Аңға байланысты өрнектер

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Осьтік және центрлік симметрия

Сабақтың мақсаты:
а) білімдік. Симметрия ұғымын меңгерту, түзуге және нүктеге қатысты симметриялы фигуралар ұғымымен таныстыру, осьтік және центрлік симметриялы фигураларды атау, түрлерін білу, мысалдар келтіру, қолданысы мен маңызын білу;
ә) тәрбиелік. Ұқыпты кескіндеуге, дұрыс табуға, зерттеуге, ұлттық мұраларды білуге және қадірлеуге тәрбиелеу;
б) дамытушылық. Симметрия және симметриялы фигуралар туралы білім, білік және дағды қалыптастыру.

Типі: білімді бекіту
Түрі: сайыс сабақ
Әдісі: сұрақ - жауап, көрнекілік арқылы, түсіндіру, сайыс, бағалау
Көрнекілігі: кеспе қағаздар, ұлы ғалымдардың портреттері, нақыл сөздер, тарихи деректер, альбом, рефераттар және т. б.
Пәнаралық байланысы: бейнелеу, технология, қазақ тілі, физика, биология, тарих

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру. Оқушылар 2 топқа бөлінеді: Квадрат , Шеңбер
ІІ. Қайталау сұрақтары: Сұрақ - жауап
1. Қандай фигуралар түзуге қатысты симметриялы фигуралар деп аталады?
2. Осьтік симметриялы фигуралар деп қандай фигураларды айтамыз?
3. Төртбұрышта, квадратта және шеңберде симметрия осі нешеу?
4. Центрлік симметриялы фигуралар деген не?
5. Центрлік симметриялы фигураларға мысалдар келтіріңдер.
ІІІ. Негізгі бөлім.
1. Әріппен ойын
Суретте мына фигуралардың қайсысы осьтік симметриялы фигураларға жатады?

Ғылымда ою - өрнекті мынадай топтарға бөледі:
1. Зооморфтық (хайуанаттық);
2. Өсімдіктәріздес немесе көгөріс;
3. Геометриялық;
4. Космогониялық, астральдық, ғарыштық.
Өрнек атауының мағынасына қарай мынадай топтарға жіктейді:
1. Ай, күн, жұлдыздарға (космогониялық) – көк әлеміне байланысты өрнектер. Оларға ай , айшық , жұлдызша , күн нұры , күн көзі , күн сәулесі , шыққан, батқан күн , ай - таң , ай - гүл , ай таңба , түнгі ай , жұлдыз , аққан жұлдыз , үркер секілді жұлдыздар жатады.
2. Малға, малдың денесіне, ізіне байланысты өрнектер. Бұл оюдың негізін қошқармүйіз өрнегі қалайды. Өркеш , түйе табан , түйе мойын , қошқар мүйіз , арқар мүйіз , қырық мүйіз , қос мүйіз , сыңар мүйіз т. б.
3. Аңға байланысты өрнектер: Бөріқұлақ , түлкібас , бөрікөз , иттабан т. б.


Скачать


zharar.kz