Бастауыш сыныптарда “Тәй - тәй”бағдарламасымен кіріктірілген сабақтар ұйымдастырудың ерекшеліктері
Елбасы Н. Ә. Назарбаев “Қазақстан 2050: стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” атты Жолдауында мектепке дейінгі білім беру жүйесіне 3 нақты тапсырма берген болатын, олар:
Мектеп жасына дейінгі тәрбие мен білім беруге оқытудың қазіргі заманғы әдістемелерін енгізу;
Балаларды мектепке дейінгі білім беру мен қамту мәселелеріне қатысты жүйелі ұсыныстарды егжей - тегжейлі әзірлеу;
Мектеп жасына дейінгі білім беру деңгейінде үш тілді оқытуды жаппай енгізуді қамтамасыз ету;
Баланың ынтасын арттыру үшін оқылатын нәрседен бір жаңалық болу керек (Жүсіпбек Аймауытов)
“Тәй - тәй” – балаларға ең пайдалы деген сенімге негізделген оқу шешімдерін қабылдауға мойынсұнған бағдарлама
Мақсаты:
Тәй - тәй бағдарламасының ең басты мақсаты өзара сыйластықты, жауапкершілікті, үлкендер сияқты балалардан да шынайылықты, зейінділік, ынта - жігер болып табылады.
Міндеттері:
Баланың ішкі белсенділігін дамытуға арналған қажетті мүмкіндіктер жасау;
Әр балада оның жеке дара қасиеттері мен қабілеттерін ашып, олардың өмір сүруге қажетті салаларға орнығуына мүмкіндік көрсету;
Әр баланы тұлғалық ерекшеліктерін ашып көрсетуге және оны дамытуда көмегін тигізетін жаңа жолдарды іздестіру;
Әр баланың тұлғасына деген құрмет пен сүйіспеншілікті қамтамасыз ететін қарым - қатынасты орнату;
Тұлғаға әсер етудегі белсенді әдістерге бағдар жасау;
“Тәй - тәй”бағдарламасы анықтайды
Дамытуға арналған сыныптарды
Баланың қызығатын істерін
Баланың мүддесін
Баланың тілегін
Кәсіби біліктілікті дамытудың бірден - бір жолы оқытудың жаңа технологияларын игеру.
Иновациялық технологиялары
Дамыта оқыту
“Тәй - тәй” технологиясы
Ақпараттық технология
Монтесори технологиясы
“Тәй - тәй” бағдарламасының мұғалімдері
Әр баланы сыйлау
Әр бала табысқа жете алады деп сену
Шыншыл болып, өз қатесін мойындау
Тыңдай білу, құпия сақтай білу
Жүйелі және әділ болу
Жоғары деңгейдегі мақсаттарды орындау
Жеке адамның белсенділігін бағалау
Оқу барысында көңіл - күйді көтеруді ұйымдастыру
“Тәй - тәй” бағдарламасы балаларға өздерінің толық мүмкіндіктерін қолдана білу, қабілетіне жетуге көмегін тигізеді.
Тәй - тәй технологиясының негізін қалаушы М. Мантессори.
Мантессори педагогикасының негізі - арнайы орта құрып, онда баланың өзін - өзі дамытуына ықпал жасау. М Мантессори: Баланың өзі жетілуі үшін не қажет? - деген сұрақ қойып, оның қажеттілігі, өзіне қызмет етуге, өзін - өзі дамытуға деген ұмтылыс болып табылатынын өзі ашқан мектептерде дәлелдеп берген.
Бастауыш сыныптарда “Тәй - тәй”бағдарламасымен кіріктірілген сабақтар ұйымдастырудың ерекшеліктері. жүктеу