Графикалық редактормен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру

Скачать

Сабақтың мақсаты:
а . Білімділігі: Оқушыларды Қарындаш , Қылқалам , Өшiргiш құралдарымен жұмыс істеуге үйрету.
ә . Дамытушылығы: Графикалық редактормен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.
Тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың логикалық - құрылымдық ойлау қабiлетiн дамыту.
б . Тәрбиелігі: Қарындаш , Қылқалам , Өшiргiш құралдарын пайдаланып, графикалық ақпараттарды өңдеуде оқушылардың эстетикалық мәдениеті мен шығармашылық икемдiлiгiн қалыптастыру.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, баяндау, сұрақ - жауап, әңгімелесу, дәптермен
жұмыс.
Көрнекіліктер: Компьютер, интерактивті тақта, үлестірмелі қағаздар
Сабақ жүру барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі
II. Үй жұмысын тексеру
III. Үй тапсырмасын бекіту
ІV. Жаңа сабақ
V. Практикалық бөлім
VI. Қорытындылау
VІI. Үй тапсырмасын беру
VІIІ. Бағалау

II. Үй жұмысын тексеру
1. Paint графикалық редакторы қалай іске қосылады?
Жауабы: Іске қосу – Бағдарламалар – Стандартты – Paint графикалық редакторы
2. Графикалық редактордың мүмкіндіктерін ата:
Жауабы: Бұл бағдарлама әртүрлі суреттерді салуға, түрлендіруге мүмкіндік береді.

III. Үй тапсырмасын бекіту
1. Үйді күзетеді үрмейді?
2. Әдемі қызды не дейміз?
3. Бал жинайтын жәндік?
4. Сурет сырлайтын щетка?
5. Ең үлкен тағам?
6. Балалар теуіп ойнайтын нәрсе?
7. Тауықтың баласын не дейміз?
8. Біз суреттен қате кетсе неме кетіреміз?

ІV. Жаңа сабақ
Бүгін біз дайын суреттері бар файлдарды ашу әрекетiн қайталаймыз. Содан кейiн Қарындаш және Қылқалам құралдарының атқаратын қызметтерiмен танысамыз. Құралдар тышқанды шерту арқылы таңдалады. Қылқалам құралын таңдағанда оның түрлеріне, ал “Өшiргiш” құралын таңдағанда оның көлеміне назар аударыңдар. Ал ендi жұмыс жасап көрелiк! Осы құралдармен жұмыс істеу үшiн, тышқанның сол жақ батырмасын шертулі күйде ұстап, оны жылжыту керек. Өз беттерiңмен жұмыс істеп көріңдер.
Қарындаш , Қылқалам , Өшiргiш құралдарының атқаратын қызметін компьютер мен жұмыс дәптерi арқылы қарастыру. Аталған құралдармен жұмыс жасау технологиясы оқушыларға түсiндiрiледi. “Қылқаламның” түрлері мен “Өшiргiш” құралының түрлерi мен көлемiн өзгерту тәсілдері көрсетiледi.
- ерікті аймақты белгілеу құралы, бұл қисық (дұрыс емес) пішінді үзіндісін таңдау қызметін атқарады.
- белгілеу құралы бұл суреттің тіктөртбұрышты үзіндісін таңдау қызметін атқарады.
- өшіргіш құралы, бұл суреттің белгілі бір бөліктерін өшіруге арналған құрал.
- құю (заливка) құралы, бұл кескіннің немесе тұйық контурдың ішін кескін немесе фон түсімен бояйды.
- түс таңдау, бұл кескіннің немесе фон түсін суреттің кез – келген нүктесінің түсіне өзгертеді.
- масштаб құралы, бұл суреттің жеке үзінділерін үлкейтуге мүмкіндік береді.
- карандаш құралы, бұл кез – келген сызықты әртүрлі жуандықта сызуға арналған.
- қылқалам құралы, бұл ерікті сызықтарды салуға арналған. Оның қажетті түрін таңдап алуға болады.
- бүріккіш құралы, бұл эффектісіне жетуге мүмкіндік береді.
- жазу құралы, бұл сурет ішіне мәтін орналастырады.
- сызық құралы, бұл түзу сызық салуға арналған.
- қисық құралы, бұл тегістелген сызықтар салуға мүмкіндік береді.
- тіктөртбұрыш құралы, бұл тіктөртбұрыш салуға арналған.
- көпбұрыш құралы, ерікті пішінді тұйық көпбұрыштар салады.
- эллипс құралы, бұл шеңбер немесе эллипс салуға болады.
- бұрыштары дөңгеленген тіктөртбұрыш немесе квадрат салуға арналған

1. Арунаға жіп шумақтарын тарқатуға көмектес. Әр шумақты түрлі бояулармен боя.
2. Әлімге нені токқа қосқанын есіне түсіруге көмектес.
Сергіту сәті

V. Практикалық бөлім
3 тапсырма. Paint графикалық редакторының құралдарын пайдаланып, үйшіктің суретін салыңыз.

VI. Қорытындылау
Жұмбақтардың шешуін тап, суретін сал
Жаңбыр жауса нөсерлеп,
Әрі - сәрі болмаймын.
Алып жүрсең қолыңа,
Су болудан қорғаймын (Қолшатыр)
Қақаған қыста,
Өседі тыста.
Өзгертпей өңін,
Сақтауға ұста. (Шырша)
Күндіз кірер інге ,
Жұрт қалады білмей.
Шығады тек түнде,
Болам дейді күндей. (Ай)

Көктем сайын жайқалып,
Жаңбыр суын ішемін.
Күз болғанда сарғайып,
Қурап - қурап түсемін

VІI. Үй тапсырмасын беру
Құралдардың атқаратын қызметін жаттау. Еңбек құралдары мен ыдыстарды екі топқа бөліп жинақтаңыз. Дәптерге суретін салу
VІI. Бағалау


Скачать


zharar.kz