Ашық сабақ 8 сынып
Қазақстанның физикалық географиясы
Тақырыбы: Батыс Сібір жазығы
Жалпы мақсат: Оқушыларға Батыс Сібір жазығының географиялық орны, жер бедері мен пайдалы қазбалары, климаты, өзендері мен көлдері туралы танымын қалыптастыру.
Сілтеме: Тапсырмалар жазылған слайдтар, бейнефильм
Оқушылар үшін оқу нәтижелері: Оқушылар Батыс Сібір жазығының географиялық орнына, жер бедері мен пайдалы қазбаларына және климаты мен өзендері, көлдеріне жалпылама сипаттама бере алады, топпен жұмыс істеу арқылы өз ойларын еркін әрі жетік, нақты жеткізу үшін картамен жұмыс жасай алады, постер салу арқылы, тірек - сызба сызу арқылы өз түсініктерін көрсете алады.
Басты идеялары мен терминдері: Батыс Сібір жазығы
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Оқыту әдістері: Жаңа әдістер
АКТ, СТО элементтері: Блум таксономиясы, ББҮ кестесі, ДЖИГСО әдісі, топтық, жұптық жұмыс, диалогтық оқыту, тірек – сызба, монокластер, сұрақ - жауап, көшбасшылық, деңгейлік тапсырма, кері байланыс орнату
Сабақта қолданылатын материалдар, көрнекілігі: Интербелсенді тақта, Қазақстанның физикалық картасы, атлас, слайдтар, бейне фильм топтарға арналған тапсырма парақтары, үлестірме тапсырмалар
1. Ұйымдастыру кезеңі (2 минут)
Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындық.
Оқушыларға плакатқа салынған тауға сабақтың барысындағы қандай көңіл күйде екендерін сұрастыру.
Сыныпты жеребе тастау әдісі арқылы екі топқа бөлу.
Әр топта басшы таңдап қою, топ басшыларына бағалау парағын беріп, өз қызметтерімен танысытыру, яғни әр дұрыс орындаған тапсырмасы үшін бір ұпайдан қойып отыру.
І. Білу (2 минут)
Оқушыларға жаңа сабақты бастамас бұрын сабақтың тақырыбын, мақсатын айтып кетемін, ББҮ кестесінің алғашқы екі бағанын толтыруды ұсынамын.
ІІ. Түсіну
ДЖИКСО әдісі бойынша екі топқа жаңа тақырыпты меңгеруге тұрарлық шағын әрі нақты қиылған мәтіндер беріледі.
Интербелсенді тақта арқылы Жоспарды көрсетемін.
1 - Топ: Тобыл өзені ДЖИГСО ӘДІСІ
1. Географиялық орны: Қазақстанның солтүстігінде орналасқан, елімізге оның оңтүстік қиыр шеті кіреді. Қазақстан жеріндегі Орал тауларынан Алтайға дейін созылып жатыр. Солтүстігінде Солтүстік Мұзды мұхитымен, оңтүстігінде Қазақстың ұсақ шоқысымен, батысында Орал тауларымен, шығысында Шығыс Сібір таулы қырыаты және Алтай тауларымен шектесіп жатыр (картадан шектесетін нысандарын атап көрсетеді).
2. Жер бедері: Жазықтың оңтүстігіндегі биіктігі 200м, солтүстігінде - 100 м. Беткі қабатын палеозойдың қатпарлы - жақпарлы фундаментінде қалыптасқан, кейін беткі қабатын палеогеннің теңіз және неогеннің континенттік шөгінділері басқан. Кайнозой эрасында теңіз тартылып, регрессия процестерінің салдарынан қазіргі жер бедері қалыптасқан. Жер беті біркелкі тегіс, кей жерлерде ойыстарда көлдер тізбегі кездеседі. Жазықтың Қазақстандық бөлігі 4 ауданға бөлінеді:
1. Есілдің жазық орманды даласы, 2. Тобыл – Обаған жазық даласы, 3. Есіл – Ертіс даласы, 4. Ертіс – Құлынды жазығы
Есілдің жазық орманды даласы – Есіл өзенінің екі жағасында орналасқан. Онда көлдер мен батпақтар көп, орманда негізінен қайың мен терек өседі. Тобыл – Обаған жазық даласы – Тобыл мен Обаған өзендерінің аралығын алып жатыр. Оңтүстігі көтеріңкі биіктігі 250 м, солтүстігі еңкіштеу болып аласарады. Аумағын Тобыл, Обаған, Үй, Әйет, Тоғызақ өзендері ағып өтеді, ең ірі көлі – Құсмұрын көлі. Есіл – Ертіс даласы – Есіл мен Ертіс өзендерінің аралығын алып жатыр. Бетін палеогон дәуірінің сазды жыныстары жауып батыс бөлігінде көлдер өте көп таралған. Солардың ең ірілері Шағалалы теңіз көлі. Ертіс – Құлынды жазығы - Ертіс өзені мен Ресейдегі Құлынды жазығына дейінгі аралықта созылып жатыр. Жазықтың қақ ортасынан Ертіс өзені кесіп өтіп, жазықта өзеннің табаны күшті тілімденіп сатылы террасадан қалыптасқан.
