Кәсіпорындар мен тұрғындарды несиелеу банк қызметінің дәстүрлі түріне жатады. Сол себептен банкті несиелендіру кәсіпорыны деп атайды. Банк активінің біршама бөлігі бұрынғы кездегідей несиелік операцияларға орналастырылған. Қазақстанның екінші деңгейдегі банктерінің орналастырылған қаражаттары 2003 жылы әрбір банктеріне әр түрлі несиеге шамамен 72% келеді. Сондықтан табыстың 85%-ы ұсынылған қарыздарды төлеу түрінде алынған. Банктер бір мезгілде ресурс алғандықтан, өздері де қарыз алады. Коммерциялық банктердің шығындар құрылымын 80%-ға жуық салымдар мен депозиттер бойынша несиенің паиыз төлеу шығындары құрайды.
Қарыз алушыларға ұсынылған банктік қарыздарды көп түрлі белгілері бойынша жіктеуге болады.
1. Кредиторлар бойынша:
- орталықтандырылған, бюджеттік, банктік, банктік емес қаржылық ұйымдар, коммерциялық , сыртқы;
2. Қарыз алушылар бойынша:
- қаржылық институттарға, үкіметке (Қаржы министірлігі), бюджеттен тыс қорларға, банктерге, банктік емес қаржылық ұйымдарға несиелер;
- экономиканың салалары бойынша барлық меншік түрлері, ауыл шаруашылығына, өнеркәсіпке, саудаға және т.б
- жеке кәсіпкерлер (заңды тұлға емес қызметті іске асыру);
3. Банктік несиені қолдану (пайдалану) мерзіміне байланысты мынадай түрлерін ажыратуға болады:
- қысқа мерзімді;
- ұзақ мерзімді;
4. Қолдану сипаты мен бағыты бойынша: негізгі қорларға несиелер, айналым капиталына несиелер;
5. Қамтамасыз ету түрлері және қолда болу бойынша:
- қамтамасыз етілген: тұрақсыз, кепілмен, тапсырыспен, кепіл затымен;
- сақтандырылған;
- қамтамасыз етілмеген: бланкті (сенімді).
6. Ұсынылған валюта бойынша: шетел валютасымен, тенгемен.
7. Ұсынылған шарт бойынша: авальді, акцепті, акцепті-рамбурсты, аукционды, валюталық, ипотекалық несиелер, консарцилды, дебетті сальдоны жабу несиесі (овердрафт), лизингті, ломбартты, жеңілдікті, онкальді тұтыну несиесі, револьверлі, резервті, маусымдық несие, факторинг, форфейтинг.
8. Несиелеудің объектісі бойынша: меншікті айналым құралдарының жетіспеушілігін толықтыру; материалды қорлардың жиынтығы; экспортты және импортты тауарларды әкелу және ішкі экономикалық іс-әрекеттің шығындары, жеке еңбекпен айналысатын азаматтар тұтынған шикізат, материалдар, құралдар және басқа да мүліктер, ломбарттың кепілді-несиелік операциялары, теторлардың табыстары мен шығыстарының арасындағы маусымдық үзілістер; күрделі салымдарды қаржыландыруға; еңбекақы төлеуге; тиімділігі жоғары және қайтымы тез шараларды несиелеу.
Қысқа мерзімді несие – пайдалану мерзімі бір жылдан аспайтын несиелер. Олар тауарлы-материалды құндылықтарға, төлемдердің ағымдағы қажеттіліктерімен шығындарына беріледі.
Ұзақ мерзімді несиеге мерзімі бір жылдан аспайтын несиелер жатады. Берілген несиелер қаржылы активтерді, айналым құралын, негізгі қорлардың қалыптасуы үшін қажеттілігіне қызмет көрсетеді.
Қазіргі кезде осы уақатқа дейін қолданылып келген, кәсіпорындардың, ұйымдардың халықты несиелеу жүйесі енді неғұрлым оңтайлы жүйе болып табылады. Клиент банкке бекітілмейді, өзі қйзметін пайдаланғысы келетін несиелік ұйымды өзі таңдайды. Клиент несиелік шотты тек бір банкте емес, бірнеше банктерде ашуға болады.
