Ескен Елубаевтың өлеңі
Батыр
- Қорқақ екен өзге,- деп,
Осыдан да қаншама?
Жаңбыр деген сөз бе,- деп,
Тығылмады ол тасаға.
Су - су қылып киімін,
Өте шықты нөсер де.
Мойнына су құйылып,
Бүрсеңдеп жүр көшеде.
Сол күні біз кешкілік,
Күліп едік батыр! деп
Ертесіне естідік:
- Суық тиіп жатыр,- деп.
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Боранқұл орта мектебі
Маханұлы Қуаныш
Мұғалімі: Мендигазиева Гүлжихан
Ескен Елубаевтың басқа өлеңдері