Оқушылардың етістіктің есімше категориясы жайлы білімдерін кеңейту

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Есімшенің сөйлемдегі қызметі
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылардың етістіктің есімше категориясы жайлы білімдерін кеңейту; сөйлемдегі синтаксистік қызметін меңгерту;
2. Дамытушылық: Есімшенің сөйлемдегі қызметін анықтау барысында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту; қызығушылығын арттыру; белсенділікке икемдеу;
3. Тәрбиелік: Оқушылардың мәтінмен жұмыс жасай отырып, ойын еркін айта білуге, сұраққа жүйелі жауап беруге, мәдениетті сөйлеуге, ана тілін сүйе білуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: топтастыру, тірексызба
Сабақтың түрі: Сын тұрғысынан ойлау
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: тірексызба, плакат, кеспе қағаз.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу
2. Түгелдеу
3. Топқа бөлу.

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау.
188 - жаттығудан есімшелерді тауып, морфологиялық талдау жасағанын тексеру.
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.
1. Етістік деген не?
2. Етістіктің түрлері қандай?
3. Етістіктің шақтары мен райларының ерекшеліктері неде?
4. Шақтардың түрлерінің бір - бірінен ерекшелігі қандай?
5. Етістіктің райлары қандай түрлерден тұрады?

ІҮ. Жаңа сабақты баяндау.
Қызығушылықты ояту.

Ойтолғаныс.
Есімшенің сөйлемдегі қызметіне байланысты тірексөздерді қолданып, бір - бір сөйлем құрату.
(тақтамен жұмыс)

Ү. Жаңа сабақты бекіту.
1. Есімшенің сөйлемдегі қызметі қандай?
2. Мысалдар келтіру.
(ауызша сұрап, жаңа сабақты бекіту)
ҮІ. Жаттығулар орындау.
1. І топқа 191 - жаттығу
ІІ топқа 192 - жаттығу
ІІІ топқа 194 - жаттығу

2. Оқулықтағы тыс шығармашылық тапсырмалар.
І топ.
1 тапсырма. Көп нүктенің орнына есімшенің жұрнағын қойыңдар.
Отанын сүй..... отқа жанбайды,
Суға батпайды.
Егілме айырыл.... ер – жетім.
Ынтымақ жүр.... жерде
Ырыс бірге жүреді.
Еменнің майыс...... ы – сын.... ы
Жолдасын таста..... жолда қал.....
ІІ топ.
Төмендегі етістіктерді есімшеге айналдырып, оларды түрлендіріп, есімшені сын есімнің, зат есімнің қызметін атқаратындай етіп сөйлем құра.
Сөйле..... сайра..... өс.....
Ұял...... ізде....... өспе.....
Ту....... еңбектен бол.....

ІІІ топ. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, мәтінді толықтыр.
Ұйтқып ұшқан қар.... көзінен ол қораны жасырып барады. Қорлық, мазақ.... Ғазизаның көзінен дүниенің барлық қызығы кетті. Міне, менің Жақыбым... екі ай болды. Мен сорлы балам..... көрген қорлығымды айтайын.
Тірексөздер: өлгеннен бері, жүрген сайын, көрген, өлгеніне.

ҮІІ. Оқушыларды бағалау.
Үйге: 196 - жаттығу. Мақалалардан есімшелерді тауып, олардың сұрақтарын айтыңдар.


Скачать


zharar.kz