Сабақтың тақырыбы: Мәтін.
Сабақтың білімділігі: Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту.
Сабақтың дамытушылығы: Мәтін туралы берілген түсінікті кеңейту. Мәтіндегі азат жолдың рөлін байқату. Мәтінге сөйлем қосып толықтыру, берілген тақырып бойынша мәтін құрастыру.
Сабақтың тәрбиелілігі: Ұйымшылдыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, көрнекілік, талдау, жинақтау, ой қозғау, мағынасын ашу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ (Ана тілі, қазақ тілі, дүниетану)
Принциптері: біртұтастық, жүйелілік, ғылымилық
Көрнекілігі: слайдтар, сюжетті суреттер, үлестірме қағаздар, интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
І. Бағдарлау – мотивациялық кезең
а) сәлемдесу
ә) Оқушы қызығушылығын ояту.
Мұғалім -------------------- Балалар (хормен)
Әрбір адам? -------------- Туысым, досым, жұрағат.
Әрбір сабақ? ------------- Үйрену, ұғу, ұлағат.
Әрбір ісің? --------------- Тірлік, тірек, адамдық.
Әрбір сөзің? -------------- Шындық, бірлік, адалдық.
- Олай болса, балалар бүгінгі сабағымызды бастаймыз, әрбір ісімізге мұқият болайық.
ІІ. Өткен сабақ бойынша істелетін жұмыс
1. Кіріспе
Оқушылар, біз қыркүйек айынан бастап оқыған Дыбыс пен әріп тарауын бітірдік. Олай болса мен қазір сұрақтар арқылы сендердің осы тақырыпты қалай меңгергендеріңді тексеріп көрейін.
2. Сұрақ - жауап
- Дыбыс пен әріптің айырмашылығы қандай?
- Қазақ тілінде қанша дыбыс, қанша әріп бар?
- Орыс тілінен енген сөздерде қандай әріптер болады? (ф, в, ч, щ, э, я, ю)
3. Ой қозғау. (3 топқа парақша тарату) – 5 слайд, 3 тапсырма
І. Топ – дыбыс түрлері.
ІІ. Топ – дауысты дыбыстар.
ІІІ. Топ - Дауыссыз дыбыстар.
4. Тапсырма
Дыбыстық талдау (3 топқа)
І. Топ: Фонтан
ІІ. Топ: Вокзал
ІІІ. Топ: Футбол
Әр сөзге ауызша сөйлем құр.
5. Қорытынды.(Мұғалімнің сөзі)
- Сөз неден құралады?
- Сөйлем неден құралады? (бірнеше сөзден)
ІІІ. Операциялық – орындаушылық кезең
6 - тапсырма
- Мен сіздерге бос келгенім жоқ. Өзіммен бірге Әлиханның хатын ала келдім. Енді соны тыңдайық.
Үнтаспа ( Әлиханның дауысы)
Әлиханның анасы – мұғалима. Ол да Әлихан тәрізді оқиды, жазады. Әрине, Әлихан үй тапсырмасын күндіз орындап қояды. Ал анасы жазу үстеліне кешкісін отырады.
Әлихан түнде оянып кетті. Қарсы бөлменің шамы жанып тұр. Қараса анасы дәптерлерді тексеріп отыр. Сірә, шаршаған. Көзі кіртиіп кетіпті. Маңдайын уқалап қояды.
Ту - у демалыс тезірек келсе екен, анам демалар еді , деп ойлады Әлихан.
- Балалар хат та мәтінге жатады.
7 - тапсырма
- Не оқыдық? (мәтін)
- Мәтін екенін қайдан білдіңдер? (Сөйлемдер бір - бірімен мағыналық жағынан байланысып тұр.)
- Мәтін дегеніміз не? (Өзара мағыналық байланысты айтылатын екі не одан да көп сөйлем құралып, автордың ой - пікірі.)
- Мәтін бөліктері қалай жазылады? (Бөлек)
- Оқыған мәтін неше бөліктен тұрады? (3 бөліктен)
- Бұл мәтінге қандай ат қоюға болады? (Анасының еңбегі)
- Мәтіндегі сөйлемдердің орнын ауыстыруға бола ма? (Жоқ)
- Бұл мәтіндегі автордың айтатыны не? (Автор: анаға деген аяныш сезім туады)
8 - тапсырма.
