Сабақтың тақырыбы: Үшбұрыштарды қайталау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Үшбұрыштардың қасиеттерін, түрлерін және аудандарын есептеу формулаларын білдіру, оларды есептер шығарғанда қолдана білуге үйрету.
Тәрбиелік: Сызбаларды дәл, анық салғызу арқылы ұқыптылыққа және еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Іскерлігін, логикалық ойлауын, ерік - жігерін, тапқырлық пен тиянақтылық қасиетін арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту.
Сабақтың түрі: Қорытындылау сабағында Н. Оразақынованың сатылай комплексті талдау (СКТ) технологиясының элементтерін енгізу.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап.
Көрнекілік: плакаттар: Үшбұрыштың түрлері , Үшбұрыштың элементтері , формулалар, кестелер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру:
а) сыныппен сәлемдесу
ә) сыныпты түгендеу
б) үй тапсырмасын қайталау, тексеру
в) тақтаға сызылған СКТ кестесі бойынша жұмыс