Қасым Аманжолов өлеңіМЕН - ТАБИҒАТ БӨБЕГІМен - табиғат бөбегі, Еркін жанмын еркемін

Скачать

Қасым Аманжолов өлеңі
МЕН - ТАБИҒАТ БӨБЕГІ
Мен – табиғат бөбегі,
Еркін жанмын еркемін.
Аузымда жастық өлеңі,
Еркелеп күйім шертемін.
Жарқ - жұрқ етіп жүруді
Нажағайдан үйренгем.
Шадыман шат боп күлуді
Күн мен Айдан үйренгем.
Тәкаппарлық ерлікті
Асқар таудан үйренгем.
Мен бір жанмын ерікті,
Жарысып желмен жүгірген.
Ашу, қайғы дегенді
Қара бұлттан үйрендім
Өз еркімше сілтемей
Қашан ғана имендім?!
Мен бір жанмын ерікті,
Жарысып желмен жүгірген.
Ашу, қайғы үйрендім.
Өз еркімше сілтемей,
Қашан ғана имендім?!
Қасым Аманжоловтың өлеңдерін қарау


Скачать


zharar.kz