Дәптермен жұмыс.
Көркем жазу минуты.
Л л (Қандай дыбыс?)
Лашын – жыртқыш құс.
9 - тапсырма.
Мәтінді оқы. Лашын - жыртқыш құс. Оның арқасы көк - сұр. Ал алқымы ақ сұрлау болып келеді. Көзі дөп - дөңгелек, қап - қара. Қанаты ұзын және сүйір.
Тапсырма: Мәтін не туралы. Оған ат қой. Мәтінді көшіріп жаз. Бұл әңгімелеу мәтіні ме, әлде сипаттау мәтіні ме?
- Мәтіннің қай түріне жатады? Бұл сипаттау мәтіні. Ол қандай? - деген сұраққа жауап береді. Дұрыс балалар, мәтінде лашынның түр - түсі денесінің көлемі сипатталған. Сонымен бұл шығарма мәтін деген қорытындыға келдік.
10 - тапсырма.
Естеріңде болсын! Мәтіннің құрамындағы сөйлемдердің өз орны болады. Бір бірімен байланысқан сөйлемдер ғана мәтін құрайды.
11 - тапсырма. Суреттерге қара
Суреттер: Ердос, алмалар, орындық, компьютер.
Суреттегі заттарды ауызша сипаттап бер де сөйлем құра.
12 - тапсырма. Сергіту сәті.
Гүл өсірсең терлеп (қимылмен көрсету.)
Мұның аты (еңбек)
Кесте тіксең зерлеп,
Мұның аты (еңбек)
Қиындықтың бәрін,
Еңбек қана жеңбек.
- Сонымен суреттегі Ердос қандай бала деп ойлайсыңдар? (еңбекқор....)
13 - тапсырма. Мәтінді оқы.
Ердос.
Ердостың атасы - шопан. Қыстың суық бір күні атасының қызу көтеріліп, жатып қалды. Шашқан шөпті лезде тауысқан қойлар маңырай бастады. Атысының тынышы кетті. Сәлден соң ауырғанына қарамай, киініп сыртқа шықты. Қорада мал да, ерттеулі ат та жоқ. Қарт алысқа көз салды. Малды өріске айдап бара жатқан немересін көрді. Ол Ердос еді.
(Ж. Кәрменов)
Бұл мәтінді өз ойыңмен жалғастыр. (Атасы Ердостың ісіне риза болды.)
14 - тапсырма. Сұрақтарға ауызша жауап бер.
- Ердостың атасы кім?
- Қойлар неге маңырайды?
- Ердос атасын қалай көмектеседі?
- Адамдар ғана емес, жәндіктер де еңбекқор болады. Қай жәндік Ердос сияқты еңбекқор? (Құмырсқа)
15 - тапсырма.
Жұмбақты шеш.
Ине бел, қылқа мойын, қара батыр,
Қара тауды арқалап бара жатыр.
Бұл не?
Оқушылар құмырсқа деген сөзге ассоциация құрады.
16 - тапсырма.
Ассоциацияны толықтыру.
Құмырсқа туралы шағын түсінік. Еңбек етуді құмырсқадан үйрену керек. Өйткені құмырсқа еңбекқор жәндік. Ол өз салмағынан он есе ауыр жүкті оп - оңай сүйретеді. Біреуінің әлі келмесе, қалғандары көмектеседі.
IV. Рефлексиялық – бағалау кезеңі.
1. Бес жолды өлең (мәтін)
2. біз бүгін қазақ тілі сабағында екінші сыныпта мәтін жайлы алған мағлұматтарға сүйене отырып, ұғымдарымызды кеңейте түстік. Бұл сабақта шығармашылықпен жұмыс істедіңдер. Бұл жұмыстарды келесі сабақтарда жалғастырамыз. Сабаққа белсен қатысқан барлық оқушыларға рахмет!
V. Бағалау
VI. Үй жұмысы