Тақырыбы: Сөйлем (презентация сабақ)
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың сөйлем туралы, оның айтылуына, құрамына қарай түрлері, тыныс белгілері туралы білімін қалыптастыру, меңгерту.
Дамытушылығы: Жаңа мағынаны танып білу арқылы ойларын ашық айтып жеткізе білуге үйрету, топта жұмыс істеуге, шығармашылыққа баулу, сауатты жазу қабілеттерін дамыту
Тәрбиелілігі: Алған білімдерін сабақ барысында пайдалана отырып,, ұқыптылыққа, еңбекқорлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу
Көрнекілігі: Сызба, сөзжұмбақ, ребус, проектор, экран, тақта.
Пәнаралық байланыс: Ана тілі
Әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, топтастыру, көрнекілік, бес жолды өлең, РАФТ жұмысы
Типі: Жаңа сабақ түсіндіру
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі
Сабақты жақсы көңіл күймен бастап, жақсы ойлар тілейік.
ІІ Ой қозғау
Өткен сабақта сөйлем туралы айттық, енді соны еске түсірейік
1. Сөйлемнің 5 белгісін айтайық
2. Сөйлемнің айтылуына қарай түрлерін мына смайликтерді таңдау арқылы айтып, мысал келтірейік.
ІІІ Мағынаны таныту
1) Сызба бойынша жалаң, жайылма сөйлемдердің қандай сөйлем мүшесінен тұратынын түсіндіріп, 2) оқушылардың өздеріне мысал келтірту. Мысалы: Күз келді. Аспанды бұлт қаптады.
3) Оқулықпен жұмыс: 7, 8 - жаттығулар орындалады.
4) Топтық жұмыс 1 - топ Сөзжұмбақ шешу.
2 - топ Адасқан сөздерге көмектесу:
- Күз, келді, алтын
- Жерге, сары, түсті, жапырақтар.
Құйылды, піскен, астық, қамбаға.
3 - топ Берілген ребусты шешіп, сол сөзге дыбыстық талдау жасау.
Сергіту Сөйлем тақырыбына
1 - қатар 5жолды өлең, 2 - қатар РАФТ жазу
Ой - толғаныс
1. Оқулықтағы 10 - жаттығу ауызша талданады, мұндағы мезгіл пысықтауыш туралы жалпы айтып, оза оқуға көңіл бөлу.
2. 11 - жаттығу үйге беріледі.
3. 12 - жаттығудағы қарамен жазылған сөздерден мынадай мақал құрайды: Білім - кітапта, алтын - жерде.
Білімді болу үшін де, алтынды жерден алу үшін де еңбек ету керек.
Біздің қазіргі еңбегіміз оқу. Сондықтан сөйлем туралы білімімізді
тиянақтайық.
- Сөйлем аяқталған ойды білдіреді.
- Хабарлы, сұраулы, лепті болады.
- Нүкте, сұрау белгісі, леп белгісі қойылады.
- Сөйлемді бас әріппен бастап жазамыз.
Сөйлемнің жалаң, жайылма түрлері бар.
Бағалау
Үйге тапсырма: 11 - жаттығу, сөйлемді, дыбыстарды қайталау
Қорытынды