Физика пәні мұғалімі Нурман Кымбатов
Сабақтың тақырыбы: Бірқалыпты түзусызықты қозғалыс графигі
Сабақтың танымдық мақсаты: Оқушыларға қозғалыс теңдеуін түсіндіріп, дененің бастапқы орнына, жылдамдыққа байланысты, кез - келген уақыт мезетіндегі дененің соңғы орнын анықтап үйрету, графигін тұрғызу.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар қозғалыс теңдеуін түсінеді;
Дененің бастапқы орнына, жылдамдығына байланысты кез - келген уақыт мезетінде дененің соңғы орнын анықтай алады;
Бірқалыпты түзу сызықты қозғалатын дене қозғалысының графигін тұрғыза алады.
Мұғалімнің іс - әрекеті
1. Сабаққа ену Қас қағым сәт ұйымдастыру;
2. Эксперименттік тапсырма.
1. Мұғалім түсіндірмесі:
Көрнекілік үшін қозғалысты график көмегімен сипаттауға болады. Бірқалыпты түзусызықты қозғалысты график түрінде қарастырайық. Бастапқы t0=0 мезетінде дененің координатасы х0, ал кез келген t уақыт мезетіндегі координатасы х болсын.
2. Сонда орын ауыстыру қалай өрнектеледі?
3. Мұғалім түсіндірмесі:
Ал бірқалыпты қозғалыс кезіндегі орын ауыстыру S=υ•t екені белгілі. Мұндағы жылдамдық тұрақты шама болғандықтан, бірқалыпты қозғалатын дененің орын ауыстыруы қозғалыс уақытына тура пропорционал. осы өрнекті салыстыра отырып, былай жазуға болады: х - х0=υ•t. Өрнекті х0-ді теңдіктің оң жағына шығарып, былай өрнектей аламыз: х= х0+υ•t
4. Бұл өрнек қалай аталады деп ойлайсыздар?
5. Осы теңдеуді қолдана отырып, дененің кез - келген уақыт мезетіндегі координатасын табуға болады.
6. Мысалдар келтіру. Сынып оқушыларын 3 топқа бөліп, мысалдар беру, оқушылар тобымен талқылау.