Қалыптасқан несиеліе механизм коммерциялық сипатта. Осыған байланысты сауда, экономика мәтіндеріне ерекше көңіл бөлуде. Тек несиелеу, кәсіпорындардың уақытша аұша ресурстарында деген қажеттілігін қанағаттандыру, сондай-ақ несие мекемесінің өтімділігіне негіз беретін артықшылықтар маңызды болып табылады. Бжұл клиенттердің депозиттері мен несиелеріне және де банк аралық несиеге де қатысты. Бірқатар коммерциялық банктер аталған несиені сатып алып қана қоймайды, сонымен бірге оны басқа банктерге сатады. Коммерциялық банктің жұмысына талдау жүргізу оның ақша қаражатын мобилизациялау мүмкіндігі тек жартылай ғана қолданатынын көрсетеді. Сонымен бірге ресурстарды сату фактісін және несиелеу жүйесіндегі жалпы « сауда » акцептін сөзсіз оң құбылыс ретінде сипаттауға болады.
Қазіргі несиелеу жүйесіндегі ерекшеліктер ресурстарға тәуелділігіне ғана емес, сондай-ақ ҚРҰБ белгілеген пруденциялық нормативтерге байланысты. Қазіргі пруденциялық нормативтер тартуға мүмкін қаражаттардың шекті көлемін, ең аз резерв мөлшерін, несие беруінің шекті сомасын, оны ұсыну мерзімін, коммерциялық банк балансының өтімділігіне байланысты несие механизімін жасауды реттейді. Қазіргі несиелеу жүйесінің маңызды белгісі оның шартты негізі болып табылады. Несиелеу бойынша туындайтын сұрақтардың барлығын банк пен қарыз алушы өзара келісіп шешеді. Шартқа сәйкес әрбір жақ белгілі бір міндеттемелерді мойнына алады, шарт жағдайларын сақтауға бақылау жасау үшін белгілі құжаттарға ие болады. Айта кететін жайт, несие шарттары бұрын да жасалған, бірақ олардың экономикалық мәні әлсіз болады. Тек коммерциялық ынта пайда болған кезде, банк пен кәсіпорын арасындағы шарттың бұзылуы сезілген кезде ғана несиелік шарт қарыз берушінің де, қарыз алушының да жауапкершілігін арттыратын күш болып табылады.
Қалыптасқан несие жүйесінің маңызды белгілері – оның несиелеу объектісінен несиелеу субъектісіне өтуі болып табылады. Бұрын қолданылған несиелеу жүйесі несиелеу объектісіне тиімді болған. Тауарлы-материалдық құндылық қорларының, өндірістік шығындардың болуы клиентке несие алуға мүмкіндік береді; несиені қайтару мүмкіншілігі арнайы талданбады, клиент үшін ең басты деп автоматты түрде несиені қайтаруға кепіл беретін жоспар есептелді. Сонымен бірге тауарлы – материалдық құндылықтардың қорын жабатын меншікті қаражат деңгейі ескерілмеді.
Жаңа несиелеу жүйесі дәстүрлі жалпы және ерекше қағидаларға негізделінеді, оның ішінде мерзімділігі және қамтамасыз етушілігі, несиенің төлем сипаты ескеріледі. Оның бірқатар құрамдары өзгеріске ұшырады. Өзгерістер негізінен несиенің саралану қағидасына енгізілді. Осыдан бірнеше жылдар бұрын несиелеуге саралау режимі қолданылатын жақсы және жаман жұмыс істейтін кәсіпорындар категориясы болғаны бәрімізге мәлім.
Кәсіпорынды бағалау негізіне олардың жоспарлы көрсеткіштерінің орындалуы алынған. Қазіргі уақытта қалыптасқан жүйеде несиені уақытында қайтармау тәуекелдігін төмендететін клиенттің несие қабілеттілігі ескеріледі. Ең алғаш рет қарыз алушының төлем қабілетсіздігі анықталған кезде, коммерциялық банк несиелеуші банктің қатысуымен белгіленген әкімшілікке жедел басқаруға беруге, оларды қайта құру және жабу мәселелерін қарастыруға құқықтары пайда болды.
