Мектеп жасына дейінгі балаларды дидактикалық ойын арқылы ойната отырып олардың ой-өрісін дамыту
Мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын, өсіретін, әрі тәрбиелейтін өзінің негізгі іс – әрекеті - ойын. Ойын ойнап, ән салмай өсер бала болама?! дейді біздің қазақ халқымыз. Балалар ойындарының тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А. С. Макаренко былай деп жазады: Бала ойында қалай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан ұқсас болады . Ойын үстінде бала өзін еркін ұстайды, оның іздемпаздық, тапқырлық қабілеті оянады. Ойын бала үшін нағыз өмір.
Ойын негізінен балаларға дене шынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды құралы. Ойын балаларды ұйымшылдыққа үйретеді. Ойын түрлері көп, соның ішінде маңызы – дидактикалық ойын. Дидактикалық ойынның мазмұны бірнеше элементтен құрылады:
- дидактикалық тапсырмалар;
- Мазмұны мен ережесі және ойынның орындалуы.
Мұнда басты элемент – дидактикалық тапсырмалар, қалған элементтер осы тапсырмаға және оның орындалуына көмектеседі. Тапсырмалар әр түрлі болады ( жоспар тақырыптарына сай). Ойын ережелерге сүйенеді. Ережелер әр баланың ойында не істеу керектігін, қалай істеу керектігін, мақсатқа жету жолдарын көрсетеді және ақыл – ой қабілеттерін дамытады, әсіресе кішкентай топтағы балалардың өзін - өзі ұстауға, өздерінің мінез - құлықтарын қадағалауға үйретеді. Сонымен бірге, психологиялық жағдайларын жақсартады: көңіл аударғыштығын, байқағыштығын және мейірімділікке, кішіпейілділікке үйретеді. Балалар алған білімдерін ойын барысында көрсете білуге, бір – бірімен қарым – қатынас жасауға, әділ болуға, қиындық кезінде көмектесуге, өз ойларын жеткізе білуге, қиялының дамуына, қиындықты ақылмен жеңе білуіне көмектеседі. Осының бәрі баланы мектепке даярлайды.
Қарағанды қаласы,
КМҚК Қарлығаш
балабақшасының тәрбиешісі
Адилова Нуржанат Сагатбековна
Толық нұсқасын жүктеу