Биология 7 - сынып.
Сабақтың тақырыбы: Буынаяқтылар типі.
Бунақденелілер класы. Бунақденелілердің дамуы және пайда - зияны.
Білімділік мақсаты: Бунақденелілердің алуан түрлілігі туралы білім қалыптастыру.
Олардың тіршілігі туралы білімдерін кеңейту
Дамытушылық мақсаты: Оқушыларға бунақденелі жәндіктердің түрлері туралы білім бере
отырып, олардың құрылысын, қоректенуін, дамуын түсіндіру.
Тәрбиелік мақсаты: Табиғаттағы маңызына тоқтала отырып, жәндіктерді қорғауға
тәрбиелеу.
Әдісі: Жаңа білім меңгерту.
Түрі: Әңгіме, сұхбат
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, жәндіктер суреттері, кесте, тірек - сызба.
Сабқтың барысы: 1. Ұйымдастыру.
2. Үй тапсырмасын сұрау, қорытындылау.
3. Жаңа сабақты түсіндіру. Қорытындылау.
4. Үйге тапсырма
5. Оқушы білімін бағалау.
І - кезең: Ой қозғау
Үй тапсырмасы.
1. Тип неліктен буынаяқтылар болып аталған. Буынаяқтылар типінің кластарын ата.
2. Шаянтәріздестер класы
3. Өрмекшітәріздестер туралы не айтасың.
4. Кенелер - ауыл шаруашылық жануарлар мен өсімдіктердің зиянкестері
5. Буынаяқтылар типінежататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері.
Үй тапсырмасын қорытындылау.
(Сонымен балалар, буынаяқтылар типінің қандай кластары бар екен).
Ерекшеліктері --------------------------------------------- Шаршылы өрмекші ------------ Өзен шаяны
1. Денесі баскөкіректен және құрсақтан тұрады.
2. Денесі қалың хитинді жабынмен қапталған
3. Хитнді жабыны өте жұқа
4. Екі мұртшасы болады
5. Мұртшалары жоқ.
6. Жүруге арналған аяқтары бес жұп
7. Жүруге арналған аяқтары төрт жұп.
8. Көздері күрделі құрылысты.
9. Көздері қарапайым құрылысты.
10. Тынысалу мүшесі - желбезек
11 Тынысалу мүшесі - демтүтік.
12. Құрсағында аяқтары бар
13. Құрсағында ешбір аяқ орналаспайды
14. Зәр шығару мүшесі - екі жасыл без
15. Зәр шығару мүшесі - мальпигий түтігі
Буынаяқтыларды кластарға бөліп орналастыр.
Шаянтәріздестер
Өрмекшітәріздестер
1. Көбеклек, 2. Құршаян. 3. Кене. 4. Қағысшаян. 5. Омар. 6. Шыбын. 7. Шегіртке.
8. Циклоп. 9. Баларасы. 10. Асшаян
Буынаяқтылар типі
1) Шаянтәріздестер
2) Өрмекші тәріздестер
3) Бунақденелілер
11 - кезең: Ойды іске асыру
Сабақтың тақырыбы: Буынаяқтылар типі
Бунақденелілер класы.
Бунақденелілердың дамуы және пайда - зияны. 15. 03. 2012. жыл
Бунақденелілер – буынаяқтылар типіне жататын көпжасушалы, омыртқасыз жәндіктер класы. Бунақденелілер – ғаламшардың кез - келген түкпірінде таралған жануарлардың ең үлкен тобы. Олардың 700 000 (миллионға жуық) түрлері бар деп есептелінеді. Бунақденелілер класы негізгі екі класс тармағына жіктеледі. Олар туақанатсыздар және қанаттылар класс тармағы деп аталады. Бунақденелілер класында 35 отряд бар. Бұлардың
басқа буынаяқтылардан негізі ерекшелігі – денесі айқын үш бөліктен құралады. Олар;
Бас, көкірек, құрсақ.
Бунақденелілердің барлығы 6 аяқты. Басым бөлігінде қанаттары болады. Дене бөлімдері - алуан түрлі қызмет атқарады. Екі мұртша, күрделі және жай құрылысты көздер мен көзшелер баста орналасқан. Көкірек бөлігінде қимыл - қозғалыс қызметін атқаратын аяқтар мен қанаттар орналасқан. Көбею мүшелері құрсағында болады. Бунақденелілер
демтүтік (трахея) арқылы тыныс. Қантарату жүйесі - ашық жүйе. Бұлшықет жүйесі күрделі.
Бунақденелілер
↓
Қандала
Бұзаубас
Шегіртке
Зұламат
Суқандала
Маса
Тарақандар
Қоңыздар
Суаршын
Шыбындар
Бүрге
Көбелектер
Баларалар
Құмырсқалар
Дәуіттер
Биттер
БУНАҚДЕНЕЛІЛЕР
↓
Жер бетінде жорғалап (қоңыз, құмырсқа, тарақан)
Топырақ астында (бұзаубас)
Ауда ұшып (шыбын, маса, көбелек, инелік)
Суда (суаршын, су қандала, су шалқақ, зұламат)
Адам мен жануарда паразиттік жолмен тіршілік етеді
(бүрге, бит, қандала)
Бунақденелілердің ауыз мүшелерінің құрылысы да сан түрлі. Мысалы:
Сүзіп жалаушы - шыбын
Шаншып - сорушы - Маса, орман қандаласы
Кеміруші - Тарақан, қоңыздар
Кеміріп - жалаушы - Балара
Сорушы - Көбелек
Сезім мүшелері жақсы жетілген. Дара жынысты. Зәр шығару мүшесі - ішекке ашылған мальпигий түтікшелері.
