Шымкентте даладан табылған нәрестеге дәрігерлер ат қойды

Скачать

Шымкентте даладан табылған нәрестеге дәрігерлер ат қойды. Облыстық №2 перинаталдық орталықтың қызметкерлері шақалақты Жұлдыз Сақтаған деп атады.
Шымкент көшесінен қансыраған күйде табылған сәбиге дәрігерлер ат қойды.
Бұл туралы Отырар арнасы хабарлады.
Ақ халаттылар бүлдіршіннің өз өмірі үшін күресіп жатқанын айтады. Дәрігерлер де қолдан келгенді аямауда. Айта кетейік, қоқыс тастайтын орыннан табылған нәресте әлі де ауыр халде жатыр. Осылай деген дәрігерлер төрт күннен бері науқас баланың өмірімен арпалысуда. Қазір балақай облыстық №2 перинаталдық орталықтың жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр.
Жаға ұстатар бұл жағдай 25 ақпан күні болған. Көкек ана жаңа туған нәрестесін "Даумед" медициналық клиникасының маңындағы қоқыс орнына тастап кетіпті.
Қансырап жатқан баланы байқаған орталық қызметкерлері бірден алып келіп, медициналық көмек көрсеткен.


Скачать


zharar.kz