Екі данышпан
Баяғыда екі данышпан адамдардың қалай өмір сүріп жатқанын білмек болып әлемді аралап жолға шығыпты. Олар шағын бір қалаға келеді, онда күннің аптап ыстығында терлеп - тепшіген, тас тасығаннан қолдары ойылып кеткен, шаршап - қажыған бір топ адамдарды жолықтырды. Олардың не істеп жатқаны бұл екеуін әбден қызықтырды.
- Не істеп жатырсыңдар? – деп әлгілердің біреуінен сұрады.
- Мен тасты жоғарыға қарай тасып жатырмын,- деп жауап берді.
- Ал сен не істеп жатырсың – деп екінші біреуден сұрады.
- Мен бала-шағамның қамын жасап жүрмін, - деп жауап берді.
- Сен не жасап жатсың, - деп үшінші біреуінен сұрады.
- Мен мешіт тұрғызып жатырмын,- деп жауап берді.
Сонда екі данагөй қарапайым ғана шындыққа көз жеткізді, үшеуінің атқарып отырғаны бір кәсіп, алайда біреулері үшін ол ауыр азап болса, біреулері үшін бұл кәсіп қуаныш сыйлайды екен.