Өзгертулер несиені қамтамасыз ету қағидасына да әсет етті. Тәжірибе бұндай материалдық қамтамасыздық несиені уақытында қайтаруға кепілдік етпейтінін көрсетті. Кәсіпорында несиелеу жүйесінің жаңа белгілері ретінде жоғары деңгейде банк несиесін қайтаруды кепілдендіретін форма түріне өту қарастырылады. Несиені қайтаруды қамтамасыз ету тұрғысынан әлемдік тәжірибеде кепілдеме құқығы (ипотека, бағалы қағаздар кепілдігі, кепілге салу), кепілдік беру және кепілдеме, жалпы алғанда сақтандыру жүйесі сенімді кепіл құқы болып табылады. Аталған формаларды іске қосатын несие механизімі банкке өзінің тәуелсіздігін күшейтуге мүмкіндік бере отырып, несиелік тәуекелді төмендетуге қол жеткізеді. Кәсіпорындарға. Ұйымдарға және халыққа қаржы несиелік қызмет көрсететін ұйымдар шаруашылық құрылымдарын дамытуда маңызды рол атқарады.
Қаржы-несиелік механизімінің қызмет ету тиімділігі уақытында әртүрлі шаруашылық бірліктерінен ақша алу ғана емес, сондай-ақ жалпы елдің экономикалық өсу қарқынына әсер етеді. Несие жүйесінің қызмет ету механизмі оның ұйымдық құрылымдарының, несиелік операцияларды жүзеге асыратын ұйымдық-құқықтық формаларда, несиелеу әдісі мен формаларының өзгеру әсеріне байланысты әрқашан ауысып отырады. Пайда алу көзқарасы тұрғысынан коммерциялық банктер қызметінің негізгі түрі несие ұсыну болып табылады. Қаражатын әр түрлі несиелік операцияларға орналастыра отырып, банк басшысы бір мезгілде клиенттердің қажеттілігін қанағаттандырады әрі өздері де табыс алу көзі деп санайды. Несиелік шарттың өтімділік деңгейінің маңызы бар. Мысалы, банк кейбір жағдайларда ғана басқа институттар мен жеке тұлғаларға несиені қайта бере алады, себебі ақша талаптарының аталған түрінде екінші реттегі нарық жоқ, бұған тұрғын үй кепілдікке салу түріндегі несие ғана жатпайды.
Сонымен қатар банк басшысы «несиелік қоржын» ішінде ақша қаражатын бөлуді қарастыру керек, демек бөліп-бөліп төлеу, сауда-өнеркәсіп компаниялары, жылжымайтын мүліктер сияқты несие түрлеріне бөлу. Ондай бөлудің негізі ретінде салыстырмалы несие табысы, әртүрлі шектеулері бар несиелерге сұраныс қарастырылады. Банк қаражаттары әртүрлі кативтер түрінде орналастыру әр түрлі заңдар мен реттеуші актілерге байланысты.
«Қаражаттардың жалпы қоры» әдісіне орналастырылуына коммерциялық банк басшысы жауап беретін қаражат әр түрлі көздерден түседі, оның ішінде талап еткенге дейін салымдар, жинақтық, мерзімдік салымдар және банктің меншікті капиталы жатады. Бұл әдіс негізіне банктердің ресурстарды біріктіруі алынған. Одан кейін жинақ қаражаты сәйкес деп саналатын активтер түрінің арасында бөлінеді. Қаражатты орналастыру құрылымын анықтаудағы бірінші мәселе, алғашқы резерв ретінде қарастырылатын үлестерін белгілеу.Көп жағдайда алғашқы резерв ролінде «басқа банктердің қарыздары және қолда бар ақшалары» бабына кіретін активтер қарастырылады. Оған басқа коммерциялық банктің корреспонденттік шоттарындағы ақша және де инкассолау үрдісіндегі басқа да құжаттар кіреді. Қаражаттарды орналастырудағы екінші мәселе, белгілі бір табыс алып келетін «кассалық емес» өтімді активтерді құру мәселесі. Бұл резервтері жоғары өтімді табысты активтер, олар өзкезегінде жоғалту тәуекелдері төмен және ең аз пайызды ұстай отырып қолма-қол ақшаға айнала алады.