Жазықтың араларында көлтабандар бар, олардың бірі әрі ірілері – Шүрексор көлі, Сілетітеңіз көлі.
3. Пайдалы қазбалары: Пайдалы қазбаларға бай. Соколов – Сарыбай, Қашар кен орындарында темір рудасы өндіріледі. Рудный қаласында кен байыту комбинаты жұмыс істейді. Әйет, Лисаков кен орындарында никел мен көмірдің мол қоры табылған. Құрылыс материалдары да кездеседі.
2 - Топ: Есіл өзені ДЖИГСО ӘДІСІ
1. Климаты: Батыс Сібір жазығының климаты континентті, оған бірнеше климаттық себептерін атап кетуге болады:
1. Жазықтың солтүстік бөлігі тегіс жазықты болғандықтан солтүстіктен қыста енетін суық Арктикалық ауа массалары еркін еніп жазықтың оңтүстігіне дейін еш кедергісіз еніп Қазақстанның ұсақ шоқысына дейін жеткен кезде ауа тым құрғап күшті қарлы борандар мен антициклондық жағдай қалыптастырып шытынаған аяз орнайды.
2. Жазда Батыстан келетін Атлант мұхитының әсері онша күшті болмайды себебі Орал таулары онша биік болмағанымен жаз кезінде батыстағы мұхиттық жылы ағыстардың мардымсыз бөлігі жеткенімен қоңыржай климатты қалыптастырады. Оңтүстіктен жазда Азияның ыстық ауасы еркін еніп төменгі қысым аймағы қалыптасуының әсерінен кейде қапырық ыстық болады. Жауын – шашынының 60% жазда жауады. Шілденің орташа температурасы +18°С - 20°С, қаңтардың орташа температурасы - 17°С - 19°С. Арасында - 30°С - 35°С - тық аязды күндер болады. Қар қалың түседі, орташа қалыңдығы 30 - 50 см.
2. Өзендері мен көлдері: Солтүстік Қазақ жазығының негізгі өзені – Ертіс. Оьбтың сол саласы Қытайдағы Монғол Алтайының оңтүстік – батыс беткейіндегі мұздықтардан бастау алады. Омбы қаласына дейінгі 1000 км - аралықта Ертіске бірде – бір сала құймайды. Ертіс өзенінің басты салалары: Есіл, Тобыл, Вагай, Қоңды.
Есіл өзені - Қазақстан жеріндегі ұзындығы 1700 км. Сарыарқаның солтүстігіндегі Нияз тауларынан бастау алып Ертіске құяды. Көктемде қатты тасиды. Жағасында Астана қаласы орналасқан.
Тобыл – Қазақстандағы ұзындығы 800 км. Оңтүстік Орал тауларынан бастау алады. Ертіске Ресей жерінде құяды. Тобылға Үй, Тоғызақ, Әйет, Обаған сияқты шағын өзендер құяды. Көктемде тасиды. Бұл өлкедегі ең ірі көл – Құсмұрын көлі, ол өте тұзды. Одан өзге Шағалалы теңіз, Сілетітеңіз, Қызылқақ, Теке сияқты ұсақ көлдер бар.
3. Табиғат зоналары: Солтүстік Қазақ жазығы орманды дала және дала зоналарын кесіп өтеді. Топырақ типі - оңтүстік қара топырақ, күңгірт қызыл – қоңыр топырақ, бозды, бетегелі шөптесін өсімдіктерден тұрады. Өзен аңғарларында қамыс өседі, ормандар негізінен Қостанай мен Солтүстік Қазақстан облыстарында тараған. Ормандарда қайың мен көктерек өседі. Жануарлар дүниесі жағынан орман мен дала зонасы бір – біріне ұқсас болып келеді, себебі орын алмасып жүреді. Мұнда бұлан, елік, қоян, қарсақ, дала күзені, қасқыр, түлкі мекендейді. Солтүстік Қазақстан мен Қостанай ормандарында осы күнге дейін аю болған, қазір олар жоқ, себебі ауып кеткен. Өзен жағалауларында Солтүстік Америкадан ондатра әкелініп жерсіндірілген. Су айдындарында аққу, тырна, жабайы қаз бен үйректер кездеседі.
ІІІ. Қолдану (10 минут)
Екі топқа постерді салу үшін арнайы тапсырмалар бойынша салу керектігін және оны кейін қорғау қажеттігін айтып кетемін.