Бунақденелілердің дамуы
Тура даму:
(Аққұйрық, камподея)
Шала түрленіп даму:
(қандала, шегіртке, тарақан, инелік, бит)
Толық түрленіп даму:
(маса, шыбын, ара)
Тура даму дегеніміз - ұрықтанған жұмыртқадан тікелей ересек бунақденеге ұқсас жас жәндіктердің шығуы. Олардың тек денесі өседі және жыныстық жағынан ғана толысып дамиды.
Тура даму: Жұмыртқа --- имаго.
Шала түрленіп даму: Жұмыртқа --- дернәсіл --- имаго.
Толық түрленіп даму: Жұмыртқа --- дернәсіл --- қуыршақ --- имаго.
Бунақденелілердің ересек күйге ауысу сатысы имаго деп аталады. Имаго – ересек жәндік. Бунақденелілерді зерттейтін ғылым - энтомология деп аталады
Ал жануарлардың мінез - қылығын зерттейтін ғылым - этология деп аталады.
Бунақденелілер табиғатта және адам өмірінде үлкен роль атқарады.
Бунақденелілердің пайдасы
Өсімдіктерді Тозаңдандырады (көбелек)
Топырақтарды түзуге қатысады(көңқоңыз)
А шаруашылығына зиян келтіретін зиянкест. жою.(шаншар, қанқыз)
Баларалар адамға бал ж е балауыз береді
Жібек көбелектерінен жібек алынады
Даладағы, ормандағы жануарлар өлексесімен өсімдіктер шіріндісімен қоректенеді (қоңыз)
Паразиттік тіршілігімен
Бунақденелілердің зияны
↓
Улылығымен
А шаруашылығына дақылдарын, бүлдіру
Ауру таратқыштығымен
Түсімін кеміту, жайылымдар бүлдіру.
Көкқасқа шегіртке өте қауіпті, зиянкес жәндік. Шегірткелер егін жер, екпей - сеппей тегін жер деген мәтелді халық бекер айтпаған. Аналық шегіртке құрсағының ұшында қысқа жұмыртқа салғышпен топырақты шұңқырлап ерекше безден бөлініп шыққан көбікті затпен бірге сол жерге жұмыртқа салады. Бөлінген зат жұмыртқаларды бір - біріне жабыстырып, шұжық пішінді қоймақалта түзеді. Жұмыртқалар қоймақалтада қыстап шығып, одан көктемде дернәсілдер дүниеге келеді. Дернәсіл қанатсыз болады, сондықтан оны жаяушегіртке деп те атайды. Дернәсілдер бірнеше рет түлейді де, топтасып тіршілік ете бастайды. Дернәсілдер тобы жаушоғыл деп аталады. Дернәсіл бесінші рет түлеген соц ересек шегірткеге айналады. Көкқасқа шегірткенің аналығынан бір жазда өрбіген ұрпақтары екі қойды тойдыратын азықты жояды. Ал олардың жаушоғылдары мен үйірлері 1 - 2 сағатта жүздеген, тіпті мыңдаған гектар егістікті тып - типыл етеді. Жаушоғыл түзетін қанатсыз дернәсіл жаяушегіртке деп аталады. Жаяушегірткелерден құралған жаушоғыл жолында кездескен өсімдік атаулыны жайпайды. Сөйтіп бір жерден екінші жерге көшеді.
Шегірткеден қорыққан егін екпес демекші, қол қусырып қарап қалмай, олардан қорғану шараларын жасау керек. Ең алдымен олардың қоймақалтасын құрту керек. Ол үшін шегірткелер дамитын су сағаларын құрғатып жыртады. Сол жерден терең ор қазып, жаяушегірткелер ұша алмайтындықтан сол орға түсіріп жоюға болады.
Дәптермен жұмыс: (термин сөздердің мағынасын түсініп алыңдар).
ИМАГО -
ЭНТОМОЛОГИЯ -
ТРАХЕЯ -
ЭТОЛОГИЯ -
Сергіту. Жұмбақ шешу.
Сызбаға бунақденелілердің даму жолдарын жаз.
1 тапсырма: Бунақденелілерге тән белгілерді ірікте және берілген сұрақтарға жауап бере отырып, жауабыңды сызбаның ұяшықтарына жаз.
1) Денесі қандай бөліктерден тұрады? 2) Бунақденелілердің аяғы нешеу?
2) Бастарында қанша мұртша бар? 4) Көкірегінің арқа тұсында не орналасқан?
5) Бунақденелілер қандай мүшесі арқылы тыныс алады? 6) Бунақденелілерді зерттейтін ғылым қалай аталады?
2 тапсырма: Бунақденелілер – ауыз мүшесі сәйкестігі бойынша ірікте.
1) шыбын; 2) саратан қоңыз; 3) қабықжегі; 4) маса; 5) бал арасы; 6) көбелек;
7) қандала; 8) бүрге; 9) орамжапырақ ақ көбелегі.
3 тапсырма: Сызбаға бунақденелілердің даму жолдарын жаз және оларға берілген тізімнен мысалдар ірікте.
1) Инелік; 2) саратан қоңыз; 3) көк шегіртке; 4) көбелек; 5) шыбын; 6) маса; 7) құмырсқа; 8) шегіртке; 9) тарақан; 10) бал арасы.
111 - кезең: Қорытындылау. Венн диаграммасы:
Пайдасы Зияны
Оқушы білімін бағалау.
Үйге тапсырма: 47. Бунақденелілердің дамуы пайда – зияны.
Құмырсқа илеуінің құрылысы туралы хабарлама дайындау.