Қаражаттардың жалпы қоры әдісі бойынша қаражаттарды орналастырудың үшінші кезеңі-несие қоржыны портфелін құру. Банк бірінші және екінші реттегі резервтер мөлшерін белгілегеннен кейін, ол өз клиенттеріне несие ұсына алады. Бұл банктің табыс әкелетін қызметінің ерекше түрі. Несие банктік активтердің ең маңызды бөлігі, ал несиелер бойынша табыс банктік пайданың ең ірі құрушысы. Несиелік операциялар банктің өте тәуекелді қызметі.
Жалпы банктік несиелік операциялар екі үлкен топқа бөлінеді; активті – банк қарыз беруші ретінде шыққанда; пассивті – төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық жағдайында банкке клиенттерден және басқа банктерден ақша қаражатын тарта отырып, банк қарыз алушы ретінде шығады. Несиелік операцияларды жүзеге асырудың екі негізгі нысаны ажыратылады: несие және депозит. Тиісінше банктің активті және пассивті несиелік операциялары несиелік нысан ретінде де, депозиттік нысан ретінде де жүргізіледі.
Активті несиелік операциялар – біріншіден, клиенттер мен несиелік операцияларды және банкаралық несиені ұсыну операциясынан; екіншіден – басқа банктерде орналасқан депозиттерден тұрады. Пассивтің несиелік операциялары үшінші тұлғаның және жеке тұлғалардың депозиттерінен және банктің банкаралық несие алу несиелік операцияларынан тұрады. Аталған сипаттамалардан несиелік және қарыз беру операцияларының, несие мен қарыз арасындағы ерекшелікті көруге болады. Несие – банктің қаражатын ұйымдастыру көзі және оларды салудың әртүрлі нысандарын ұсынатын, несиелік қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлі нысандарын қарастыратын кең мағынадағы түсінік. Қарыз болса – нәтижесінде қарыз шотын ашуға болатын, несиелік қатынастарды ұйымдастырудың бір ғана нысаны. Сонымен бірге, несиелік қатынастар тек банктік несие шеңберінде ғана ұйымдастырылып қоймайды, сондай-ақ кәсіпорын кредитор және қарыз алушы болатын коммерциялық несиелеу ретінде де ұйымдастырылады. Ал олардың арасындағы несиелік қатынас вексельмен рәсімделеді. Бұдан әрі коммерциялық несие, банкке вексельді қоя отырып, банктік несиеге айналуы мүмкін. Тікелей банктік несиелеу, яғни кәсіпорынның несиелік қатынасы басында банкпен арақатынасынан басталады, сонымен бірге жанама банктік несиелеу, яғни алдымен кәсіпорындар арасында несиелік қатынас пайда болады, нәтижесінде олпр банкке жедел түрде вексель бойынша ақша алу әдісін іздестіру үшін жүгінеді.
Несиелік мәмілені рәсімдеу қарыз алушының өтініші бойынша жасалады және оған қарыз алушы мен кредитор арасында несиелік шарт жасасу туралы қарыз алушының анкетасы қосылады. Несиелік келісім шартта міндетті түрде келесі жағдайлар анықталуы тиіс:
- несиенің мақсаты;
- берілетін несиенің жалпы сомасы;
- несиенің валютасы;
- несиені өтеу мерзімі;
- несиені өтеу әдісі;
- қамтамасыз ету;
- сиақы мөлшерлемесінің көлемі.
