Айымжан орта мектебінің физика пәні мұғалімі Хабаева Г. С. Механикалық жұмысМақсаты:Білімділік: механикалық жұмыс ұғымымен таныстыру, оның қасиеттерін жан - жақты аша отырып, мазмұнды есептер шығаруға пайдалана алу іскерлігін жетілдіру

Скачать

Айымжан орта мектебінің физика пәні мұғалімі Хабаева Г. С.

Механикалық жұмыс
Мақсаты:
Білімділік: механикалық жұмыс ұғымымен таныстыру, оның қасиеттерін жан - жақты аша отырып, мазмұнды есептер шығаруға пайдалана алу іскерлігін жетілдіру.
Дамытушылық: алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана алу дағдысын қалыптастыру, өз жетістіктерін сезініп, әлсіз жақтарына сын көзбен қарауға үйрету.
Тәрбиелік: еңбекке баулу, өз ойын ортаға сала алатын батылдыққа, ұжымшылдыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Міндеті:
Жұмыс жайлы өздерінің бұрыннан білетін түсініктерін тереңдету, оны басқа да физикалық ұғымдармен байланыстыра отырып, есептер шығару, әр түрлі жаттығу жұмыстарын орындау.
Оқыту технологиясы: сын тұрғысынан ойлауды дамыту.
Оқытудың формалары: бірлескен ұжымдық іс - әрекет.
Оқу әдістері: ұғымдарды, ережелерді қорыту, талдау, жинақтау, өзін - өзі бақылау, өзін - өзі бағалау.
Сабақтың типі: жаңа сабақ.
Пәнаралық байланыс: математика, тарих, әдебиет пәндерімен байланыстыра оқыту.
Сабақтың жабдығы, көрнекіліктер: компьютер, мензурка, термометр, динамометр, таразы, формулалар, физикалық шамалар, сурет, есептер жазылған кеспелер, слайд, кітапша, интерактивті тақта, сөзжұмбақ, кесте.

Әр адамға бақыт пен бедел ақылмен, ізденіспен, адал еңбекпен келеді.
Адамды адам еткен – еңбек.
Тамағы тоқтық,
жұмысы жоқтық
аздырар адам баласын.
Абай

Денені бір орыннан екінші орынға апаруда күштің істеген жұмысы механикалық жұмыс деп аталады.
А = F∙S
Жұмыс = күш × жол яғни
A – жұмыс ( Дж )
F – күш ( Н )
S – жүрілген жол ( м )
Жұмыс күштің және жүрілген жолдың көбейтіндісіне тең деп айта аламыз.
Жұмыстың бірлігі XIX ғасырда өмір сүрген ағылшын ғалымы Д. Джоульдің құрметіне Джоуль деп аталады.

Жұмыстың Джоульден үлкен де,
кіші де бірліктері бар.
1 килоджоуль(1кДж)=1000 Дж=10 ³Дж
1 миллиджоуль(1мДж)=0, 001 Дж=10 ⁻³Дж
1 микроджоуль(1мкДж)=0, 000001 Дж=10 ⁻⁶Дж

Есте сақта!
1. Егер күш бар болып, орын ауыстыру жоқ болса, онда жұмыс та болмайды.

2. Егер денеге күш әсер етпесе, бірақ дене инерциясымен қозғалатын болса, мұндай жағдайда да жұмыс істелді деп есептелмейді.

Оқу - инемен құдық қазғандай
Жұмыс өмірді ұзартады,
Жалқаулық – қысқартады.

Слайдын жүктеу


Скачать


zharar.kz