Туған жер – отан туралы
Туған жерге туың тік.
Ит тойған жеріне,
Ер туған жеріне.
Ер елінде,
Гүл жерінде.
Кісі елінде сұлтан болғанша,
Өз еліңде ұлтан бол.
Жекен жерінде көгерер,
Ер елінде көгерер.
Есің барда ел тап.
Ат айналып қазығын табар,
Ер айналып елін табар.
Пәлен жерде пайда бар,
Өз жеріңдей қайда бар.
Жақсы жігіт жер шолып,
Ақыр түбі айналар.
Пәлен жерде бақыр бар,
Іздеп барсаң мыс та жоқ.
Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
Өз елім, өлең төсегім.
Сағынған елін аңсайды,
Сарала қаз көлін аңсайды.
Туған жердің күні де ыстық.
Түні де ыстық.
Ат үйірін сағынса,
Артқы аяғын қағынар.
Ер үйірін сағынса,
Айыл-тұман тағынар.
Әркімнің өз жері – Мысыр шаһары.
Тұғырына саңғыған
Сұңқар оңбас,
Үйірінен қаңғыған
Тұлпар оңбас
Ел іші алтын бесік.
Өз елімнің басы болмасам да,
Сайының тасы болайын.
Елінен безген ер оңбас,
Көлінен безген қаз оңбас.
Құлан өз қағынан өзі жерімес.
Отан оттан да ыстық.
Отансыз адам,
Ормансыз бұлбұл.