Әрбір берілген несие бойынша клиент ұсынған құжат мерзімді міндеттемелерден бесқа несиелік құжаттамаға тігіледі. Күнделікті жауапты орындаушы карточканы қарап отырып, өтеу мерзімі келген міндеттемелерді алады. Несиені бөліп өтеу төлемі келген мерзімді міндеттеменің екінші жағында сәйкес белгі қойылады. Сол жерде қарыз алушы ұсынған кепілдіктер жазылады. Банктік несие бойынша несиелік құжаттамаға кез-келген несиені ұсынуда талап етілетін негізгі құжаттардың болуы жеткілікті.
1.1. Коммерциялық банктегі несиелердің түрлері.
Банктік несиені қолдану мерзіміне байланысты мынадай түрлеріне ажыратуға болады:
- қысқа мерзімді ;
- ұзақ мерзімді ;
Қысқа мерзімді несие – пайдалану мерзімі бір жылдан аспайтын несиелер. Олар тауарлы-материалды құндылықтарға, төлемдердің ағымдағы қажеттіліктері мен шығындарына беріледі.
Ұзақ мерзімді несиеге мерзімі 1 жылдан асатын несиелер жатады. Берілген несиелер қаржылық активтерді, айналым құралын, негізгі қорлардың қалыптасуы үшін қажеттілігіне қызмет көрсетеді.
Банк мекемелері несиелерінің есебі. Банк несиесі есебі қысқа және ұзақ мерзімді несие беру туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мекемесі бекітетің «Қыска және ұзақ мерзімді несие беру ережелеріне» сай жүргізіледі. Қысқа мерзімді несие ұйымының айналым қаржысын құрайтын көздердің бірі болып саналады.
Несиелер қайтарымдылық, төлем және мерзімділік шарттары бойынша келісіп, коммерциялық негізде беріледі.
Несие алу үшін кәсіпорындар банк мекемесі басшысының атына өтініш береді. Бұл өтінішке қосымша өзіне қажетті несие сомасы мөлшерін, оның жұмсалатын мақсаты мен бағытын, өтелу яғни қайтару мерзімін, сонымен қатар осы несие сомасы арқылы орындалатын операциялар үшін жасалған бизнес-жоспар және тағы да басқадай құжаттар табыс етуі тиіс.
Кәсіпорындар мен ұйымдар банктен бірінші рет несие алуы барысында жоғарыда аталған құжаттармен қоса банкке өздерінің жарғысын, құрылтайлық құжаттарының көшірмесін тіркелу куәліктерін және тағы да басқа құжаттарды табыс етуі керек.
Қысқа меззімді банк несиелері 1 жылдан аспайтын уақытқа беріледі, яғни 12 айдан артық емес уақытқа. Кейбір жағдайларда түрлі себептерге байланысты бұндай несиелердің мерзімі ұзартылуы мүмкін. Бірақ ұзартылған мерзімін қоса есептегенде оның мерзімі екі жылдан аспауы керек.
Банк несиесі кәсіпорының, яғни несие алушының ееп айырысу шоттарындағы қаражаттарының мөлшеріне қарамай-ақ беріледі және қолма-қол емес тәртіппен несие алушының қарыз шотынан оның есеп айрысу шотына ақша аудару арқылы жүргізіледі. Несиелік борышты өтеу тәртібі, нақты мерзімі, әдістері несиелік келісімшартта қарастырылады. Егер несие алушы келісімшартта белгіленіп көрсетілген мерзімінде несиелік борышын өтей алмайтын болса, банк мекемесі алдын ала несие алушының рұқсатынсыз кепілдік берушінің шотынан қарыз сомасын қайтару жайлы талап қояды.
Кәсіпорын банк мекемесінің несие алған уақытында:
Д-т: «Ақшалар» немесе «Жабдықтаушы мердігерлермен есеп айрысу» және тағы да басқа шоттар.
К-т: «Банк мекемесінің қарызы» шоты түрінде бухгалтерлік жазуы жазылады.
Ал бұл алынған несие қайтарылған уақытта:
Д-т: «Банк мекемесінің қарызы» шоты.
К-т: «Ақшалар» шоты түрінде бухгалтерлік жазуы жазылады.
