Алматы облысы, Кербұлақ ауданы,
Шилісу негізігі мектебі КММ
География пәнінің мұғалімі Кәрімжан Әлішер
Сабақтың тақырыбы: Гидросфера – Жердің су қабығы. Гидросфераның негізгі компоненттері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Гидросфера – Жердің су қабығы. Гидросфераның негізгі компоненттері Судың өмір үшін маңызы, қасиеттері және оны қорғау туралы білеміз.
Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық, белсенді қабілеттерін, картамен жұмыс дағдыларын және логикалық ойлауын дамыту.
Тәрбиелілік: Оқушыларды адамгершілікке, өз бетімен ізденуге, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, тест, суретпен (су айналымы) жұмыс арқылы д. ж. су айналымын түсіндіру, жаратылыстану оқушының жеке жұмыс дәптері (беті 10 - 11) Топтастыру, Кестемен жұмыс, тірек - сызбамен жұмыс.
Пәнаралық байланысы: әдебиет
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
Сұрақ - жауап және сәйкестік тест қолдану
1) Материк дегеніміз не?
Материк – құрлықтың жан - жағынан мұхиттармен және теңіздермен қоршалған ең ірі бөлігі. Континент деп те айтады
2) Ғаламшарымызда неше материк бар?
Материктер
↓
Еуразия 54 млн км²
Африка 30, 3 млн км²
Солтүстік Америка 24, 2 млн км²
Оңтүстік Америка 18, 3 млн км²
Антарктида 14 млн км²
Аустралия ж е Мұхит аралдары 9, 0 млн км²
2) Картадан ірі аралдарды көрсет.
3) Архипелаг дегеніміз не?
4) Біздің еліміз қай материкте орналасқан?
4) Архипелаг дегеніміз не?
Аралдар жеке – дара және топ болып кездеседі, аралдар тобын архипелаг деп атайды
5) Біздің еліміз қай материкте орналасқан?
Қазақстан Республикасы Еуразия материгінің орталығында орналасқан
Сәйкестік тест қолдану
Ең ыстық материк ----- Гренландия
Аустралия --------------- Аралдар тобы
Ең үлкен арал ----------- Ауданы жағынан ең кіші материк
Архипелаг --------------- Еуразия
Ең үлкен материк ------- Африка
Су деген тіршіліктің наны емес пе?
Су жоқ жерде өмір жоқ, ол ақиқат,
Күміс су қара жердің сәні емес пе? – деп ақындар жырлағандай бүгінгі сабағымызды суға арнаймыз.
Сабағымыздың мақсаты:
ІІІ. Жаңа сабақ.
Мұхит, өзен, көл, жер асты, батпақ сулары және мұздықтар мен атмосферадағы су булары – жердің су қабығы гидросфераны құрайды (грек сөзінен аударсақ гидро – су)
Судың негізгі қоры 97 % мұхит және теңіз сулары. Олар біріге отырып – Дүниежүзілік мұхитты қалыптастырады. Мұхит және теңіз суларында тұздың көп болуынан су кермек дәм татып, ішуге жарамайды. 1 литр теңіз суының құрамында 35 грамм тұз болады (негізінен ас тұзы мен магний тұзының ерітінділері болады
2. Топтастыру.
Топтастыру арқылы гидросфера құрамы түсіндіріледі.