Тәрбие ісінің меңгерушісі

Скачать

Көңілді мәре
Өтілетін жарыстың мақсаты:
1. Оқушылардың денсаулығын, белсенділігін нығайту, ептіліктерін, шапшаңдықтарын, батылдықтарын, күштіліктерін байқау.
2. Спортқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
3. Салауатты өмір салтын насихаттау.
Қолданылатын құралдар: эстафеталық кедергілер, доп (үлкен, кіші), гимнастикалық төсеніш, таяқшалар, скакалка және т. б.
Сайыстың барысы: спорт залында көңілді музыка ойнап тұрады.
Мұғалім: Салауатты өмір салтын ұстану – осы іс шараның бір баспалдағы.
Жалпы дене шынықтыру шәкірттердің ғана емес, ересектердің де күш – қуатын өсіріп, олардың денсаулығын шыңдап, қан тамырларының жүйелі жұмыс жасауына ықпал етеді.

Әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік:

1. Тәрбие ісінің меңгерушісі: Аубакирова С. С
2. Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Шекенов Е. Т
3. Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Нұртазин А. Н

Оқушылар отыр сынға түскелі,
Сыналмақшы ептілік пен күштері.
Әрбірінің жігер – күші жалындап,
Жеңіс сәтін тағат таппай күткелі.
Спорт десе таза біздің арымыз,
Сайысатын ұстаздарды бүгінгі
Қарсы алайық қошаметпен бәріміз.
Ортаға оқушылардан құралған, сайысқа түскелі тұрған топтарымызды шақырайық:
1 топ: (Сұңқар) 3 сынып
2 топ (Жұлдыз) 4 сынып
3 топ (Жүйрік) 5сынып
Үш топ жүріп өтіп, ойын алаңына барып орналасады.
Эстафеталық жарыс ойынымыз 12 турдан тұрады. Өз бақтарын сынағалы тұрған әр топ дөңгелене тұрып, сергіту жаттығуларын бастайды. Олар өздерінің топ аттарымен, төсбелгілерімен және ұрандарын таныстырып өтеді.
Мұғалім: Құрметті жарысқа түскелі тұрған бәсекелестер, оқушылар, әділқазы алқалары және сайысымыздың қонақтары! Сайысымыздың әр бөлімімен таныстыруға рұқсат етіңіздер. Сайысымыз 12 турдан тұрады.


Скачать


zharar.kz