Осы аталған несие үшін есептелген пайыз сомасына:
Д-т: «Сыйақы түріндегі шығын» шоты;
К-т: «Төленетін сыйақы» шоты түрінде бухгартерлік жазуы жазылады.
Кәсіпорын бұл міндеттемені төлеген уақытында:
Д-т: «Төленетін сыйақы» шоты;
К-т: « Ақшалар» шоты түрінде бухгалтерлік жазыуы жазылады.
1.2. Қысқа мерзімді несиелендіру операцияларын ұйымдастыру.
Екінші деңгейлі банктердің қызметтерінің бірі болып мерзімділік, төлемділік, қайтымдылық, қамтамасыз ету және мақсатты пайдалану принциптері негізінде қарыз ұсыну болып табылады. Қарызшыға несие бұрын берілген несие бойынша мерзімі өткен берешегі болмаған жағдайда несиелік ресурстардың бос қалдығы есебінен беріледі.
N 170 шот жоспарына сәйкес, әр қарызшыға салалық белгі бойынша әрбір несие түріне сәйкес, жеке қарыз шоты ашылады. Сондықтан осы мәліметтер аналитикалық есептің материалдары болып табылады.
Несиенің қайтарылу мерзімін анықтау үшін банкте 9921 – «Қысқа мерзімді несие бойынша міндеттеме» - деген шотта несиені толық өшіру үшін шұғыл міндеттемелер ұсынылады. Несиені қайтарудың кепілі болып залог табылады, яғни тауар немесе ипотекалық келісім бойынша банкке берілетін мүлік 9920 – «Банкпен алынған кепілдік, залогтар» - шотында есепке алынады. Міндеті түрде мерзімді, мерзімінен өткен және шектелген қарызды анықтау керек.
Несиелік келісім шартта көрсетілген мерзім ішінде өтілген қысқа мерзімді қарыздар 1411 – «Қысқа мерзімді несие» шотында есептелінеді.
Мерзімі өткен қарыз, қарызшының қарыз қайтару мерзімі жеткенде және несиені қайтару үшін қаржысы болмаса пайда болады.
620 (1424) – «Клиенттердің қысқа мерзімді несие бойынша мерзімі өткен қарызы» осы шотта негізгі несие бойынша белгіленген мерзімнен 90 күнге кешіктірілген қарыздар есептелінеді және мерзімі біткенде шектелген болып табылады. Ол 624 (1427) – «Шектелген қарыз» - деген шотында есептелінеді, бұл шотта тағы да 90 күнге есепке қойылады.
Егер несие алу үшін қажетті құжаттарды қарастыру мерзімімен нақты несие ұсыну мерзімі сәйкес келмесе, мына шоттар ашылады:
6125 – «Ұсынылған несиелер мен депозиттер бойынша ұсынылған болашақ талаптар».
6625 – «Болашақта депозиттер мен қарыздарды ұсыну бойынша шарты міндеттемелер». Қабылданған кепілдердің есебі үшін келесі шоттар ашылған:
6075 – «Қабылданған кепілдер бойынша мүмкін талаптар».
6575 – «Қабылданған кепілдер бойынша талаптардың азаю мүмкіндіктері».
Шұғыл міндеттеме, банктің қарызды өшіру үшін қаржыны іздестіретін құқын куәландыратын, құжат ретінде 9959 (7339) – «Әр түрлі құндылықтар мен құжаттар» деген шотында есептелінеді.
Несие ұсыну туралы барлық іс құжаттар несиелік басқармада қалады, ал операциялық бөлімге өтініштің бір данасы беріледі, өтініштің артқы бетінде берілген несиенің бағыты, несиенің шифрі көрсетіледі, шұғыл міндеттемемен бірге бекітім құжаты ұсынылады. Мұнда насие және сыйақы сомасы есептесіп, қарыз сомасына залог қабылданғаны туралы міндеттеме көрсетіледі.
Операциялық бөлім бухгалтері несие ұсыну туралы банк бастығының рұқсатын және несие сомасымен шұғыл міндеттеме сомасының сәйкестігін тексеруі керек.
