Салалас сөйлемге мысал келтіріңіздер

Скачать

Тақырыбы: Талғаулы салалас
Қазақ тілі 8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Талғаулы салалас
Сабақтың мақсаты
Білімділік: оқушылардың салалас құрмалас сөйлем және оның түрлері туралы білімдерін нығайту, талғаулы салалас құрмалас сөйлемдердің жасалу
жолдарын ұғындыру, өзге салалас сөйлемдерден ажырата білуге дағдыландыру. Білім - білік дағдыны қалыптастыру.
Дамытушылық: шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру, талдау жасау, жазу және оқу арқылы сын тұрғысынан ойлануын дамыту.
Тәрбиелік: адамгершілікке, мейірімділікке, елжандылыққа, тілін сыйлай білуге баулу. Бірлесіп жұмыс жасауға, бір - бірінің ой - пікірін тыңдай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі Топ бойынша жарыс сабағы
Сабақтың типі Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдіс - тәсілдері Миға шабуыл, Кім жылдам? әдісі, түсіндіру, флипчартты пайдаланып, постер қорғау, талдау жұмыстары, оқулықпен жұмыс, топпен жұмыс, сын тұрғысынан ойлау
Сабақтың көрнекіліктері Оқушылардың салған суреттері, оқулық, презентация, сызбалар, қосымша тапсырмалар, флипчарт, Венн диаграммасы, топ тапсырмаларына арналған плакаттар мен түрлі түсті бояулар, бағалау парағы
Оқыту нәтижелері 1. Оқушылар салалас құрмалас сөйлемдер туралы білімдерін нығайта түседі.
2. Салалас құрмалас сөйлемдерді бір - бірінен ажырата біледі.
3. Талғаулы салалас құрмалас сөйлемді түсініп, тәжірибеде қолдана алады.
4. Сөйлем талдау қабілеттері шыңдала түседі.
5. Топ бойынша жұмыс істеуге дағдыланады.
Негізгі (түйіні) идеялар Талғаулы салалас туралы түсінік қалыптасады

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа білімді түсіндіру
ІV. Жаңа білімді меңгерту
V. Сабақты бекіту
VІ. Сабақты қорытындылау.
VІІ. Үйге тапсырма
VІІІ. Бағалау.

І. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасу, тексеру, оқу құралдарын тексеру;
- Сергіту сәтін ұйымдастыру
(Жаттығу жұмысына негізделген би билету).

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Топқа бөлу (6 жемістің атын таңдатып, 4 топқа бөлу. Алма, алмұрт, шие, шабдалы, анар, жүзім)
- Үй тапсырмасын сұрау.
- Миға шабуыл (өткен тақырыптар бойынша мультимедия арқылы әр топқа сұрақтар қою).
І топ:
1. Құрмалас сөйлемдер дегеніміз не?
2. Салалас құрмаласқа мысал келтіріңіздер.
3. Ыңғайлас салалас дегеніміз не?
4. Қарсылықты салаласқа мысал келтіріңіздер.
ІІ топ:
1. Құрмалас сөйлем нешеге бөлінеді?
2. Салалас құрмаластың жай сөйлемдері қалай байланысады?
3. Себеп - салдар салаласты қалай түсінесіздер?
4. Ыңғайлас салаласқа мысал келтіріңіздер.
ІІІ топ:
1. Құрмалас сөйлемдер бір - бірімен қалай байланысады?
2. Салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?
3. Қарсылықты салалас дегеніміз не?
4. Себеп - салдар салаласқа мысал келтіріңіздер.
ІV топ:
1. Құрмалас сөйлем дегеніміз не?
2. Салалас сөйлемге мысал келтіріңіздер.
3. Түсіндірмелі салалас дегеніміз не?
4. Қарсылықты салаласқа 2 мақал - мәтел айтыңыздар.

ІІІ. Жаңа білімді түсіндіру
1. Қызығушылықты ояту. Ой шақыру.
- Талғау деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
- Мағынасын түсіндіргеннен кейін тірек сөздер арқылы жаңа сабақты бастаймын.
2. Презентация арқылы сабақтың тақырыбы, мақсаты көрсетіледі.
3. Талғаулы салалас құрмалас сөйлем жөнінде түсінік беру.

Атырау облыстық
дарынды балаларға арналған ұлттық гимназия
Пән мұғалімі: Умбеталиева С. Н.

Талғаулы салалас. жүктеу


Скачать


zharar.kz