Жаттығуларды қайталау

Скачать

Ақтөбе облысы,
Шалқар қаласы, №4 орта мектебі ММ-нің
дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі
Сембаева Жанар Тажибайқызы

Сабақтың тақырыбы: Баскетбол элементтері бар қозғалмалы ойындар.
Сабақтың мақсаты: 1) Баскетбол ойынындағы қозғалмалы әдістерді үйрету.
2) Оқушылардың икемділігін, ептілігін жетілдіру.
3) Спортқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақтың өтетін орны: Мектеп спорт кешені.
Керек құрал-жабдықтар: Баскетбол доптары, ысқырық, шығыршық, кедергілер.

Кіріспе бөлім:
Сапқа тұрғызу, рапорт қабылдау, сәлемдесу, түгендеу.
Сабақтың тақырыбы және мақсатын таныстыру.
Саптық жаттығулар: Оңға! Солға! Артқа!
Жүру жаттығулары:
Қолды жоғары тік көтеріп, аяқтың ұшымен жүру, екі қол белде өкшемен жүру, аяқтың ішкі, сыртқы жағымен жүру, жартылай отырып жүру, спорттық жүріс.
Жүгіру: Аяқты артқа бүгіп жүгіру, қайшылап жүгіру, оң (сол) жақ қырымен тіркеле адымдап жүгіру, артпен жүгіру. Жай жүріс, терең тыныс алып, дем шығару.
Жалпы дамыту жаттығулары: Бір қатардан, 3 қатарлы лек тұрғызып әр буындарға жаттығу жасату.

Бастапқы қалып аяқ арасы иық кеңдігінде, мойынға арналған жаттығу, екі қол белде (Б. қ. а. и. к. ) басты оңға 4 сан, солға 4 сан айналдыру.
Б. қ. а. и. к. оң қол жоғары, сол қол төмен, 1-2 санға қолды сермейміз. Сол қол жоғары, оң қол төмен, 1-2 санға қолды сермейміз.
Б. қ. а. и. к. қолдың басы иықта, 1-2 сан алдыға, 3-4 сан артқа айналдыру. Б. қ. а. и. к. қол кеуде алдында шынтақтан бүгулі. 1-2 сан қолды жазбай сермейміз, 3-4 сан жазып сермейміз. Жаттығуларды оңға, солға жасаймыз.
Б. қ. а. и. к. екі қол белде, оңға (солға) 2 сан иілу.
Б. қ. а. и. к. қол белде денені екі рет оңға бұру, екі рет солға бұру.
Б. қ. а. и. к. Екі қол белде, оңға, (солға) 4 сан белді айналдыру.
Б. қ. а. и. к. қол тізеде, аяқты ішке, сыртқа айналдыру.
Б. қ. а. и. к. отырып, тұру.
Бір қатар сапқа тұрғызу.
Жаттығуларды толық жасауын қадағалау.

Негізгі бөлім:
Сапқа тұрғызу.
Оқушыларға баскетбол элементтері бар қозғалмалы
ойын түрлерін түсіндіру, іс-тәжірибе жүзінде көрсету.
Оқушыларды қауіпсіздік ережесімен таныстыру.
Оқушыларға жаттығуды орындату:
- бір орында тұрып оң және сол қолмен допты жерге соғып, ыршытып жаттығу;
- допты бір қолмен жетелеп жүріп, жерге соғып ыршыту;
- екіден қарама-қарсы тұрып, допты екі қолмен кезек жерге соғып, ыршытып, қарсыласына екі қолмен кеуде тұстан лақтыру;
- екі-екіден қатар жүгіріп келе жатып, допты жерге соғып ыршытып, тоқтамай бір-біріне кеуде тұстан лақтырып жаттығу;
Оқушыларды екі топқа бөліп, баскетбол элементтері бар эстафеталық ойын ойнату.
- кедергінің арасынан допты соғып алып өту;
- допты жоғарыдан беру;
- допты төменнен беру;
- жерге қатар сызылған 5-6 шығыршықтың ішіне соғып келе жатқан допты дәл түсіре ыршыту;
- бірден алаңның ортасынан баскетбол қалқанына қарай допты ыршытып келіп, қалқанға жақындағанда тоқтай қалып, допты шығыршыққа екі қолмен лақтырып түсіруге тырысу;
Жаттығуларды дұрыс жасауын қадағалау.

Қорытынды бөлім:
Сапқа тұрғызу.
Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мадақтау, кеткен кемшіліктері мен жіберген қателіктерін айтып ескерту.
Бағалау.
Үй тапсырмасы: Жаттығуларды қайталау.


Скачать


zharar.kz