Несие ұсыну кезінде:
Дт – қарыз шоты
Кт – ағымды шот есеп айырысу чек кітапшалары, корреспонденттік шот.
Шығын 9959
Кіріс 9920, 9921 (Залог, шұғыл міндеттеме).
Жаңа шот жоспары бойынша:
Дт – 1411
Кт - 2203, 1051, 1350, 2221
Шығын 7339
Кіріс 7339
Дт – 6075
Кт – 6575
Егер өтініш алған кезде құжаттар 6125 – 6625 шотында есептелсе, онда осы шоттар жабылады:
Дт – 6625
Кт – 6125
Қарызшы төлем тапсырысы бойынша ағымды шотындағы бос ресурстар есебінен несиені мерзімінен бұрын жартылай немесе толық қайтара алады, жартылай өшірген кезде:
Дт – 2203
Кт – 1411
Шығын 9921, 9920 (7339)
Қарызшы міндеттеме бойынша несие мерзімі жеткенде, қарызды толық өшіру үшін есеп-айыру шотында қаржының жеткіліктілігін қамтамасыз етуі керек. Егер несиені өшіру мерзімі жеткенде қарызшының шотында қаржы жетіспесе, онда қарызшы шотындағы қалдық сомасына несие жартылай өшіріледі, ал өшірілмеген бөлігі мерзімі өткен қарыз шотына ауыстырылады.
Дт – 2203 бос қалдық сомасына
Дт – 620 (1424) өшірілмеген бөлігіне
Кт – қарыз шоты 1411 толық сомаға.
Жартылай өшіру кезінде мемориалдық ордер жазылады және артқы бетінде жартылай өшірілгендігі туралы белгі қойылады.
Ұлттық банктің талаптарына сәйкес несие бойынша мерзімі өткен қарыз пайда болған кезде банктер шығын есебінен болашақта өшірілмеген қарызды жабуға қор құруы тиіс:
Дт – 970 (5455)
Кт – 024 (1469).
024 (1469) – «Резервтер» (банктің қызметі бойынша шығындарды жабуға арналған провизиялар).
970 (5455) – «Клиенттерге ұсынылған несиелер бойынша арнайы резервтерге ассигнования».
Ағымды шотқа қаржы түскен жағдайға және мерзімі өткен қарызды толық өшіру кезінде, мемориалдық ордер ретінде шұғыл міндеттеме қабылданады.
Дт – 2203
Кт – 620 (1424)
Шығын 9920, 9921 (7339).
Егер 90 күн ішінде мерзімі өткен қарыз өшірілмесе немесе мерзімі ұзартылған несие бойынша қарызшының қаржылық жағдайы нашар деп саналса, несие шектелген берешекке ауыстырылады және 624-ші шотта есептелінеді:
Дт – 624 (1427)
Кт – 620 (1424).
Егер 90 күн ішінде шектелген берешек өшірілмесе, онда сенімсіз несиені өшіру провизия есебінен болады:
Дт – 024 (1469)
Кт – 624 (1427).
Кіріс 9971 (7130) «Зиянға есептелген қарыздар».
Баланстан тыс шотта қарыздар 5 жыл ішінде есептелінеді және бұл уақытта несие бойынша сый-ақы есептелінбейді. Кгер көрсетілген мерзімде қарызшыдан қарыз қайтарылып алынса, онда қаржы провизия қорына жіберіледі:
Дт – ағымды шот (2203)
Кт – 024 (1469)
Шығын 9971 (7130).
Жылжымайтын мүлік залогы есебінен тұтыну мақсатына несие ұсыну және өшіру операцияларының есебі.
Қысқа мерзімді несиенің есебі үшін активті 716 – (1411) шоттар ашылған.
1411 – «Азаматтарға тұтыну мақсатында берілетін несие».
718 – (1424) «Азаматтардың тұтыну несиесі бойынша мерзімі өткен қарыз».
Несие несиелік келісім шарт жасалған соң, қарызшы меншігіндегі мүлікті залогқа ала отырып, нақты ақшамен беріледі. Несие мерзімі бойынша анықталады, білақ 6 айдан артық емес уақытқа.
