Қабілетті оқушылармен жұмыс технологиясы

Скачать

Ағылшын тілін оқытудағы тілдік ойын және оның элементтері

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беру тұжырымдамасының негізгі мақсаты – білім беру жүйесінің барлық деңгейінде қоғамның талаптарына сәйкес білімді, кәсіби біліктілігі жоғары тұлғаны тәрбиелеп, оларды бәсекеге қабілетті білім негіздерімен қаруландыру және қазіргі жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін - өзі іске асыруға, өзін
- өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.

Бұл жаңа кезеңде адамдарды өмір сүруге баулу үшін бұрынғыдан да мол деңгейде білім беру деген сөз. Бүгінгі кезеңде бізге, елімізге дені сау, рухы таза, ойлары биік адамдар қажет –ақ. Елбасымыз Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстан халқына 2007 жылғы 28 - ақпандағы Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан Жолдауында Білім беру реформасы табысының басты өлшемі –тиісті білім мен білік алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады. Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз деп атап көрсетті.

Қазіргі кезеңде бүкіл әлемдік қоғамда болып жатқан өзгерістер адам өмір сүріп жатқан ортадағы барлық саланы, соның ішінде, білім беру саласын да қамтып отыр. Оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып жан –жақты терең білім беру, сөйтіп білікті маман даярлауға бүкіл әлемдегі өркениетті дамыған елдер басты көңіл бөліп отырғаны да сондықтан.

Тәжірибелер жинақтала келе жаңадан жаңа туындайтын сияқты. Америкалық ұстаз Линданың Оқытудың бұрынғы әдіс - тәсілдері –бүгінгі әдістеріміздің ата –анасы дегеніндей, жаңа технологияларды меңгеру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Қай сатыда болсын, оқытудың технологияларын таңдап алу және оларды жүйелеу бойынша орта және жоғары сатыда қолданылатын технологияларды төмендегідей етіп топтастыруға болады. Дәстүрлі түрде білім беретін технологиялар бойынша:
- Деңгейлеп оқыту технологиясы;
- Модульдеп оқыту технологиясы;
Дамыта отырып оқыту технологиясы бойынша:
Сыни ойлауды жетілдіру технологиясы;
Іскерлік ойын технологиясы;
Қабілетті оқушылармен жұмыс технологиясы.
Педагогикалық технологияның қажеттілік, үнемділік, жобалау, бүтіндік, меңгерушілік, түзетушілік, көру, алгоритмділік, мақсатты білім беру деген ұғымдарды өз ауқымына сыйдырады.

Оқушыға жалпы бірдей қалыптасқан, дәстүрлі әдістермен әлемдік деңгейдегі озық технологияларды салыстыра, байланыстыра, өмір тәжірибесіне ұштастыра отырып білім беру, білімге дұрыс бағыттай білуге үйрету - әрбір оқытушының міндеті.
Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың білім –біліктілік, танымдық, коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда ойын элементтерін қолданудың маңызы зор. Сабақ үрдісінде оқушыларға ойынның мақсаты мен талаптары, ережесі толық түсінікті болуы өте маңызды рөл атқарады. Ойын әдісі арқылы оқыту олардың, пәнге деген қызығуын арттырамыз, өз ойын, пікірін, көзқарасын білдіруге, екінші бір адамның жауабын тыңдап, оны толықтыруға, жетістіктері мен кемшіліктерін айта білуге жаттығады. Жақсы құрастырылған және де үздік әдіспен ұйымдастырылған ойын практикалық, тәрбиелік және дамытушылық жағынан оқыту тәсілі болып табылады. Ойынға қойылатын талаптар қандай болмақ деген сұраққа төмендегі сызба негізінде жауап беруге болады.


Скачать


zharar.kz