Хикаяттан басты кейіпкердің портретін тауып, ондағы жазушы қолданған бейнелі сөздер арқылы жазушының шеберлігін дәлелдеп айту

Скачать

Тақырыбы: М. Әуезов Қараш - Қараш оқиғасы. Бақтығұл тағдыры
Сілтеме С. Мақпырұлы, Г. Құрманбай, А. Қыраубайқызы 8 - сынып оқулығы; 185 - 216 - бет; Слайдтар;

Сабақ жоспары
Жалпы мақсаты
Жазушының оқырмандардың жоғары бағасына ие болған туындысы Қараш - Қараш оқиғасының мазмұнын терең игеруде оқушылардың белсенділігін арттыра отырып, алған білімдерін қорыту, жинақтау.

Міндеттері
1. Шығарма мазмұнын толық талдау, басты кейіпкер Бақтығұлдың іс - әрекеті арқылы сол кездегі кедейлер тартқан әлеуметтік теңсіздікті ұғындыру.
2. Оқушыларға проблемалық ситуациялар тудыру барысында олардың ойларын еркін айтуға, әр кейіпкердің іс - әрекетіне орай өз бағасын беріп, талқылауға, өзіндік тұжырым жасауға үйрету.
3. Топтық жұмыс жасай отырып, оқушылардың бірін - бірі үйрету, оқыту қағидасын ұстану.

Мұғалім үшін оқу нәтижелері
1. Оқушының сабаққа белсене араласуы, орнықты көңіл күйде болуы;.
2. Сабақта туындаған сұрақтар төңірегінде әр оқушының өз үлесін қосуы;
3. Топ жұмыстарында бір - бірлерінің пікіріне, көзқарасына сыйластықпен қарау.

Сабақта туындайтын негізгі идеялар
1. Оқушылардың еркін ойлауын іске асыру, пікірлерін ортаға салу.
2. Шығармашылық тұрғыда ойлауына мүмкіндік туғызу.
3. Сабақты өмірмен байланыстыру, қазіргі қоғам тұрғысынан сөйлей отырып, сол заман мен бұл заманды салыстыру

Күтілетін нәтиже 1. Оқушылардың сөз өнерін қадірлей алу сезімін қалыптастыру.
2. Өмірден алынған мысалдарды келтіріп, дәләлдеме айтуға төселдіру.
3. Алған білімдерін, көкірегіне түйген жақсы қасиеттерін дамыту, өзіне ұнамаған іс - әрекеттерден аулақ болу, тұлғалық жағынан жетілу.

Тапсырмалар
1. Қараш - Қараш оқиғасының жазылу тарихы туралы мағлұмат жинау;
2. Барымта деген ұғымның мағынасын ашу, қандай дәстүр екені туралы іздеу;
3. Рысқұл Жылқайдаровтың өмірі туралы қосымша мәлімет жинау.

Сабақтың жүрілуі бойынша мұғалім жазбалары:
Мұғалімдер немен айналысады және оқушылар немен айналысады.
Оқушылармен амандасу, танысу сәтін ұйымдастыру, фигураларды таңдату арқылы топқа бөлу. Оқушылар орналасып болған соң, кім қандай фигураны таңдағандарын анықтап, әр фигураның өзіндік ерекшелігін, қасиетін оқып беру арқылы оқушылардың бүгінгі сабаққа деген жақсы көзқарасын қалыптастыру 1, 5мин.

Слайд1. Жаңа сабақ. І. Қызығушылықты ояту. Ой қозғау (4 мин.)
Асуда атылған оқ кинофильмінен үзінді көрсету.
- Бұл фильм қалай аталады? Хикаяттың қай жеріндегі оқиғадан үзінді көрдіңіздер?

Слайд 2. І. Білу, түсіну. Оқуым - ойға тоқуым
Әр топ мазмұндау жоспары бойынша хикаяттың қысқаша мазмұнын баяндай отырып, өз жоспарын ұсынады.(5 мин.)
Слайд 3. ІІ. Қолдану, талдау. Оймен шештім сыр жұмбақтың шешуін
(3мин.)

Интерактивті тақтадан шым - шытырық сызба суреттің бейнесін көрсету. Оқушыларға:
- Бұл суретті көру барысында не ойыңа түсті және не түйдің?- деген сұрақ қоямын. Оқушылар сыни ойлау арқылы оны Бақтығұлдың өмірімен байланыстырып айтулары мүмкін. Осы суретпен Бақтығұл өмірін байланыстыру.
Оқушыларға сыни ойлау тұрғысындағы (жуан сұрақтар) сұрақтар ұсына отырып, ойлау және сөйлеу қабілетін жетілдіру. (7мин)

1. Тектіғұлдың өліміне кім кінәлі?
2. Інісінің өлімі Бақтығұлға қалай әсер етті?
3. Бақтығұлдың өш алу жолындағы алғашқы әрекеті неге сәтсіз аяқталды?
4. Оның Жарасбайға бару себебі неде? Болыс оны қандай мақсаттарға пайдаланды?
5. Бақтығұлдың ақ жолдан таюына не себеп болды? Әділдік іздеп жүріп әділетсіздікке тап болу мүмкін нәрсе ме?
6. Билер Бақтығұл үшін қандай шешім шығарды? Осыдан кейінгі Бақтығұлдың өмірі қалай өрілді?
7. Бақтығұл Сәлменді емес, неге Жарасбайды өлтірді?
8. Бақтығұл Жарасбайды өлтіргеніне өкінді ме? Не үшін?
9. Оқиға не себепті Қараш - Қараш деп аталды?
10. Намысқой, өр мінезді Бақтығұлдың өзгенің жетегінде жүрген сорлы, бейшара жанға айналуының себебі неде деп ойлайсыңдар?
11. Сенің ойыңша, хикаят соңы қалай аяқталады? Өз шешімің.
Оқушылардың Р. Жылқайдаров туралы және барымта деген қандай дәстүр екендігі жайында алып келген материалдарын оқыту.

Слайд 4. Сергіту сәті. 10 қадам Бақтығұл тағдырының күрделенуі. 2мин
Слайд 5. Жинақтау. М. Әуезов – ұлы суреткер (Флипчартқа жазып қорғайды.) (7мин)

І топ: Хикаяттан басты кейіпкердің портретін тауып, ондағы жазушы қолданған бейнелі сөздер арқылы жазушының шеберлігін дәлелдеп айту.
ІІ топ: Бақтығұлдың монологын оқып, ондағы жазушы қолданған көркем образды сөздерді табу.
ІІІ топ: Табиғатты суреттейтін тұсты мәтіннен тауып, жазушы оны кейіпкердің жан дүниесімен қалай астастыра алғанын дәлелдеу.

Слайд 6. Бағалау. Менің пікірім Бақтығұлдың іс - әрекетін құптаймын, құптамаймын?(6мин.)
Слайд 7. Ой толғаныс. Ол заман мен бұл заман Венн диаграммасы арқылы Бақтығұл дәуірі мен бүгінгі кезеңді салыстыру, ұқсас қасиеттерін табу. (5 мин.)
Слайд 8 Бағалау. 3 мин.
Бағалау парағы

Слайд 9. Қорытынды. (1мин.)
Слайд10. Үйге тапсырма. 1мин.
М. Әуезов – ұлы жазушы тақырыбында шығарма жазуға дайындалып келу.


Скачать


zharar.kz