Егер мерзімі біткенде, қарыз толық өшірілсе, онда берешекке шұғыл міндеттеме толтырылмайды, өйткені несиенің уақытылы қайтаруын бақылауды несиелік басқарма жүзеге асырады. Несиені мүлік залогы есебінен ұсыну кезінде:
Дт – 716 (1411)
Кт – 031 (1001)
Кіріс 9920, 9921 (7339)
Кіріс (6075, 6125, 6625).
Несиені қолдану бойынша жоспарлы сыйақыны аудару 945 – 1740 «Қосылған, бірақ іздестірілмеген сыйақылар» шотынан жүргізіледі:
Дт – 945
Кт – 960
Несиені өшіру ай сайын, сондай ақ мерзімі жеткенде, нақты ақша түрінде аманат шоты есебінен, жалақыдан аударылатын болса, корреспонденттік шот арқылы түседі.
Қарызды толық өшіру кезінде:
Дт – 031, 711, 759, 164, 885 (1001, 2211, 1350, 2223)
Кт – 716 (1411)
Шығын 9920, 9921
Қарызды өшірумен бірге несиені пайдаланғаны үшін сыйақы ұсталынады:
Дт – 1001, 2221, 2223, 1051, 1350
Кт – 1740
Егер несие мерзімі біткенде қарызшыдан қаржы түспесе, онда олар мерзісі өткен қарызға жіберіледі және осы шотта көп дегенде бір ай есептелінеді:
Дт – 718
Кт – 716
Егер залогты сатып өткізуден түскен түсім банк пайдасына кіретін төлем сомасынан артық болса, онда айырма клиенттің талап ету аманаты бойынша ағымды шотта есептелінеді немесе аманатшы келген кезде ақшамен беріледі:
Дт – корреспонденттік шот 2011
Кт – 711, 031
Қысқа мерзімді банкаралық несиелерді ұсыну және қайтару бойынша операциялар бойынша есебі.
Ұлттық банктің ережесіне сәйкес, екінші деңгейлі банктер өзінің бос ресурстарын есеп айыру клиринг палатасына сатып өткізуге бере алады. Клиринг палатасы делдал ретінде сатушы және сатып алушы банктерден белгілі бір төлем алады. Бұл шығындарды банктер 970 (5601) – аудару операциялары бойынша басқа банктер қызметінен болған комисионды шығындар:
Дт – 970 (5601)
Кт – 161 (1051)
Ұлттық Банкте комисиондық шығындарды сыртқы корреспонденттік шоттан өшіріп, клиринг палатасының есеп айыру шотынан аударады:
Дт – 161
Кт – 2203
Егер бос ресурстарды сатып өткізуге келісім жасалса онда банк келесі күннен кешіктірмей өзінің корреспонденттік шотынан, сатып алушы банктің шотына аударуы тиіс. Банкаралық несие есебі үшін келесі шоттар ашылған:
1252 – Басқа банктерге орналастырылған қысқа мерзімді банкаралық несиелермен депозиттер мерзімі бір айдан кем емес.
1253 – Басқа банктерге орналастырылған қысқа мерзімді банкаралық несиелер мен депозиттер мерзімі бір жылдан кем емес.
647 – Ұсынылған қысқа мерзімді банкаралық несиелер.
Ұлттық Банк төменгі сыйақы көлемімен, белгілі мақсаттарға қатаң бағыттағы орталықтандырылған несиелік ресурстарды сатушы бола алады.
Филиалдарда бас банктен алынған несиелік ресурстар жеке журналда есептелінеді, келісім шартта көрсетілген мерзімде алынған несиелік ресурстармен сыйақыларды қоса сатушы банкке қайтарады. Қайтару кезінде сатып алу кезіндегі өткізбелерге кері өткізбе құрылады.
Егер банк несиені мерзімінде өшірмесе, онда 658 – «Басқа банктерден алынған депозитпен несиелер бойынша банктің мерзімі ұзартылған берешектері» шотына қойылады
Дт – 658 (2058)
Кт – 648 (2123, 2124).