Жаңылтпаш оқып, жатқа жазу

Скачать

Тақырыбы: Түбір мен қосымша 359 - 363 жаттығу
Мақсаты:1) Түбір мен қосымша туралы білімдерін кеңейте түсіндіру;
2) Сөздік қорларын молайту, жазу каллиграфиясын дамыту;
3) Ынталы, зерделі, ұқыпт, білімді болуға тәрбиелеу;
Көрнекілігі: Сөзжұмбақ, қима қағаздар, топтастыру стр - сы, радио;
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру
1) Сабаққа қажетті құрал - жабдықтарды шығару.
2) Екі топқа бөлу Білгірлер , Зейінділер
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1) 358 - жаттығу. ( екі топтан екі оқушы оқиды)
2) - Түбір деген не?
- Қосымша түрлерін атаңыз
- Жұрнақ, жалғау ережелері ата

Үй тапсырмасын қорытындылау;
1) Түбірге жалғанған сөз
2) Сөзбен сөзді байланыстыратын қосымша
3) Заттың, санның, сапаның атауы
4) Аттар сөзінің түбірі
5) Тапқыш сөзінің қосымшасы
6) Достар сөзінің түбірі
7) Балалар сөзіндегі қосымша сөз
8) Сөз мағынасын өзгертетін қосымша
- Міне, балалар, біздің сөзжұмбағымыздың аты қалай аталады екен?
- Қазақстан.
- Енді, Қазақстан туралы өз ой - пікірімізді ортаға салып әңгіме құрайықшы.
(Оқушыларды тыңдау)

ІІІ Жаңа сабақ
Біз Қазақстан туралы өз білетінімізді айттық. Енді осы айтылған әңгімемізді әдемі, көркем етіп дәптер бетіне түсірейік.

Дәптермен жұмыс.
1. Күн жадын жазу.
2. Қ қ әрпін көркем жазу.
Менің Қазақстаным тақырыбына шағын әңгіме жазу.
Оқушы шығармашылығын оқыту. (4 - 5 оқушы)

- Қазақстан туралы білетін өлең - тақпақтарыңыз болса, айтып көріңдерші (2 - 3 оқушы)
Жазылған мәтіннен түбір мен қосымшасы бар сөздерді тақтаға жазып, талдау.

360 - жаттығу. Жұмбақты көшіріп, шешуін тап.
Әрі шешен, әрі әнші, әрі күйші.
Әр үйде бар тапқышым, кәне, тапшы?
(радио)
- Радио деген не?
- Одан не тыңдауға болады?

Енді Қазақ радиосынан хабар тыңдап көрейік.
( радиодан хабар тыңдату)
- Жазылған жұмбақ ішінен түбір мен қосымшасы бар сөздерді тауып, ажыратайық.
Сергіту сәтін өткізу!

361 - жаттығу. Жаңылтпаш оқып, жатқа жазу.
Жаңылтпашты жаздырып, оның ішіндегі қосымшалы сөздерді табу.
Күрішті
- Жұрнақ пен жалғау ережелерін еске түсіру.
362 - жаттығу. Ребусты шешу.
Қозы З ы таға. (Қозыға)

Осы сөзге сөйлем құрап, талдау жасау.
Сонымен, балалар біз түбір және қосымша туралы өз білетіндерімізді ортаға салдық.
Енді, осы білгенімізді Топтастыру стратегиясы арқылы қорытындылайық.
Қорытындылау Топтастыру
І қатарға
дан, шы, ген, гіш
ға, лық, ім, гір
Міне, оқушылар, бүгін біз түбір, жұрнақ, жалғау туралы білгенімізді ортаға салып, өз білімімізді көрсеттік.

Үйге: Ереже жаттау
Бағалау
Мадақтау


Скачать


zharar.kz