Қазақ халқының әдебиетімен мәдениеті
Ауыз әдебиеті
↓
Тұрмыс – салт жырлары
● Шешендік сөздер
● Эпостық жырлар
● Айтыс өлеңдер
● Лиро - эпостық жырлар
● Тарихи жырлар
● Мақал - мәтел, жұмбақтар
● Ертегілер
♦ Еліміздің тәрбиелік, эстетикалық, адамгершілік мұраттарының айқын айғағы, рухани өлшемі де сол фольклордан бастау алады. Ауыз әдебиеті жанрлық құрамы жағынан да сан - салалы болып қалыптасты. Тұрмыс - салт өлеңдері (еңбек - кәсіп, аңшылық, үйлену, жерлеу салты, наным - сенім т. б.), ертегілер, аңыздар, әпсаналар, мифтер, эпостық жырлар, тарихи өлең, қара өлең, лирикалық өлең, өтірік өлең, мақал - мәтелдер, жұмбақтар, айтыс, шешендік сөздер, жаңылтпаштар, драмалық үлгідегі шығармалар... — міне, ауыз әдебиетінің негізін құрайтын осы бір жанрлардың өзі әрі қарай түр - түрге бөлініп кете береді. Бұлардың қай - қайсысы болса да сөзбен айтылатын шығармалар және олардың негізгі құралы сөз. Сондықтан ауыз әдебиеті, ең алдымен, сөз өнері.
♦ Беташар. Жаңа түскен келінді беташар дәстүрі жасалмай ешкім көре алмайды. Оны көру үшін әдейі беташар жасалады. Оған тойға жиналған туыс туғандар тегіс қатынасады. Жас келіннің екі жағында екі көргенді келіндері тұрады. Мұнда Беташар жыры айтыла отырып, келінге оның атасы, енесі, оның басқа туыстары таныстырылып, келін оларға сәлем жасайды. Сәлем жасаған адамдар көрімдік береді. Бет ашатын жігіт ән жырды желдірте, көңілді көтере жыр төгуі керек.
♦ Сыңсу - қыз ұзату дәстүріне байланысты туған тұрмыс - салт жырларының бірі. Бұл - қыздың ұзатылар алдындағы ел – жұртымен, ағайын - туыс, құрбы - құрдастарымен, туып - өскен жерімен қоштасуы ретінде айтылады. Сыңсуды ұзатылатын қыз тәте - сіңлілері немесе жас жеңгелерімен үй - үйді аралай жүріп белгілі әуенмен айтатын болған. Өлеңдерін ақындар немесе қыздардың өздері шығарады. Ұзатылып бара жатқан қыз сыңсу арқылы жұртқа естірте өзінің мұңын, қайғы - қасіретін шағады. Сыңсуда қыздың жеке басының мұңы әлеуметтік мәселелерімен ұштасып, ескі әдет - ғұрыпты әшкерелеумен қатар қоғамдық ортаның, азаттық аңсаған әйелдер көзқарасы білдірілген.
♦ Қоштасуда - қыз ел - жұрты, туған - туысқандары, ата - анасына қимастығын білдіреді. “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” жырындағы Таңсық қыздың “Балталы, Бағаналы ел аман бол” деп басталатын Қоштасуы ел арасында кең тараған.
♦ Тойбастар - қыз ұзату, үйлену, т. б. тойларда айтылатын өлең түрі. Үйлену тойының ең соңғы күні жігіттер мен қыз - келіншектер жиналып, қоштасу кешін өткізеді. Сол кеште жастар жағы әр түрлі ұлттық ойындар ойнап, көңіл көтеріп өлең айтады. Той аяқталғанда тойбастар әні айтылады. Тойбастардың мазмұн - мақсаты той иесін мадақтап, отбасы құрғалы отырған екі жасқа игі тілек, бата, ақыл - кеңестер айту. Айтушының қабілетіне қарай жаттанды өлең түрінде де, жанынан шығарылып та айтыла береді. Өлең құрылысы, ұйқасы көбінесе қара өлең, жыр үлгісінде келеді. Тойбастар шілдехана, сүндетке отырғызу тойларында, үй - ішінің, ауылдың, қаланың басқа қуаныш - қызықтарында айтылады. Тойбастар жиын - тойдың аяқталғанын, бірақ қуаныштың алда да жалғаса беретінін білдіреді