Бабалар сөзі - ақылдың көзі1 - оқушыҚұрметті қонақтар

Скачать

Тақырыбы: Бабалар сөзі – ақылдың көзі
1 - оқушы
Құрметті қонақтар! Мектебіміздің 2 - қабатындағы Бабалар залына қош келдіңіздер!
(музыка Қобыз үні)
2 - оқушы
Қобыздың үні қазақ даласын күңірентіп бабалар арманынан сыр шерткендей. Осы тұрған ақын - жырау жазушыларымыздың рухты еңбектері, батырларымыздың елі үшін, жері үшін қару алып, жауға қарсы намысын қайраған еді.
3 - оқушы
Егемендігіміздің іргесін қалап, шайқалмас шаңырағын көтерген, ата - баба үмітін ақтау – біздің басты мақсатымыз.
4 - оқушы
Бүгінгі күннің бақыты – баһадүр бабаларымыздың жан жүрегінің жалауы етіп ұстанған басты мақсаттарының жүзеге асқаны.
5 - оқушы
Бабалар залының төрінен орын алған болашаққа нық сеніммен атты кітап Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерекесіне арналған.
6 - оқушы
Бұл кітаптың маңыздылығы еліміздің 20 жылдық тарихындағы жеткен жетістіктері мен табыстарын дәріптейтін оқиғалар паш етілді.
7 - оқушы
Елбасының абыз өмірден аңыз өмірге аттаған бастамасын қолдауда мектебіміздің де қол жеткізген жетістіктері де ауыз толтырып айтарлықтай.
8 - оқушы
Кешегі күнсіз келешек жоқ. Бүгінгі жас ұрпақты сонау замандардан жинақталған ата - бабаларымыздың мол мұрасымен сусындату біздің міндетіміз. Ұлдың батыр, қыздың әдепті болып қалыптасуы, бабалар мұрасына байланысты. Демек, бабаларымыздың өнеге өсиетін пайдалана отырып тәрбиелеу ұлттық тұлғаны қалыптастырады.
9 - оқушы
Қазақ даналарының ұрпақтарына қалдырған өсиет сөздері бізге, халқымызға рух қосып, бірлігімізді жарастырып отыр.
10 - оқушы
Бабалар салған дана жол, әркімге болар сара жол,- демекші ата - баба рухы, өскелең ұрпақ рухы.
11 - оқушы
Көп жасаған қария
Ақылы теңіз - дария.
Көп өнеге сөзі бар
Сөзі – соқпақ, өзі нәр.
12 - оқушы
Ата салты – ардақты,
Әрбір сөзі – салмақты.
Сол сөздерді ұқпасаң
Тістерсің бір күн бармақты.
13 - оқушы
Баба өсиетін ұлықтау,
Бәрімізге тиісті іс
Бабалардың мирасын
Ұмытпауға тиіспіз
14 - оқушы
Өтсе де уақыт зымырап,
Тарихты қалай ұмытпақ.
Бабалардың мұрасын
Еске алап жүр жас ұрпақ.
15 - оқушы
Бабалар сөзі - кешегі өткен қариялардан, ғұлама ойшылдар мен шешен - билерден, ақын - жыраулар мен сал - серілерден мұра, мирас болып қалған ұлы тәрбие құралы.
16 - оқушы
Мың жылда бір - ақ көрінетін кометалардай сыры да, сезімі де терең, тұңғиық дана тұлғаларымыз фәни өмірден баз кешіп, бақилық болып жатыр. Әйтсе де, Баубек пен Бауыржан батырлығы, Әлия мен Мәншүк ерлігі, Қаныш пен Әлкей білімі, Мұхтар мен Ғабит, Ғабидендердің үні, Дінмұхаммедтің парасаты – бүгінгі ұрпаққа өнеге. Олардың даналық болжамы, ғибрат аларлық сөздері мен пайымдаулары бүгінде халықпен қайта қауышып, жүрегімізден орын алуда.
17 - оқушы
Біздің ата - бабаларымыздан бізге жеткен көптеген ұлағатты, ғибрат аларлықтай тамаша тәлім - тәрбие берерліктей өсиет сөздер бар.
18 - оқушы
Тілім бар да, қазағым бар, халқым бар,
Дәстүрім бар, ата жолы салтым бар.
Кең даладай жиналмаған шалғайы,
Аңқау ашық мінезім бар аңқылдақ
19 - оқушы
Жерінде – бабасының, елінде – атасының,
Көңілінде – әжесінің, қолында - анасының,
Жолында – ағасының, төсінде – даласының,
Тапқан өз жарасымын,
Хормен: Мен – қазақ баласымын.
1 – Аталар сөзімен өсіп өнген,
2 – Бабалар бұлағынан нәр алған,
1 – Даналар өсиетінен тәрбие алған,
2 – Ұлылар тәрбиесіне тағзым еткен
Хормен – Ұрпағымыз халықтың ғибрат еткен.


Скачать


zharar.kz