Судың сұйық күйін белгіле

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Суды қорғау
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың алған білімдерін тиянақтау. Судың пайдасын білу. Суды қорғауға, судың тазалығын сақтауға тәрбиелеу.
Дамытушылық: мәтінмен жұмыс жасау дағдысын дамыту, шығармашылық қабілетін арттыру.
Тәрбиелік міндеті: Тазалықты сақтау, суды үнемдеу, суды қорғау.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ, кездесу сабақ.
Сабақ әдісі: сұрақ - жауап, топтық жұмыс.
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының картасы, сөзжұмбақ, мақалдар, жұмбақтар, сауалнамалық жұмыс.
Бағалау: Сауалнамалық жұмыс, топтық тапсырмалар, шығармашылық жұмыстар арқылы бағалау.
Судың қасиеттерін атау
Су

Сабақтың барысы:
1. Қызығушылықты ояту.
- Ауылымыздың жанынан қандай өзен ағып жатыр?
- Жайық өзені ағып жатыр
Үй тапсырмасы
(Су туралы мақалдар айту)
Су анасы - бұлақ
Сусыз жер - нусыз жер
Су жүрген жер береке
Су ішкен құдыққа түкірме
Судың да сұрауы бар
Өзен жағалағанның өзегі талмас
Суымен Жайық әдемі,
Ескегімен қайық әдемі.
Жаңа білімді меңгерту
Бір бөлке нан болатын бидайды өсіруге 200 л су қажет.
Бір литр мұнай алу үшін 10 литр су қажет
Бір тонна көмір өндіру үшін 6 тонна су, 1 тонна мақта өсіру үшін 200 тонна су, 1 тонна мыс өндіру үшін 5000 тонна су қажет.
Мәтінмен жұмыс
Мәтінді оқып беру.
Оқушыларға іштей оқыту
Оқушыларға бөліп оқыту.

ІІІ. Сұрақ - жауап әдісі
(Мәтін соңындағы сұрақтарға жауап беру)

ІV. Сөзжұмбақ
Мені күтіп ел тілер,
Келсем неге келді дер (Жаңбыр)
Суда жүрсе күлімдейді,
Судан шықса өлем дейді. (Балық)
Судың күйін ата? (Сұйық)
Қазақстандағы өзен (Сырдария)
Бір асыл тас аспаннан жер бетіне жетеді,
Жер бетіне жеткен соң ғайып болып кетеді. (Бұршақ)
Дәмі де жоқ, түсі жоқ,
Пайдаланбас кісі жоқ. (Су)

V. Сергіту сәті
Тырс - тырс, тырс-тырс!
Жаңбыр көп жауады.
Тамшылар тамады.
Тырс - тырс, тырс-тырс!
Терезе қағады.
Тырс - тырс, тырс-тырс!
Жаңартып ауаны
Жаңбыр көп жауады.

VІ. Шығармашылық жұмыс
Әңгіме жазу.
І топ. Судың күйі. Табиғаттағы су айналымы.
ІІ топ. Суды қорғау.(Ғылыми ұсыныс)
ІІІ топ. Судың пайдасы

VІІ. Дәрігерлер кеңесі
(Мектеп медбикесі Умбетқалиева Рабиғаның кеңесі)

VІІІ. Сауалнамалық жұмыс.
(2 нұсқада беріледі. Оқушылар өзара жауапты тексереді.)
І – нұсқа
1. Күн суытқанда су неге айналады?
а) Бу ә) Ауа б) Мұз
2. Судың қасиетін белгіле.
а) Қатты ә) Мөлдір б) Қант
3. Өлі табиғатты белгіле
а) адам ә) мөлдір б) газ
4. Судың сұйық күйін белгіле.
А) Мұз ә) Су б) Бу

ІІ - нұсқа
1. Суда ерімейтін затты белгіле.
а) Құм ә) Тұз б) Қант
2. Судың газ күйін атау.
а) Жаңбыр ә) Бу б) Қар
3. Судың қасиетін белгіле.
а) Ақ ә) Мөлдір б) Сұр
4. Суда еритін затты белгіле.
а) Қант ә) Тас б) Құм
Судың ластануы: Көң, Жануарлардың өлекселері, Қоқыс, Күл төгу

ІХ. Таза су акциясын өткізу.
(Таза су денсаулықтың кепілі екенін есептеп шығарыңыздар.)
І топ. Су туралы мақал, тыйым сөздер жазу.
ІІ топ. Су болмаса (пікір жазу).
ІІІ топ. Су болса (пікір жазу).

Х. Үйге тапсырма
Хрестоматиядан су туралы мақал - мәтел жазу.
1. Ағаларға тілек жазу.
2. Суды қорғау. (кітапша жасау)

ХІ. Экологиялық ахуал.
Арал теңізі бұл күндері шөкімдей болып суалып, сортаңға айналып жатыр. Судың негізгі тіршілік көзі екенін ұққан ата - бабаларымыз суға үлкен мән берген. Сондықтан судың тазалығын сақтап, үнемдеп жұмсауымыз керек.

Қорытындылау
Су жүргізер тіршіліктің тамырын,
Су жоқ болса, тіршілік тамам бауырым.
Судың біле тұра маңызын,
Көп болған соң ұмытамыз қадірін


Скачать


zharar.kz