Тәрбие сағаты.
Сабақтың тақырыбы: “ Кітап - тілсіз ұстаз”.
Мақсаты: Оқушыларға білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру.
Зейінін шоғырландыру, шығармашылық қабілетін, ой - өрісін дамыту.
Оқулықты құрметтей білуге, ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілік: тақтадағы суреттер
Сабақтың барысы: 1. Мұғалімнің кіріспе сөзі
2. Журналистер дайындаған жаңалықтармен танысу
Жұмбақ шешу.
Көп әңгімем өлеңім,
Күнде ақыл беремін.
Жақсы көрсе мені кім,
Мен де оны жақсы көремін. ( Кітап).
- Балалар, Кітап!... Осы бір бес - ақ әріптен тұратын сөзде қанша мән бар, мағына бар! Кітап - шебер ұстаз, тілсіз мұғалім, оқушы өміріндегі ата - ана мен мұғалімнен кейінгі орынға ие құрал. Оны адал дос, асыл қазынасы мол қамба десе де болады. Ендеше, кітаптың біздің өмірімізде алар орны ерекше екенін түсінейік .
- Ал, сол үшін тілшілерімізге сөз берейік.
1 - тілші: - Армысыздар ағайын! (Нұрислам, Назерке)
2 - тілші: - Бармысыздар, бауырлар! Эфирде Айна ақпараттық бағдарламасы.
1 - тілші: - Бүгінгі күннің басты жаңалықтарымен таныс болыңыздар!
2 - тілші: Не білеміз? айдарымен Марат тілшіміздің сұхбаты.
1 - тілші: Белгілі 4 б сынып оқушысы - Төлеген Арманның қазақ тілі кітабы науқастанып қалыпты.
2 - тілші: Кітапты қадірлейік! айдарымен Ерхан тілшіміздің сұрақтарына
4 б сынып оқушылары жауап береді.
1 - тілші:- Әр түрлі жаңалықтар айдарымен Динара тілшіміздің сұхбаты
2 - тілші: Тілшімізбен сұхбат
Марат тілші:- Сәлеметсіздер ме, көрермендер!
- Сонымен, Кітап – араб сөзі, жазба , ал түрікше дәптер деген мағынаны білдіреді. Кітап өмір айнасы, заман сыры, тарих шежіресі, оқу, тәрбие құралы.
Тұңғыш қазақ кітаптары 1800 жылы шығарыла бастаған.
Не білеміз? айдарымен тілшілеріңіз Марат.
1 - тілші: Белгілі 4 б сынып оқушысы - Төлеген Арманның қазақ тілі кітабы қатты науқастанып, жедел жәрдеммен аудандық ауруханаға жеткізілді, оқиғаның қалай болғанын түсіну үшін бейнекөрініске назар аударайық.
Көрініс. Науқас кітап Дәрігер - Дильназ
Арман: - Сәлеметсіз бе, дәрігер!
Дәрігер: - Сәлеметсің бе?
Арман:- Дәрігер, мен сізге кітабымды әкелдім. Ол қатты науқас.
Дәрігер:- Жарайды, алдымен диагнозын анықтап алайық (кітапты алып қарайды)
Арман:- Мен үйде жоқта інім алып, осындай күйге жеткізіпті.
Дәрігер: - Көңіліңді түсірме, емдеп жазамыз! Кітабыңа су тиген, жыртылған.
Кітабыңды түптеймін, жыртылмасын,
Мұқабасын бүктеймін, жыртылмасын,
Таза болсын беттері, кірлемесін!
Көрген адам кітабың кір демесін!
- Мен саған кеңестер жазып беремін, соларды мұқият сақтайтын бол!