Оқушы меңгерукерек

Скачать

Құрама, шартты, таңдау, цикл операторларын бағдарламалар құруда пайдалану. Өткенді қорытындылау (слайд)

Сабақтың мақсаты: А) білімділік: оқушыларға берілген операторларды пайдалана отырып бағдарламалар құру жолдарын көрсету. Компьютер арқылы Delphi бағдарламалау тілінде берілген операторларға нақты бағдарламалар құру.
Б) дамытушылық: оқушылардың жан - жақты ойлау қабілетін дамыту, өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру.
С) тәрбиелік: Жеке және топпен жұмыс атқару дағдыларына машықтандыру және ақпараттық құралдарды өз мақсатында дұрыс қолдана білу мәдениетіне тәрбиелеу.
Оқушы білуі қажет: Құрама, шартты, таңдау, цикл операторларын.
Оқушы меңгеру
керек: Құрама, шартты, таңдау, цикл операторларына берілген есептерге программа жазуды.
Сабақтың түрі: Пысықтау, жеке практикум, қорытынды сабақ
Қолданылатын пед. технология: Компьютерлік оқыту технологиясы КОТ

Оқыту әдіс - тәсілдер: Көрнекілік және иллюстрациялық әдісін, сұрақ - жауап әдісін, миға шабуыл әдісін пайдаландым, проблемалық жағдай туғызу, ой қорыту, тұжырым жасау, дәлелдеу.
Қолданылатын техникалық
құралдар, көрнекілік: техникалық жабдықтар (интерактивті тақта, компьютерлер, электрондық оқулықтар) проектор, слайд, тақта, кітаптар, таратпалар
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
А) Сәлемдесіп, сыныптың тазалығына назар аудару, қауіпсіздік ережесіне сай сырт кейпі мен заттарының орнында болуын қадағалау
Б) Оқушыларды түгендеп, журналға белгі соғу
Г) Оқушылардың назарын сабаққа аударып, сабақтың барысымен таныстыру

ІІ. Қызығушылықты ояту. Өткен материалдарға шолу жасау
1. Шартты оператор дегеніміз не?
2. Шартты операторларда қандай кілттік сөздер
қолданылады?
3. Іf дегеніміз не?
4. Then дегеніміз не?
5. Тандау операторы дегеніміз не?
6. Тандау операторында қандай кілттік сөздер қолданылады?
7. Select Case жазылу тәртібі?
8. Қайталау операторының түрлерін атаңыз?
9. Цикл дегеніміз не?
10. for – параметрлі цикл операторын қандай жағдайда қолданылады және жазылу форматын көрстетіңіз?

ІІІ. Пысықтау, жеке практикум
Құрама операторды пайдаланып бағдарлама құру мысалы: Button1 батырмасын іске қосқан кезде Edit1 терезесіндегі сан Edit2 терезесіндегі санға қосылып, нәтижесі Label терезесіне шықсын.
шешімі:
procedure TForm1. Button1Click(Sender: TObject);
var a, b, s: integer;
begin
a:=StrToInt(edit1. Text);
b:=StrToInt(edit2. text);
s:=a+b;
label1. Caption:=IntToStr(s);
end;
end.


Скачать


zharar.kz