Екі оқушыға өлеңді оқыту

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Т. Молдағалиев. Біздің ту.
Сілтеме: Ш. Әуелбаев, Ә. Наурызбаева, Р. Ізғұттынова, А. Құлажанова
Әліппе 1 - сынып оқулығы. Атамұра 2012 жыл
Слайд. Көрнекіліктер.

Сабақ жоспары.
Жалпы мақсаты: Оқушыларға Қазақстанның рәміздері туралы білімдерін кеңейту. Қазақстанның рәміздерін құрметтеуге, қастерлеуге тәрбиелеу. Бір буынды және бір дыбысты буыны бар екі буынды сөздер туралы түсінік беру.

Жүру барысы:
Ұйымдастыру бөлімі.
Психологиялық дайындық.
Ойға толып санамыз,
Бестік болсын бағамыз.
Баласындай бір үйдің
Тату болсын арамыз
Топқа бөлу.
Атырау қаласының суреттерінің қиындыларын құрастыру арқылы топқа бөлу.

Үй тапсырмасы.
Қазақстан картасы әр жолды жатқа айту.
I - топ. Туған жер туралы мақал жатқа айту.
II - топ. Менің туған жерім тақырыбына жазып келген шығармаларын оқу.
III - топ. Туған жер, Отан туралы жаттап келген өлеңдерін оқу.

Ой қозғау.
- Біз қай елде тұрамыз? (Қазақстан)
- Қазақстан қандай ел? (Егеменді, еркін, тәуелсіз)
- Елбасымыз кім? (Н. Ә. Назарбаев)
- Рәміздерге не жатады? (Ту, Елтаңба, Әнұран)

Қызығушылығын ояту.
1. Мемлекеттік рәміздер видео көру.
2. I топтағы оқушының дайындаған слайды. (Слайднеп таныстырып өтеді)
1 - слайд. ҚРМ - тік туының авторы Ш. О. Ниязбеков. Қазақстанға еңбегі сіңген өнер қайраткері. Қазақстан дизайн өнерінің негізін қалаушылардың бірі. 1938 жылы 12 қарашада Тараз қаласында дүниеге келген.

2 - слайд. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы көгілдір түсті.
Тудың көгілдір түсі ашық аспанды еске түсіреді. Ашық аспан бейбітшіліктің, аманшылықтың, белгісі болған.

Күннің нұр шұғылалы алтын бейнесі - байлық пен берекенің, тыныштықтың нышаны.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туындағы дала қыранының бейнесі – қазақстандықтардың еркіндігінің, тәуелсіздігінің, бостандығының, жомарттығы мен қырағылығының нышаны.
Өрнек - белгілі дәуірдің өзіне тән қолтаңбасы, ол халықтың көркемдік талғамының көрсеткіші.
Мағынаны тану
1. Т. Молдағалиев туралы мағлұмат беру
2. Т. Молдағалиев Біздің ту өлеңін үш топқа оқыту
3. Өлең мазмұнын ашу.

Сергіту сәті.
Көк тудың желбірегені әнін хормен орындау
Ережемен таныстыру.
Тасымалдауға болмайтын сөздер:
1) Бір буынды сөздер: от, сүт, қант;
2) Бір дыбысты буыны бар екі буынды сөздер: о - рақ, ө - зен, а - ю, ұ - я, қи - я.
Кітаппен жұмыс
76 - жаттығу. Екі оқушыға өлеңді оқыту.
Сұраққа өз ойларымен жауап беру.
Топтық тапсырма
1 - топ. Бір буынды сөздер.
2 - топ. Бір дыбысты буыны бар екі буынды сөздер.
3 - топ. Тасымалдауға болатын сөздер

Үйге тапсырма.
Өлеңді мәнерлеп оқу.
Елтаңба туралы екінші топ дайындалып келу.
Бағалау.
Әр топтың басшысы өз тобындағы оқушыларды бағалайды.


Скачать


zharar.kz