Тобыл өзені: Монокластер
Есіл өзені: Тірек – сызба
Ескерту: постер салу уақыты 3 минут, қорғау уақыты 2 минут
Постер салу кезінде келесі карталарды қолдануды ұсынамын:
ІV. Талдау (3 минут)
Жаңа сабақты одан әрі талдау үшін Батыс Сібір жазығы тақырыбындағы бейне фильм көрсетемін (2 минут).
Кері байланыс жасау, проблемалық ситуация тудыру.
1. Оқушылар бейне фильм не жайында?
2. Батыс Сібір жазығы қандай елдердің территорияларында орналасқан?
3. Географиялық орны қандай?
4. Жер бедерінің басым бөліктеріне қандай сипаттама беруге болады?
Ескерту: әр бір дұрыс сұраққа бір ұпай.
V. Жинақтау (8 минут)
Оқушылардың білімдерін жинақтау
Мәңгілік ел концепциясы бойынша осы аптадағы түсіп тұрған Батыс Қазақстан өңірі тақырыбы бойынша жалпы мәлімет бере отырып сұрақтар қоямын.
Батыс Қазақстан өңірі еліміздің батысындағы Батыс Қазақстан, Атырау, Маңыстау және Ақтөбе облыстарынан тұрады. Бұл өңір еліміздің мұнайлы аудан болып саналады. Сондықтан да еліміздің басты экономикалық ресурстары осы аймақта шоғырланған. Батыс Қазақстан өңіріне кіретін төрт облыстың көлемі еліміздегі ең ірі экономикалық аудан. Оның территориясының үлкендігі соншалықты бір бөлігі Еуропа жерінде орналасқан. Жайық өзені бойында орналасқан Орал қаласы еліміздегі батыс пен шығысты байланыстыратын қала.
Әр топқа келесі тапсырмаларды орындауды ұсынамын:
1. Тест
ТЕСТ сұрақтары
1. Шығыс Еуропа жазығының Қазақстанға қандай бөлігі кіреді?
А. Батыс, В. Оңтүстік, С. Оңтүстік - шығыс
2. Батыс Сібір жазығының фундаменті қай дәуірде қалыптасты?
А. Палеозой, В. Кайнозой, С. Мезозой
3. Батыс Сібір жазығының Қазақстандық бөлігі нешеге бөлінеді?
А. 2, В. 3, С. 4
4. Солтүстік Қазақ жазығының басты өзені:
А. Есіл, В. Ертіс, С. Тобыл
5. Сотүстік Қазақ жазығындағы Соколов – Сарыбай кен орында не өндіріледі?
А. Темір, В. Никель, С. Хромит
2. Семантикалық карта
Өзендер мен көлдер
--------------- Есілдің жазық даласы. Тобыл - Обаған жазығы. Есіл - Ертіс даласы. Ертіс Құлынды жазығы
Құсмұрын көлі
Үй өзені
Есіл өзені
Шағалалы теңіз көлі
Ертіс өзені
Шүрексор көлі
Жалаулы көлі
Тобыл өзені
Обаған өзені
3. Картамен жұмыс
1. Тобыл өзені
2. Жалаулы көлі
3. Ертіс – Құлынды жазығы
4. Обаған өзені
5. Құсмұрын көлі
6. Есіл – Ертіс даласы
7. Үй өзені
8. Есілдің жазық орманды даласы
9. Есіл өзені
10. Тобыл – Обағанның жазық даласы
1. Тесттің әрбір бір дұрыс жауабы үшін 1 ұпай
2. Семантикалық картаның әрбір бір дұрыс жауабы үшін 1 ұпай
3. Картамен жұмыс: әрбір бір тапқан номенклатура үшін 1 ұпай.
Ескерту: Осы аптадағы Мәңгілік ел идеясы бойынша Батыс Қазақстан аудандары түсіп отыр, сондықтан да Шығыс Еуропа жазғы мен Батыс Сібір жазығын карта арқылы салыстыруды ұсынамын.
Тест жауаптары:
1. С, 2. А, 3. С, 4. В, 5. А
Семантикалық карта жауаптары:
Карта бойынша номенклатура сұрақтары:
1. Тобыл өзені
2. Жалаулы көлі
3. Ертіс – Құлынды жазығы
4. Обаған өзені
5. Құсмұрын көлі
6. Есіл – Ертіс даласы
7. Үй өзені
8. Есілдің жазық орманды даласы
9. Есіл өзені
10. Тобыл – Обағанның жазық даласы
Кейін жинақтау тапсырмаларының жауаптарын интербелсенді тақтадан шығарып тексертемін.
VІ. Қорытындылау (3 минут)
Сонымен оқушылар бүгінгі сабағымызды қорытындылайтын болсақ, біз бүгін жаңа сабақтан не үйрендік, сабақтан не түйгендеріміңзді ББҮ кестесінің үшінші бағанын толтыруды ұсынамын:
Қостанай облысы, Қостанай ауданы
"Мичурин орта мектебі" ММ география пәнінің мұғалімі
Есембек Саят Әмірханұлы