Анимацияның Показ слайдов - Настройка командасын орындау

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Power Point 2000 да слайд - фильмдер жасау.
Cабақтың мақсаты
Білімділік: Power Point 2000 бағдарламасында слайдтар құрып үйрену, Power Point 2000 мүмкіндіктерін пайдалану.
Тәрбиелік: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытып, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Дамытушылық: Power Point 2000 бағдарламасы жайында, презентация жасау жолдарын, безендіру жайлы білімдерін қалыптастыру.
Сабақтың көрнекілігі: ДК, ж дәптері, слайдтар, тапсырмалар.
Сабақтың түрі: Практикалық элементтері бар, түсіндірмелі көрнекілікті сабақ.

Сабақтың жүрісі:
І. Ұйымдастыру: Сәлемдесу, түгендеу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
А) Ойланайық - Қайталау сұрақтары:
1. Пернетақтадан Слайдтарды көрсету командасын орындау үшін қандай функционалды пернені басамыз?
2. Power Point 2000 программасында презентация құрудың қандай тәсілдері бар?
3. Презентация деген не?
4. Слайд деп нені айтамыз?
5. Power Point 2000 бағдарламасын қалай іске қосамыз?
6. Мастер автосодержанияның мүмкіндігі қандай?
7. Бос презентация деген не?
8. Power Point 2000 менюі қандай менюлерден тұрады?
9. Презентацияны баспаға беру командасы қандай?
Ә) Өзіңді тексер - Шығармашылық жұмыс:
Оқушыларға компьютерде MS Word құжатында сақталған Жаңа Қазақстан тақырыбындағы құжаттағы суреттерден презентация жасау тапсырылады.

ІІІ. Біліп ал - Жаңа сабақты игеру.
Оқушылар біз алдыңғы сабақта слайд дегеннің, презентация дегеннің не екенін, презентация жасаудың жолдарымен, оны сақтаумен, баспаға беру жолдарымен танысқан болатынбыз.

Power Point 2000 бағдарламасының мүмкіндіктері өте көп. Слайдқа объектілер енгізіп, оларды ерекшелеп, содан кейін оның өлшемдерін, орналасуын, түсін, шекарасын және т. б. өзгертулерді қарастырдық.
Бүгін оған қоса слайдтарға анимация қоюды қарастырамыз. Ол үшін, объектіні тышқанмен белгіліп, Показ слайдов – Настройка анимации командасын орындаймыз. Сол кезде терезенің оң жақ жоғарғы шетінде Эффекты анимации деген өріс пайда болады. Сол өрісте шертсек объектінің слайдқа кіруіне және слайдтан шығуына анимациялар қоюына мүмкіндіктер пайда болады. Бұл бағдарламада анимация түрлері өте көп. Объектілерге анимацияны қойғанда арнайы әсерлер аудиторияның назарын аударатындай тартымды, әдемі болғаны жөн.
Cлайдқа сол сияқты музыка немесе дыбыс қосуға болады. Ол үшін, слайдты ашып, Вставка – Фильмы и звук командасын орындау керек.
Және де слайдқа автофигураларды, Word Art объектісін кірістіруге болады. Ол үшін, Вставка – Рисунок – Автофигуры және Вставка - Рисунок - Объект Word Art командасын орындаймыз.
Объектілердің слайдта пайда болу ретін басқару үшін мына әрекеттерді орындаймыз:

1. Анимацияның Показ слайдов – Настройка командасын орындау.
2. Тізімнен объектті таңдап, оның реті мен пайда болу уақытын, түрін өзгертіп, дыбыстық сүйемелдеуін және т. б. таңдау.
3. Осыны әр объект үшін кезек бойынша қайталау.
Анимация әсерлерін бергенде тиісті инструменттер панелін пайдалануға болады. Слайдтар алмасуын және көрсету кезінде пайда болған арнайы әсерлерді таңдау: Показ слайдов – Смена слайдов командасының көмегімен орындалады.
Power Point бағдарламасы слайдтар көрсетуін тоқтатуға немесе жалғастыруға мүмкіндік береді. Ол үшін слайдтарды көрсету кезінде тышқанның оң жақ батырмасын шертіп, Экран - Пауза немесе Завершить показ слайдов командасын таңдау керек.
Слайдтар көрсетуді жүргізу кезінде келесі басқару құралдары қолданылуы мүмкін:
1. Келесі слайдқа өту - тышқанмен шерту, Page Down , Enter батырмалары,
2. Алдыңғы слайдқа оралу – P, Page Up пернесін басу.
3. Белгілі слайдқа өту – слайд нөмерлерін теріп, Enter пернесін басу.
4. Қара экранды жасау, орындатпау - В пернесін басу.
Слайдтарды көрсету түрінде демонстрация жасау үшін мына әрекеттерді орындау керек:
1. Презентацияны ашу.
2. Файл – Сохранить как командасын орындап, Тип файла тізімінде Демонстрация Power Point командасын таңдау. Көрсету түрінде сақталған файлдың - pps кеңейтілуі бар. Оны жұмыс орнынан ашқанда слайдтар көрсетілуі автоматты түрде жүктеледі, ал ол сақталысымен Power Point жабылып, жұмыс орын қалпына келеді. Егер слайдтар көрсетілуі Power Point бойынша іске қосылатын болса, ол аяқталғанда презентация ашық және оны редакциялауға болады.

Орындайық Жаңа сабақты бекіту тапсырмалары:
А) Табиғат және адам сұлулығы тақырыбындағы презентациядан бірнеше слайд көшірмесін алып, жаңа слайд - фильмдер жасау.

Ә) MS Word құжатында сақталған Лондон олимпиадасының чемпиондары тақырыбындағы құжаттан суреттер алып, сол тақырыпты қойып, жаңа слайд - фильмдер жасау.
1. Суретті слайдқа кірістіру, анимация қою.
2. Чемпион атын және спорт түрін көрсетіп Word Art объектісімен жазу, оның мүмкіндіктерін қолдану және анимация қою.
Б) Жарнама жасау. Мысалы: Компьютер, шаңсорғыш, қысқа толқынды пештер, ұялы телефондар, интернет туралы.

В) Бекіту сұрақтары. Сонымен, оқушылар бүгінгі сабағымыздағы жаңа тақырыпты меңгерген болсақ мына сұрақтарға жауап берелік:
1. Меню жолында қандай менюлер бар?
2. Бас менюдің мүмкіндіктері қандай?
3. Кірістіру менюімен не істеуге болады?
4. Анимация түрлерін қалай қоямыз?
5. Слайдты көрсету командасы қандай?

V. Үйге тапсырма: Белгілі бір тақырыпты алып, жаңа презентация құру бағытында материалдар жинақтап келу.
VI. Бағалау.


Скачать


zharar.kz