отанға, елге деген сүйіспеншілік, борыш сезімін тәрбиелеу, жолдастық, достық, жанашырлыққа баулу, үлкенді сыйлау, тыңдау, беделін мойындау, еңбек адамдарын құрметтеу, қамқорлық жасау, адалдыққа, шыншылдыққа, қарапайымдылыққа, мақсаттылыққа, табандылыққа, белсенділікке, батылдыққа, ұстамдылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу жатады. Осы тәрбиенің негізгі жолы – оқу процесі мен оқушылардың күнделікті өмірін, іс - әрекетін тиімді тәрбие шараларын ұйымдастыру.

Адамгершілік тәрбиесі имандылық тұрғысынан, адамның барлық әрекетіне, әдетіне және барлық мінез-құлқына дұрыс бағыт беріп, жөн сілтеп отыратын, Отанын, халқын сүюге үйрететін тәрбие. Оқушылардың адамгершілік тұралы түсінігі мол болғанымен, тәжірибеде іс - әрекеті, тәртібі біліміне сәйкес келмейтін жайлар кездеседі. Олар жақсы, жаман әдеттерді білгенімен, оны өз өміріне сәйкестендіре, тәртібінде іске асыра алмайды. Өйткені ережені есте сақтау оңай, да оны іске асыру қиын. Сондықтан адамгершілік жайында түсінік білім берумен қатар дұрыс тәртібін, іс - әрекетін ұйымдастыруды көздейді. Өйткені бүгінгі бала – ертеңгі ата - ана, бала тәрбиелеуші ұлт рухындағы халық өкілі, ел намысын қорғаушы, ата - бабаларымыздың ісін жалғастырушы мәңгілік күш.

(Негізгі бөлім )
Отан – отбасынан басталады демекші, тәрбиенің бастауын ата - аналардан бастайық. Бүгін сіздер Отбасы – тәрбиенің басты ұясы атты ата - аналар жиналысына жиналып отырсыздар. Мұнда 4 - бағыт бойынша жұмыс істейді.
1) тәрбие бағыты,
2) денсаулық бағыты,
3) оқу бағыты,
4) ұқыптылық бағыттары.
- (ата - аналарды топқа бөліп отырғызу, тапсырма беру, қолдарындағы қағаз бойынша топ жетекшілерін сайлау, тұрғызып таныстыру )
Бүгінгі біздің мақсатымыз: мына алма ағаштағы жеміс – баламыз деп, қарап суыққа үсітпей, құртқа жегізбей, шырынды да, тәтті алма қылып өсіруіміз керек.


Скачать


zharar.kz